Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін


Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді



бет33/98
Дата12.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#131607
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді.
Нуклеарлы (ядерлік) отбасы – бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы – ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.
Кеңейген нуклеарлы отбасы – ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т.б.) қосылған отбасы.
Толық емес отбасы–ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі – бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі – бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді.
Функционалды толық емес отбасы– ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар),жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын іздестіруінебағытталуы тиіс.
Аралас отбасы – ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т.б.
Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты: жастар отбасы («бал айындағы» отбасы); жас отбасы (жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл); бала күтіп жүрген отбасы; орта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру); ересекерлі-зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық өтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(өз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рөлдерін атқарып жатқан отбасы).
Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалы және көп балалы отбасына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі-зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көп балалары бар отбасы көп балалы отбасына жатады. Көп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді.
Мекен-жай орны бойынша қалалық, ауылдық отбасыларды және алыс аудандарда тұратын отбасыларды бөледі. Олар өмір сүру стилімен, тұрмыс салтымен, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жұмыс бастылық сипатымен және рөлдік құрылымымен, тұтыну деңгейімен, тәрбиелік қызметтерді атқару сипатымен ерекшеленеді. Мысалы, алыс аудандарда тұратын отбасылар өз балаларын мектеп-интернаттарға оқуға жіберуге мәжбүр, бұл дегеніміз ата-аналардың балаларынан ұзақ уақытқа жырақта жүруіне және ата-аналық қамқорлық пен протекцияның депривациясына әкеледі.
Өмір сүру түрінің өлшемдері патрилокальды, матрилокальды және неолокальды отбасыларын бөлуге мүмкіндік береді. Отбасының патрилокальды түрі әйелдің күйеуге шыққаннан кейін жұбайының үйіндегі мекен-жайымен анықталады. Матрилокальды отбасының әйелдің үйінде мекендеуімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда отбасының неолокальды типте мекен етуі кең таралған, мұнда нуклеарлы отбасы ата-анадан және басқа туысқандардан бөлініп, жеке отбасымен өмір сүруге тырысады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірге тұратын ерлі-зайыптыларда годвин-неке, яғни ерлі-зайыптылардың жеке тұруы жиі кездеседі. Бұл неке түрі өмір сүрудің осындай түрін жақтайтын У. Годвиннің есіміне байланысты аталған, У. Годвин бойынша ерлі-зайыптылардың бірге тұруы олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына, бейімділіктеріне сәйкес толыққанды тұлғалық дамуға кедергі келтіреді.
Рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипатына байланысты дәстүрлі, авторитарлық, эгалитарлық, демократиялық отбасыларды бөледі.
Дәстүрлі авторитарлы отбасы авторитарлы типтегі ердің жеке билігімен және ер мен әйелдің рөлдерін нақты жіктеу арқылы отбасылық рөлдерді дәстүрлі бөлумен ерекшеленеді. Авторитарлы отбасы патриархалды (ер адам билік етеді) және матриархалды (отбасын әйел билейді) болуы мүмкін.
Эгалитарлы отбасы (тең құқылы, эквивалентті) – отбасында билік, рөлдер мен міндеттерді нақты бөлу болмайды, рөлдік құрылым бекітілмейді. Әдетте, эгалитарлы отбасы – бұл баласыз жас ерлі-зайыптылар. Баланың дүниеге келуі ерлі-зайыптылардан ұстанымдар мен рөлдерді бөлуді талап етеді, сондықтан эгалитарлы тип дәстүрлі немесе демократиялық типке ауысады.
Демократиялық (серіктес) отбасы ерлі-зайыптылардың тең құқылығымен, бірлесе билік етуімен, қызметтерді бірге бөлумен, отбасы рөлдері мен міндеттерінің икемділігімен және әрбір серіктестің, біртұтас отбасының мүдделерін ескере отырып, рөлдік құрылымды өзгертуге дайындығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет