Жоғары мектеп педагогикасы


–тапсырма Қалыптастыру әдістемесі бойынша материалдар жинақтау



бет15/55
Дата07.02.2022
өлшемі5,13 Mb.
#88943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
ММОК202 МӨЖ1

5 –тапсырма
Қалыптастыру әдістемесі бойынша материалдар жинақтау
Орындаған: Муханова Ильмира,Кабулов Мадияр


Абстракт
Мақалада болашақ педагогтарды кәсібиліктің, тұлғалық дамудың биігі «акме» жағдайға жетуге дайындаудың теориялық және практикалық астарларына сипаттама беріледі.
«Акмеологиялық әлеуетін дамыту» сияқты күрделі ұғым турасындағы түсіндермелер талданып, авторлық көзқарастар білдіріледі. Педагогикалық оқу орындары білімгерлерін кәсіби дайындаудың акмеологиялық шарттары мен технологиялары сипатталады.
Кіріспе
Бүгінгі уақыт, қоғам мектептегі басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Осыған орай, кәсіби әрекетте және өмірдің басқа да салаларында табыс биігіне жетуді мақсат ететін тұлғаны дамыту, бәсекеге қабілетті сапалы адам капиталын құруды қамтамасыз ету еліміздің жоғары білім беру жүйесі алдындағы аса жауапты міндеттердің бірі болып табылады. Нарық жағдайында жоғары оқу орынының әрбір білім алушысының жақсы дайындығының болып, тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін - өзі дамытудың, өз бетінше жұмыс жасау, қарым - қатынасқа түсе білу дағдыларын меңгерген, жаңа жағдайларға бейімделе алу қабілеттері қалыптасқан әрі ұтқыр болуы оның маман иесі ретіндегі табыстылығын қамтамасыз етеді. Бұл ретте интегративті-кешенді ғылым ретіндегі акмеологияның алар орыны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет