- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. - Гражданское право. Часть особенная. Том I. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство КазГЮА. 2002.
Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008
- Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. Издание дополненное, исправленное. - М.: «Статут», 2002.
- Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
1. Банктердің ипотека арқылы несие беру келісім шарттарының сот тәжірибесіндегі қайшылықтары
2. «Қуат жəне компания» атты сенiмдегi серiктестiк «Агрегат» ақционерлiк қоғамының сұрауы бойынша ас үйдiң жабдығын сатып алуы үшiн оған бiр млн. теңге аударады. Ақша аудару «Агрегат» АҚ-ның хаты негiзiнде жүзеге асырылады. Ол хаттың мазмұнында «Агрегат» ақшаны 60 күннен кейiн қайтаруға мiндеттенді. Көрсетiлген мерзiм өткен соң «Агрегат» АҚ ақшаны қайтарған жоқ‚ осыған байланысты Серiктестiк сотқа талап арызын бередi. Сотта АҚ өкiлi тараптар арасында несиелiк мiндеттеме туғанын‚ ал ұйымдарды несиелендiру — Ұлттық банк лицензиясы бойынша жүзеге асырылатын банк iс-əрекетiнiң көп түрiнiң бiрi екенiн мəлiмдейдi. Ал Серiктестiк болса‚ лицензия алмай жатып‚ несие шартын жасасады. Серiктестiк мүддесiн жақтайтын қорғаушы тараптар арасында несие шарты емес‚ қарыз шарты жасалғанын айтады.
Қарыз шартын жасасу үшiн лицензияның қажетi жоқ. Сонымен қатар‚ ол сотқа қарыз шарты‚ несие шарты мен банктiң ссуда шарты арасындағы айырмашылықты ажырата бiлудi ұсынады.
Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Қарыз шартына‚ несие шартына жəне ссуда шарттарына сипаттама берiңiз.