Жоғарғы оку орнына арналған оку кұралы. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚму бак, жэне баспа орталығы, 2007. 121 б


Аскабактар тұкымдасы - Cucurbitaceae



бет15/26
Дата01.04.2020
өлшемі3,3 Mb.
#61310
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Өсімдіктер систематикасы кітап


Аскабактар тұкымдасы - Cucurbitaceae
Дүние жүзінде 90 туыс 1000-ға жуык түрі тіркелген. Біржылдык. екіжылдык жэне көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Аскабактар тұкымдасы ылғалды жэне коңыржай тропикада (Азия. Африка, Америкада) өседі. Сабақтары жатаған, көтеріңкі өрмелегіш, шырмалгыш. Жапырактары саусак салалы, кезектесіп орналаскан. Гүлдері актиноморфты, 5-бөлікті: тостаған жапыракшалары - 5, күлтежапыракшалары - 5, аталығы 5 (тозанкаптары бірігіп өскен), аналығы біреу, түйіні төмен орналаскан. Жемісі - шырынды жидек тэрізді (аскабак, кияр, карбыз).
Қияр - Cucuniis. Біржылдык шөптесін өсімдік, сабағы жатаған. жапырактары бес бөлікті. Гүлдері даражынысты, сары түсті. Жемісі - шырынды жидек тэрізді. Жемісін жасыл куйінде тағамга пайдаланады. Отаны - Үндістан.
Қауын - Меіо. Біржылдык шөптесін өсімдік, сабағы жатаған. Жемісінің кұрамында 14 %-ға дейін сахароза болады. Отаны - Азия.
Қарбыз - Citrulus. Біржылдык шөптесін өсімдік. Отаны - Калахари шөлі. Етті-шырынды жемісінде 84-94 % су. 6-11% кант болады.
Аскабак - Cucurbita. Отаны - Орталык Америка. Жемісі ірі (салмағы 160 кг-ға дейін барады), жеуге жарамды. Бауыр және бүйрек ауруларын емдеуде колданылады.
Каперстар (кеуелдер) қатары - Capparales
Каперстар - Саррагасеае катарына 4 тұкымдас жатады, ал Батыс казакстанда борлы тауларда Capparis herbacea өте сирек кездеседі.
Шаршыгүлділер түкымдасы - Brassicaceae, Cruciferae
Ірі түқымдас 380 туысы, шамамен 3200 түрі белгілі. Батыс Қазакстанда 49 туыс, 104 түр кездеседі. Шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар. Жер щарының барлық бөліктерінде, әсіресе коныржай және салкын климатты аймақтарда таралған. Жерорта тенізінде, Азияда кездесетін бұл тукымдастын өкілдерінің көпшілігі эфемерлер - ерте гүлдейтіндер.
Жапырактары қарапайым, түтас немесе терең тілімделген. кезектесіп орналаскан, жапырақ серіктері болмайды, көбіне сабак түбінде шоктанып орналасады. Гүлсерігіндегі жапыракшалардың орналасуына байланысты Шаршыгүлділер деп аталған. Гүлдері актиноморфты (ак. алкызыл, сары түсті). кос жынысты, 4-мүшелі шашакгүл немесе сыпырткыгүл гүлшоғыры на жинақталған. Тостаған жапыракшалары - 4, күлтежапыракшалары - 4. бір-


67

біріне карама-қарсы шаршылай орналасқан. Аталығы - 6 (олардын екеуі қыска), жатыны екі ұялы. жоғары орналаскан. Жемісі - бүршаккап немесе
бұршаккын. Брассикация деп аталуы ең маңызды өкілі орамжапырак - капустаға байланысты. Шаршыгүлділер арасында көптеген пайдалы түрлер бар (көкөністер, майлы дакылдар. азыктык, сәндік, техникалык дакылдар).
Орамжапырак - Brassica Ірі туыс, 50 түрі бар, жабайы түрлері де кездеседі (Жерорта теңізінде). Практикалык маңызы зор.
Бакша ормажапырағы - Brassica oleraceae. Бұл ежелгі дакыл. Отаны - Жерорта тенізі. Аккауданды орамжапырак сиякты өсіріледі. Түздалған орамжапырактың шырыны бас ауруын басады. Қүрамында Р жэне т.б. дэрумендер бар. Бүл екіжылдык өсімдік. Бірінші жылы каудан - кыскарған сабак пайда болады, ал сабактың бойында бір-біріне тығыз жанаскан көптеген жапырактар орналасады. Ал екінші жылы кауданды отырғызады, одан өз кезегінде сабак, гүл, жеміс пайда болады.
Қызылқауданды орамжапырак. Салат жасау үшін қолданылады. Түрлі-түсті орамжапырақ. Бұл толык дамымаған түр, гүлдері ак түсті

гүлшоғырына жинакталган (тығыз, ірі шоқпарбасты).


Кольраби орамжапырағы. Жерүсті, шомырға ұксас кызыл сабағы болады.
Жаңа, пісірілген күйінде тагамға пайдаланады.
Брюссель орамжапырагы. Сабағы биік, ал оның бойында, жапырак колтығында үсақ ( мөлшері алмадай) бүршіктер дамиды
Жапыракты орамжапырак. Азыктык түр.
Шомыр - Brassica. Бұл екіжылдык өсімдік, сары түсті тамыржемісі бар. Тамыр жемісін жас, пісірілген күйінде тағамға пайдаланады. Шомырдын біржылдык іріктемесі (турнепс) - қүнды азықтық түр болып табылады.
Ақ қыша (горчица) - Sinapis alba. Құнды майлы өсімдік. Тұкымының қүрамында 48% май болады. Нан пісіру жэне тамак өнеркәсібінде қыша майы кең колданыска ие. Күнжарадан (жмых) кұрғак қыша алады, мүны ас дәмдегіш және қыша кағаз жасауда колданылады.
Шалқан - Rhafanus. Біржылдык арамшөп (жабайы түрі), сонымен катар мэдени дакыл ретінде де маңызды. Көкөніс ретінде колданылады.
Акжелкек - Armoraceae. Көпжылдык шөптесін өсімдік, биіктігі 1,5 м-ге дейін, тамыры жуан, етті, ащы. Түздау және маринадтау үшін дэмдегіш ретінде колданылады. Жабайы жэне мэдени түрлері де бар.
БҚО-да Шаршыгүлділер түқымдасына жататын эфемерлерден (вегетация дәуірі кыска жылма -жылғы тіршілік циклі тұкым түзумен аякталатын біржылдык өсімдіктер) шөл жауылша, шөңге бас, нәзік сарботка, София сарысалма, тасшыгүлдер тіркелген.
Кәдімгі беде кышы - Barbarea vulgaris. Екіжылдык өсімдік, гүлдері сары тусті. Жемісті өте көп береді, бір өсімдіктен 10 мың тұкым таралады. Біздін облысымызда өте сирек кездеседі.
Жүмыршақ - Capsella bursa pastoris. Бұл біржылдық, екіжылдык шөптесін өсімдік. Бойы аласа, гүлдері ак түсті, кең қолданыска ие. Жемісі - бұршаккын малшының сөмкесіне үксас болады. Жемісі жэне түқымы өте көп ,

68


бір өсімдіктен 70 мың тұкым таралады. Жапырактарын тагам ретінде пайдалануға болады.

Егістік кянатжеміс - Thlaspi arvense. Біржылдык, ак гулді өсімдік.
дөңгелек бұршаккын жемістерінін канаты болады.
Камелина - арыш - Camelina. Біржылдык, бұршаккыны апмұртка уксас өсімдік (зығыр өсімдігін закымдағыш).
Батыс Қазакстан облысында кездесетін өсімдіктер: дескурения - шытырмак . Сәндік өсімдіктерден левкой мен ымыртгүл («түнгі шегіргүл, ночная фиалка») таралған. Боягыш өсімдіктер де бар, мысалы, вайда - Isatis. Эфемерлерден жауылша мен крупка бар. Сирек кездесетін өсімдіктерден: жуан тамырлы раммотофил, татар катыраны, Мейер шытырмағы олар Қазакстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солтүстік Каспий маңында сирек кездесетін түрлері: Crambe aspera, Matthiola fragrans.

Түтікшегүлділер катары - Tubiflorales
Осы катарға 20-30 тұкымдастар кіреді. Гүлдері алуантүрлі, түтікше тэрізді.
күлтесі актиноморфты, аталығы 4-5, сирек - 2, аналығы ценокарпты.
Шытыр түкымдасы - Boraginaceae
Шытыр түкымдасының 100 туысы, 2500 мыңға жуык түрі белгілі. Шөптесін өсімдіктер, тропиктерде бүта жэне ағаштектес формалары да кездеседі. Қатты түктермен түктену бұл түкымдаска тэн белгі болып табылады. Гүлдері актиноморфты, зигоморфтылары сирек кездеседі. Тостаған жапырақшалары -5, күлтежапыракшалары - 5, аталыгы -5, аналығы- біреу. екі жемісжапыракшасынан турады. Түйіні жоғары орналаскан. Гү'лшоғыры - бүйра гүл. Жапырактары жай, кезектесіп орналаскан, жапырак серіктері жок. Жемісі - бөлшекті, төртбөлікті жаңғак.
Кейбір түрлерінің (ботакез, балшытыр) тозаңданғаннан кейін гүлдері түсін өзгертеді.( Гүлдері тозаңдануға дейін алкызыл болса, тозақданғаннан кейін көк түсті).
Ботакөз - Myositis. Шалгындык, орман жиегінің өсімдігі, дала аймағында сирек кездеседі. Әдемі өсімдік, сэндік максатта өсіріледі.

Кәріқыз - липучка - Lappulen. Біржылдык арамшөп, түктенген, түктері қатты. Жемісі- тікенекті ұсак жанғактар.
Ноннея - Nonnea. Қатты түктермен түктенген. көпжылдык шөптесін өсімдік. Гүлдері кою коныр түсті, осыдан атауы (ноннея - монашенка) шыккан.
Балшытыр - медуница - Pulmonaria. Бул ерте гүлдейтін. орман зонасының өсімдігі. Емдік касиеті бар (өкпе ауруларына карсы пайдаланады). Өте жақсы балшырынды өсімдік.
Квкбасгүл - Echium. Көпжылдык шөптесін өсімдік. Гүлдері зигоморфты.


69

Алқалар тұқы мдасы - Solanaceae
Дүние жүзінде алкалар тукымдасының 90 туысы, 2900-ге жуык түрі белгілі. Батыс Қазакстанда 6 түрі, 4 туысы кездеседі. Шөптесін осімдіктер. бұталар, тропикада аласа ағаштектес формалары да өседі. Қоңыржай және тропиктік белдеуде (әсіресе, Оңтүстік Америкада) таралған. Гүлдері актиноморфты, 5- бөлікті, тек меңдуананың гүлдері зигоморфты. Жемісі - корапша (кауашак) немесе жидек . Гүлшоғыры - бұйрагүл. Жапырактары жай, бүтін, кезектесіп, кейбір түрлерінің жапырактары карама-карсы орналаскан. Өсімдіктерінің құрамында алкалоидтар болады.
Ең манызды өкілдері: Картоп - Solanum tuberosum. Азыктык жэне техникалық маңызы зор, мэдени жағдайда кең тараган өсімдік. Гүлдері 5-бөлікті, актиноморфты, ак, ашык-сия, сарғыш-қызғыш реңді, Жемісі шырынды жидек, 2-үялы, өркен үшындағы гүлдерден пайда болады. Жемісінің күрамында алкалоид болады, сондыктан улы. Жер асты бұта-сталондарда түйнек (түрі өзгерген жер асты өркені) жетіледі. Түйнегініц кұрамында 25%-ға дейін крахмал, 78%-ға жуык су болады. Отаны - Чили, Оңтүстік Америка. Бүл аймактарда картоптын жабайы түрлері өседі. Еуропага, Испанияға 1560-1570 жылдары келген, ал Ресейге 1703 жылы Петр 1 әкелген. Картоптан 200 түрлі тағам дайындалады.
Баклажан - Solanum melangina Жемісі- сопақша келген күлгін-көк түсті жидек жеміс. Біржылдык өсімдік, мэдени дакыл (Кавказда, Орталык Азияда, Украинада, Қазакстанда өсіріледі). Отаны - Үндістан.
Бүл туысқа қара алқа - воранежка - Solanum nigrum жатады.
Біржылдык арамшөп, жемісі - жидек жеміс. Тағамға пайдаланады.
Ащы алка - S.dulcamara. Кулгін-көк гүлдері жэне ашык кызыл жидегі бар (қасқыр жидегі) жартылай бүта. Көленке сүйгіш өсімдік (сциофит). Жабайы өседі.
Қызанак - томат - Licopersicom. Біржылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері сары түсті. Жемісі - жидек жеміс, қызыл немесе сары түсті. Іріктемелері өте көп. Жемісінің күрамында С дәрумені болады. Отаны - Онтүстік Америка. Сонымен катар бул туысқа кызыл немесе бұршаққынды бүрыш жатады. Жартылай бута тропикалык Америкада таралған. Біржылдык мэдени дакыл, дәмдегіш өсімдік. Ащы, етті, хош иісті іріктемелері бар.
Итжидек - Atropa - красавка (бешеная вишня). Бұл биік (2 м), көпжылдык шөптесін өсімдік. Қою-кызыл түсті, ірі гүлдері жэне шиеге уксас жемісі болады. Қьірымда, Кавказда арнайы шаруа кожалыктарында кен өсіріледі. Өсімдіктің барлык мүшелерінде улы атропин болады. Медицинада жүрек ауруларына қарсы, көз қарашағын үлкету үшін колданады. Бул өсімдікпен уланғанда кусу, іш өту, терінің кызаруы байкалады («белла» - әйел (дама), «донна» - әдемі (красавица).
Сасық меңдуана - дурман - Datura. Биік біржылдық өсімдік, гүлдері ак түсті, хош иісті. Жемісі -тегеуіріні бар корапша, улы.


  • ендуана - Hyosyamus. Екіжылдық аласа арамшөп. Гүлдері сәл зигоморфты. Жемісі корапша (тегіс). Улы (гиосцианин - алкалоид),


70

коздырғыш. Медицинада тыныштандырғыш ретінде колданылады. Сонымен катар, катты ауруларда, окка атылғанда, кұлап мертіккенде пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет