228
қысқа мерзімді параллельді жұмысты іске асыруға болады. Осыдан кейін техникалық қызмет
көрсетуге жататын тарату трансформаторының төмен вольтті ажыратқыштары мен жоғары вольтты
ажыратқыштары тарату трансформаторының жұмысын тоқтатуы үшін дәйекті түрде
ажыратылуы
мүмкін. Жұмыс аяқталған соң кері қадамдар жасалады. Жоғары вольтті ажыратқыштар және тарату
трансформаторының төмен вольтты ажыратқыштары ретімен қосылады. Осылайша, екі таратушы
трансформатор параллель жұмысты қалпына келтіреді. Содан кейін
жылжымалы құрастырмалы
трансформатордың жоғары вольтті және төмен вольтті ажыратқыштары ажыратылады. Бастапқы
таратушы трансформаторға қосылған жоғары вольтті және төмен вольтті жеткізуші кабельдер
кернеумен ажыратылады. Бастапқы тарату трансформаторынан қалыпты
электр қорегінің жағдайы
қалпына келтіріледі және тарату трансформаторына қызмет көрсету және ауыстыру кезінде
тұтынушыларға қызмет көрсету үзілмейді. Қағидалық сұлбасы 9.10-суретте көрсетілген. Бұл әдіс
кейде кернеуі бар трансформаторды ауыстыру әдісі деп аталады. Бұл әдіс өте күрделі
болып
табылады және қауіпсіздікке жоғары талаптар қояды, сондықтан қызмет көрсетуді үзу әдісі әдетте
орнында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: