Жоғары мектеп педагогикасы



бет16/55
Дата07.02.2022
өлшемі5,13 Mb.
#88943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
ММОК202 МӨЖ1

Негізгі бөлім
«Акme» көне грек тілінен аударғанда «биік, шың, табыс, logos – ілім» ретінде анықталады. Гректер «акме» сөзімен адам өміріндегі есейген жастық кезеңді белгілейді, жастық шақтың осы кезеңінде адам өз қабілеттерінің жоғарғы шыңына жетеді, осы кезеңді адам күштерінің нығайып, қанат жайып, гүлденген кезі деп санайды. «Акме» ұғымы кәсібиліктің шыңына шығу сол арқылы өмірде табыстарға жету, шығармашылық әлеуеттің дамуы мен адамның шығармашылық әрекет жағдайында ұзақ болуымен түсіндіріледі.
Акмеология жетілген ересек адамның дамуын зерттейді. «Акмеология» ғылыми термині өткен ғасырдың 20-шы жылдары ақыл-ой және әлеуметтік ізденіс, эвриология (П.Энгельмейер), эргонология (В.Н.Мясищев), рефлексология (В.М.Бехтерев) ғылыми бағыттарының пайда болуы барысында айқындалды. 1928 ж. Н.А. Рыбников акмеология
ұғымын ересек адамдардың дамуы туралы ғылым ретінде енгізген. XX ғасырдың ортасында белгілі ресейлік психолог Б.Г. Ананьев ғылым жүйесіндегі акмеологияның орнын анықтады, ересек адамның акме - дамуын азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіптік-еңбек сапалары негізінде қарастырды.
XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап психология мен педагогика саласының көрнекті ғалымдары Н.В.Кузьмина, А.А. Деркач, А.А. Бодалев, т.б. аталған ғылыми бағыттың дамуының жаңа іргелі кезеңін бастады деуге болады
Маманның кәсіби тұрғыдағы жетілуі және оның шыңына жетуі оның кенеттен, әрі бірден қалыптаса салмайтын полифункционалды жағдайы. Оған индивидтің алдыңғы сатыда алған білімдері мен жинаған тәжірибелері «жұмыс жасайды». Тек солар ғана маманның қандай тұлғалық бағдарлары мен кәсіби қабілеттері, қаншалықты білім қоры мен білік,
дағдылары оны жасампаз субъект деңгейіне жетелейтінін көрсетеді. Солардың бірі оның жоғары оқу орынында алатын білім алу басқышындағы дайындық үрдісі.
Біз сөз еткелі отырған «акмеологиялық дайындықты» түсіну үшін алдымен «дайын болу»,
«педагогикалық әрекетке дайын болу» сияқты мәселелерге тоқталған жөн. Қазақ тілінің сөздігінде «дайын» ұғымы «даяр, әзір» сөздерінің синонимі ретінде қарастырылып,
«дайындық» белгілі бір шаруаға әзірлік, қам жасаушылық деп түсіндіріледі. Ал «дaяpлaу» – бұл өзapa бaйлaныcқaн элeмeнттepдiң (кoмпoнeнттepдiң) тұтac кeшeнi. Oның бacты cипaттaмaлapы «тұтacтық», «құpылым», «қызмет», «бaйлaныc» ұғымы apқылы нaқтылaнaды.
«Дaяpлaу», «тұтacтық» ұғымдapы cтpaтeгиялық, aл «бaйлaныc» дaяpлaудың түзiлуi мeн тaлдaу құpaлы peтiндe көpiнe oтыpып, бaйлaныcтap тoптaмacын мәндi eтeдi.
Акмеологиялық дамыту туралы – бұл адамды кәсіби салада және жалпы өмірде ілгері дамуға, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіруге бағдарлайтын тұлғаның жалпы дайындығының сапалық сипаттамасы деген тұжырым бар. Біздің пікірімізше, болашақ маманның акмеологиялық дайындығының мәні: оның жоғары деңгейдегі ғылыми - педагогикалық әрекетіне негіз болатын акмеологиялық білімдері, жаңалыққа, жетістікке жетуге деген тұрақты мотивтері, педагогикалық шығармашылыққа қажетті кәсіби мәнді сапалары мен эмоционалдық еріктік аймақтарын біріктіретін кешенді сапасы.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдістәсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялықпедагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі таңда қозғалып жатқан ең өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру және қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Болашақ мұғалімнің кәсіби білім алу барысындағы акмеологиялық дайындығының нәтижелі болуы белгілі бір шарттарға да байланысты. Оның алғашқысы педагогикалық оқу орындары студенттерінің шығармашылық әрекетке, шеберлік деңгейінде жұмыс жасауға дайындығын қалыптастыру «әр адамның өзі» деген философияға негізделуінде деп санаймыз. Себебі жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы - өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, «өзін-өзі өзектілеу»,«өзін-өзі жетілдіру»,өзін-өзі білімдендіру,өзін-өзі түсіну,өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау мен басқару үрдістерінде орын алады. Ғалым С.М. Жақыповтың «өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi танытуының негізі болып табылады» деген пікірі біздің бұл ойымызды негіздей түседі .
Кәсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмеологиялық мәселелері Үздіксіз кәсіби білім берудің интегративті ашық дамушы жүйесі, қазіргі жағдайда білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің көптеген басқа салаларында сұранысқа ие болатын, арнайы бейінді, психологиялық-педагогикалық, жалпы ғылыми, жалпы мәдени пәндер саласында іргелі білімді меңгерген мамандарды даярлаудың бірегей феномені болып табылады. Университет студентінің меңгеретін жүйелі психологиялық-педагогикалық білімінің пәндік және қайта құрушы күші болады, ол белгілі жағдайда оны меңгерген адамның «даралыққа жетуінің» ішкі механизмдерін, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың әлеуетін ашуды «қосады». Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл жоғары кәсіби білім беру жүйесінің басымдылығы, қазіргі кезде әрдайым және толыққанды дәрежеде қолданыла бермейді. Білім беру саласындағы мамандардың сапасы, оның кәсіби-педагогикалық ісәрекеттің функцияларын тиімді орындау қабілетін сипаттап қоймайды (білімгерлерді оқыту, тәрбиелеу және дамытумен байланысты типтік және стандартты емес мәселелер мен міндеттерді шешу), сонымен бірге іс-әрекеттің алуан түрлерінде кәсібиліктің шыңдарына жетудің маңызды факторы ретінде өзініңдаралығын белсенді «құруды» сипаттайды. Акмеология зерттеудің пәнаралық саласы ретінде, ересек адамның балалық шақ пен жастық шақпен салыстырғанда, оның басты ерекшелігін – кәсібилікте кемелдікке жетуді (ақыл-ой, азаматтық, еңбек) және кәсіби іс-әрекеттің алуан түрлерінде шығармашылық қабілеттерінің өркендеуін зерттейді. Психологиядағы және акмеологиядағы кәсіби шығармашылықмәселесі дәстүрлі түрде тұлғаның шығармашылығымен және креативтілігімен байланысты қарастырылады. Шығармашылық және креативтілік мәселесі акмеологиялық зерттеулерде кәсіби ісәрекеттің және тұлғаның өмір сүруінің үдерістерін және механизмдерін жетілдіруді зерттеу контексінде қарастырылады (Б.Г.Ананьев, О.С. Анисимов, Н.Ф. Вишнякова, А.А. Деркач, Е.А. Климов, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов). Креативтілікті дамыту үдерісін оңтайландырудың акмеологиялық шарттары мен факторларын зерттеуде, креативтілікті дамытудағы басты рөлді акмеологиялық ортаның арнайы ұйымдастырған өзін-өзі дамыту үдерістері атқарады. Жоғары оқу орынының қызметі болашақ педагогты кәсіби әрекетке мақсатты даярлаумен қоса педагогикалық шығармашылық қызметке әзір болуға дайындаумен тікелей астасып жатуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени, әдіснамалық, әдістемелік пәндерді меңгеру арқылы қамтамасыз етіледі. Мамандықты меңгеру барысында олардың ішкі ашылмаған мүмкіндіктері іске қосылып, жаңашыл педагог болуға қажетті таланттары, қабілеттері жетіледі. Бұл бағытта жүргізілген зерттеулер қатарына болашақ педагогтардың кәсіби дарындылығын дамыту мәселесіне арналған. Мамандардың кәсіби-шығармашылық іс-әрекеті тұлғаның кәсібилігі және шеберлігі арқылы қарастырылады. Акмеологияда тұлғаның кәсібилігі, кәсіби маңызды және тұлғалықіскерлік сапалардың жоғары деңгейін, кәсібиліктің акмеологиялық инварианттарын, креативтіліктің жоғары деңгейін, қалаулардың адекватты деңгейін, маманның ілгері дамуына бағытталған мотивациялық саланы және құндылық бағдарларды көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі кезде «субъект» және «субъектілік» ұғымдары психологияда ғана емес, сонымен бірге акмеологиядағы жетекші ұғымдар болып табылады. Соған байланысты, салалас ғылыми пәндерде қолданылатын, классикалық акмеологияның құрылымында тұрақталған категориялар ретінде, «субъект» және «субъектілік» ұғымдарын талдау және саналы ұғынуды қамтитын әдіснамалық рефлексиядағы қажеттілік артып келеді. Кемелденген тұлға іс-әрекет субъектісі ретінде, қайта құрушы іс-әрекетке арналған құралдарды құру, таңдау немесе қолдану қабілеті арқылы көрінеді. Акмеологиядағы іс-әрекеттің субъектілі-тұлғалық маңызды сипаттамаларының қатарында «кәсібилік» (А.А. Бодалев, В.Г. Зазыкин, А.К. Маркова және т.б.), «шеберлік» және «құзыреттілік» ұғымдары болады. Аталған үш ұғым іс-әрекетті жетілдірудің бағытын, өлшемдерін, оны жүзеге асырудың жоғары сапасы мен деңгейін білдіреді, яғни тікелей акмеологияның пәніне жауап береді Осылайша, «субъект» және «субъектілік» ұғымдары қазіргі заманғы психология мен акмеологиядағы жетекші ұғымдар болып саналады. Тұлғаның кәсібилігі – креативті-шығармашылық дамудың жоғары деңгейін көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы. 2. Акмеологиядағы креативтілік категориясы Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерттеумен Меңлібекова Г. Ж., Қасқатаева Б., Молдажанова А.А., Оспанова Б.А., т.б. отандық ғалымдар айналысады. Соңғы жылдары креативтілікті зерттеп жүрген ғалымдар Тұрғынбаева Б.А., Әмірова Ә.С., Сағымбаев Ә.Ә. креативтілік әрекетпен бірге танымдық және ұйымдастыру әрекетіне баса назар аударады. Себебі, шығармашылық жұмыс және өз бетінше әрекет ету арқылы оқушылардың таным үдерісі іске асады, яғни креативтілікпен бірге таным әрекеті жүзеге асады. Кәсіби акмеологиядағы креативтілікті дамытудың психологиялық негіздерін зерттеудің өзектілігі, ересек адамның шығармашылық тұлғасын өзіндік жетілдірудің әлеуметтік және практикалық маңыздылығымен және кәсіби іс-әрекеттегі өзін-өзі маңызды етумен анықталады Акмеологияның зерттейтін мәселелерінің бірі ретінде кәсібиліктің және шығармашылықтың арақатынасы алынады. Акмеология тұлғаның шығармашылық өркендеуінің шыңы туралы ғылым ретінде, келесі категорияларды айқындайды: - шығармашылық даралық, - өзін-өзі дамыту және - өзін-өзі жетілдіру үдерісі, - креативті тәжірибе өзін-өзі маңызды етудің нәтижесі ретінде. Акмеологияның бұл категориялары инновациялық педагогиканың базистік негіздерін құрайды. Оның негізгі категориялық бағыттарын қысқаша сипаттаймыз. Болашақ маманның инновациялық іс-әрекетін тұлғалық категория ретінде, қайта жасаушы үдеріс және шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде түсіндіруге болады. Бұл көзқарастар жүйесін іс-әрекеттің осы түрін акмеология аясында біртұтас зерттеуді құрылымдауға мүмкіндік береді Шығармашылық даралық кәсіби шығармашылықтың жоғары сипаттамасы ретінде көрініс береді. Ол келесі компоненттерді қамтитын тұлғалық категория болып табылады: • интеллектуалды-шығармашылық бастама; • интеллектуалды қабілеттер, білімнің кеңдігі және тереңдігі; • қарама-қайшылықтарға сезімталдық, шығармашылық күмәнға бейімділік, ішкі қайта құрушы күресті сынау қабілеті; • ақпараттық аштық, проблемаға кәсібилікте жаңашылдық сезімі, танымға ұмтылыс; Педагогтің шығармашылық даралығын қалыптастыру – бұл тұлғаның қайта құруының және өзін-өзі дамытуының динамикалық, инновациялық үдерісі. Шығармашылық даралықтың өзегі ретінде, тұлғаның өзін басқалармен салыстыруда, өзінің қайталанбастығын ұғынуды білдіретін тиімді өзіндік сана алынады Білімді бекіту үшін сұрақтар: 1. Кәсіби шығармашылықты қалыптастырудың акмеологиялық мәселелері қандай? 2. Жоғары мектеп оқытушыларының креативтілігінің дамуын зерттеумен ...... отандық ғалымдар айналысады. 3. Соңғы жылдары креативтілікті зерттеп жүрген ғалымдар ..... креативтілік әрекетпен бірге танымдық және ұйымдастыру әрекетіне баса назар аударады. 4. Акмеология тұлғаның шығармашылық өркендеуінің шыңы туралы ғылым ретінде, келесі категорияларды айқындайды: a) .......... b) ........... c) ........... 5. Тұлғалық категория қандай компоненттерді құрайды? 6. Педагогтің шығармашылық даралығын қалыптастыру – бұл ......... динамикалық, инновациялық үдерісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет