АКМЕОЛОГИЯ – адамның кемелдену кезеңінде, әсіресе оның осы жастың едәуір жоғары жетістіктеріне жету жағдайындағы даму феноменологиясын, заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің түйісуіндегі ғылым саласы. А. ұғымын жетілген адамдардың дамуы жөніндегі ғылым ретінде ең алғаш 1928 жылы Н.А.Рыбников ғылыми айналымға енгізді. А. маңызды проблемалардың бірі – адамның кемелденген жасында өзін-өзі жан-жақты көрсете білудің алғышарттарын жасайтын оның жас кезінде қалыптасуы қажет сипаттамаларды айқындау. Адамның 50 жастан кейін де тұлғасының сақталып, шығармашылық қуатын арттыруда әртүрлі психофизиологиялық жаттығуларды, аутогенді жаттығуларды, сондай-ақ түрлі ойындарды, ақыл-ой еңбегін, музыканы қолданудың тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер де бар. (Қ.ЖАРЫҚБАЕВ О.САҢҒЫЛБАЕВ Психология: Энциклопедиялық сөздік.Алматы, 2011)
Акмеология саласында 1990-жылдардағы зерттеулердің жандануы, жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына əкелді: жалпы жəне басқарушы акмеология (О.С. Анисимов, А.А. Деркач, В.П. Ситников жəне т.б.), олар адамның іс-əрекетіндегі шыңға жету жетістіктерінің жалпы заңдылықтарын жəне олардың басқару қызметі мен мəнсапқа енуін зерттейді, педагогикалық акмеология (Н.В. Кузьмина, А.А.Реан, Ю.А. Гагин, Н.Ф. Вишнякова жəне т.б.), ол ересек адамның кəсіби іс-əрекетіндегі шыңның (акме) көріністері ретінде кəсібиліктің жəне креативтіліктің объективті жəне субъективті факторларын жəне осы факторлар қалыптасатын өнімді педагогикалық жүйелерді модельдеудің шарттарын айқындайды. Oтандық ғалымдар Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, С.Т. Каргин, А.Қ. Рысбаева, Қ.К. Жампейісова болашақ мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы мəселесінің əртүрлі аспектілерін зерттеу нысанына алған. Oсы аталған ұстанымдар жоғары оқу орнынан кейінгі білім жағдайында рухани-адамгершіліктік жəне интеллектуалдық дамуын интеграциялауда басты назарға алынуы тиіс. A.А. Бейсенбаеваның еңбектеріндегі негізгі түйінді ойлар жоғары оқу орны мен одан кейінгі білім беруде болашақ маманның тұлғалық сапаларын қалыптастыру мəселесін ізгіліктілің идеясына бағындыру жəне гуманистік қасиеттерді білім мазмұны арқылы оқу құралдарының тəрбиелік компоненті арқылы жүзеге асыру болып табылады. Болашақ маманды кəсіби еңбекке дайындау олардың тұлғалық, зияткерлік жəне кəсіби маңызды қасиеттерін, шығармашылық қабілеттері мен құзырлылықтарын дамытумен анықталынады. Жоғарыда аталған зерттеушілер оқу үрдісіндегі əртүрлі педагогикалық жағдайлардағы бірнеше өкілдердің креативтілігін дамыту мəселелерін (мұғалім, оқытушы, оқушы, бала жəне т.б.) қарастырды.
– оқу үрдісіне қатысушылардың екіжақты сипаты əсері негізінде оқытушы мен білімгердің бірлескен іс-əрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Б.А. Оспанова);
– креативтілік іс-əрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (А.А. Əбілхасымова, А. Мустояпова);
– іс-əрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (Ш.Т. Таубаева);
Педагогикалық акмеология білім беру акмеологиясыболып қайта құрылды, оныңміндеті ретінде білімберу үдерісінің субъектілерін ісəрекеттің алуан түрлі саласында адамның шығармашылық əлеуетін жетістікпен жүзеге асырудың теориясы мен технологиясымен қаруландыру алынады.
(Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д. АКМЕОЛОГИЯ, Алматы 2014)
Достарыңызбен бөлісу: |