Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін



бет6/98
Дата12.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#131607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Әлеуметтік мінез-құлық - физикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға байланысты қоршаған ортаның әлеуметтік ортасына реакция ретінде пайда болатын адам мінез-құлық процестерінің жиынтығы. Әлеуметтік мінез-құлық субъектісі ретінде индивид немесе топ қарастырылады.
Әлеуметтік мәнез-құлық анатомиясын сипаттай отырып, әлеуметтанушы-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет ететін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.
3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. «Әлеуметтік қарым-қатынастар» ұғымының мынадай белгілері болады:
адамдардың қоғамдық өмірінде туындайтын барлық өзара іс-қимылдары;
адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын өзара іс-қимылдары;
қоғамның үлкен топтарының - таптарының, этностарының, әр түрлі елдер мен аймақтар халықтарының арасындағы қарым-қатынастар;
барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;
адамдардың және олардың азаматтық қоғамды, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін саласын құрайтын топтарының іс-қимылы;
адамдардың бір-бірімен бірлескен қызметінде пайда болатын тікелей байланысты (бетпе-бет) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-қимылдары;
жеке адамдардың өмірдің шағын ортасын құрайтын өзара байланыстары;
қоғамдағы адамдар мен олардың топтарының өзара іс-қимылының өзге де жақтары мен қырлары.
Ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер «әлеуметтік институт» терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. «Институция» термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. «Институт» ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет