1. Ноу-хау зияткерлік мешік құқығының объектісі ретіндегі ерекшеліктері
2. Əуесқой суретшi дүкеннен автор Дарыновтың картинасын сатып алады да‚ сатуға дайындап бiрнеше көшiрмесiн жасайды. Суретiн қайта салу үшiн автор сатып алушыға келгенде сатып алушының картинаның реңiн бұрмалап жасаған бiрнеше көшiрмесiн көрiп‚ оларды жоюды талап етедi.
Сатып алушы бұл талапқа келiсiм бермейдi де‚ суреттi дүкеннен сатып алғанын‚ оның меншiк иесi болғандықтан‚ не iстесе де өзi бiлетiнiн айтады. Сондықтан да ол авторға өз суретiн қайта салуға рұқсат бермейдi.
Автор өзiнiң авторлық құқықтарын қорғау үшiн сотқа барады.
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?
- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. - Гражданское право. Часть особенная. Том 2. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
13
10. Халықаралық жеке құқық
1. Коллизиялық нормалар, олардың халықаралық жеке қатынастардағы қолданылуы
2. Боранбаев пен Ахметжанов үйдi сату жөнiнде сату-сатып алу шартын жасасты. Шартты нотариуста куəландырған соң Боранбаев Ахметжановтың үйiнде қоныстанады. Боранбаев өз жанұясының мүшелерiмен сол үйде тұрып жатқанмен, ХҚКО (ЦОН) арқылы үйге меншік құқығын тiркемейдi.
Сауда-саттық келiсiмдi жасаған соң төрт жылдан кейiн Боранбаев қайтыс болады да, ұлының пайдасына үйге мұрагерлiк өсиет қалдырады. Алайда Боранбаевтың тiрiсiнде үйге меншiк құқығына ие бола алмағанын себеп етiп, марқұмның зайыбы өсиеттiң күшi жоқ деп санады.
Осы жағдаймен мазаланған мұрагер, үйдiң əкесiне сатылғанын қажет болғанда растап беруiн сұрап, Ахметжановқа жолығады. Ахметжанов одан дау шығармай, қажетi келгенде растап беруге келiсiмiн бередi.
Боранбаевтың зайыбы мен оның ұлы арасында ақша салымдары мен басқа мүлiктi бөлiсу жөнiнен де келiспеушiлiктер туады. Боранбаеваның ойынша, егер оның күйеуi үйге өсиет қалдырған болса, онда ол баласына тек үйдi ғана мұраға берiп, басқа мүлiктiң ешбiрiн қалдырмағанын бiлдiредi. Баласы болса, үй əкесiнiң басқа мүлкiндегi үлесiнiң үстiне қоса берiлуi тиiс деп санады.
Мұрагерлер арасында пайда болған дау соттың қарауына берiледi.
Сот қандай шешiм шығаруы тиiс?