- ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілде. Әдебиет: - Гражданское право. Особенная часть. Том 1. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2002 - Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Екі томда. Комментарий. Ответственные редакторы М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. Жеты Жарғы, 2008 - Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2: Договоры о передаче имущества. – М.: “Статут”, 2000 - Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. 1 том.— Алматы, 2012.— 296 б.
- Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Алматы, 2011 ж.
4 апта
3. Жұмыс жасаудан туындайтын міндеттемелер. Мердігерлік шарттар
1. Тұрмыстық мердігерлік шартының сипаттамасы, бұл шарттың жалпы мердігерлік туралы ережелерінен айырмашылығы
2. Ережепов тігінші Масатовпен қысқы пальто тігу туралы келісім жасайды. Ережепов тек матасын, ал бар қосымшасын, яғни қара қаракөл жағаны Масатов табатыны жайында уағдаласады. Ережепов Масатовтың кеңесімен пішінін ескере отырып таңдап алынған жағаның құны 15000 теңге төңірегінде болады. Жұмысты орындау уақыты бір айға белгіленеді. Екінші рет киім өлшеу кезінде Масатов Ережеповқа қымбаттағанына байланысты жағаны 20000 теңгеге алуға тура келгенін айтып, осы жағдайды ақырғы есептесу кезінде ескеруін сұрайды. Ережепов 5000 теңге қосымша төлем жасауға қарсылық білдіреді, бағаның өзгеру салдары оның есебіне жатпауы тиіс деп санады.
Ережепов пальтоны алуға келгенде оның пальтосына жапсырылған қаракөл жағасы айтарлықтай кіші екені анықталады. Тараптар арасында дау туады. Ережепов пальтоны белгіленген баға бойынша бастапқы жағасымен беруді талап етеді. Ал Масатов болса, 5000 теңге қосымша төлем жасамай, Ережепов пальтосын бастапқыда келісілген жағамен алуға құқығы жоқ деп санады. Дау соттың қаралуына берді.
Істі шешіңіздер.