Жоғары мектеп педагогикасы


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ



бет13/55
Дата07.02.2022
өлшемі5,13 Mb.
#88943
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
ММОК202 МӨЖ1

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ

Конкашев Марат Айдарханович, Сағындыкова Гүлдана Мырзабековна, Джакупова Шынар Сунгатовна


«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

Бүгінгі күні адам шығармашылығының дамуының заңдылықтарын зерттейтін жаңа интегратифті-кешенді ғылым акмеологияның алатын орны ерекше.


Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылымның «Акмеология» деген атауы грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді. Демек акмеология жетілген ересек адамның дамуын зерттейді. Психологияда кемелденген және ересек адам түсініктері бір мағынада қолданылатын жағдайлар көп кездеседі. Акмеологияда олардың керісінше ара жігі ажыратыла қарастырылады. Акмеологиялық көзқарастар бойынша тұлғаның жетілуі – оның моральдік-азаматтық сапаларын, гуманистік бағыттылығын, қарым- қатынас нормаларының деңгейін көрсететін кең ауқымды категория. Жетілген тұлғаны жоғары жауапкершілік, гуманистік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік пен басқаларға қамқор бола білу, өзін-өзі іске қоса алу сияқты сапалар сипаттайды. Сондықтан жетілудің шыңы – АКМЕ - ересек адамның жоғары кәсібилік, тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді
Әр адамдағы АКМЕ қалыптың бағыттылығы мен байқалуы әрқалай болуы олардың туа берілетін нышандары мен қабілеттерінің әр деңгейде болуымен байланысты. Дегенмен адамды зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарына сәйкес (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.А.Бодалев) бұл әртүрліліктің төрт ортақ күре тамыры бар екендігі аталып өтіліп, олар төмендегідей топтастырылады:

  1. адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар «шыңы»;

  2. тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері;

  3. еңбектегі жоғары жетістіктері (әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен байланысты);

  4. адамның даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы.

Бұл бағыттар бір-бірімен өзара тығыз байланысады. Олардың өзара түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғары баспалдағында» болуы орын алады. Қазіргі кездегі акмеологиялық теорияның басты мәселесі маманды кәсібиліктің биігіне жеткізу болғандықтан оның әдіснамалық негізін С.Л.Рубинштейн еңбектерінде тұжырымдалған, кейіннен А.Н.Леонтьев жалғастырған сана мен әрекеттің бірлігінің ұстанымы құрайды. [1]
Акмеология ғылымының даму барысын төрт кезеңге бөлуге болса: бірінші – латенттік, алғышарттары анықталып жатқан кез, екінші – Н.Рыбниковтың осы арнайы терминді еңгізген кезі, үшінші – Н.Кузьминаның тұжырымдамалық идеяларының шыққан мезгілі, бұл кезең акмеологияның жаңа ерекше пән ретінде даму бағдарламасының пайда болуымен аяқталады. Төртінші – инстиуционалдық кезең. Бұл осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыратын әртүрлі әлеументтік құрылымдардың түзілуімен сипатталады. Олар: акмеологиялық кафедралар, зертханалар, сондай-ақ Халықаралық акмеологиялық ғылымдар Академиясының ашылуы. Бұл құрылымдар аясында зерттеулер жүргізіледі, акмеологиялық технологиялар сыналады, кәсіби білімдер беріледі. Осы арада Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғырттылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, оның дамуымен заңдылықтарын нақты игеру үшін акмеологиялық білімін шыңдау туралы келелі ойды еліміздің мұғалімдерінің алдына қойыған үлкен мақсаттардың бірі екендігін нақты анықтап берді. Қазақстандағы білім беру жүйесі ескірген әдістемелерге негізделіп отыр, оны тездетіп жаңарту керек дей отыра жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды міндетті «Акмеология» оқу курстарын енгізу туралы мәлімдеді. Жастардың едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына, басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың, экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрінің басты себебі – әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел азамат болуға шамасы жетпеушілік.Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды.», - деп атап өтті президент.
Акмеология педагогика ғылымымен өте тығыз байланыста екеніне тоқтала отырып, дегенмен олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.
Педагогика негізінен баланы тәрбиелеу, дамыту, болашаққа дайындау, саналы түрде мамандық таңдау ісімен айналысады. Әрине соңғы кәсіп таңдау акмеологиялық мәселе. Маман иесі болу үшін оқып білім алу, мамандықты практикада игеру, шеберлікке көтерілу т.б. Ал шеберліктің шыңына шығу кәсібиліктің жаңа басқышында жүзеге асады
Акмеологиялық деңгейге жеткен мұғалімөзінің кәсіби әрекетін талдай алады, өзінің «дамуының жақын аймағын» анықтай алады, соған байланысты өзінің даму болашағының құралдары мен жолдарын белгілей алады. Сонымен қатар тұлғалық деңгейінің жоғарылаған сәтінде мұғалімнің коммуникативті құзырлығы, ісіне деген жауапкершілігі артып, әрқырлылығы, табандылығы, батылдығы байқалады. Бұл деңгей мұғалімнің өзін-өзі биіктерге бастай алатын жаңа сапалық деңгейі ретінде қарастырылады. Б.Тұрғынбаева ғалымдардың еңбектерін талдай отырып білім алу барысында адамның біртұтас дамуының акмеологиялық үлгісін жасады. Оның сипаттамасына тоқталар болсақ: білім мақсаттары, мазмұны, технологиялары мен нәтижелерінен тұратын білімдік орта; рухани жетілу, тұлғалық, субъектілік, кәсіби дамулардан тұратын даму аймағы; рухани, даралық, кәсіби кемелденуден түзелетін акмеологиялық позиция тұрады. Қазақстандық ғылымдардың ойынша осы сипаттамаға сәйкес келетін мұғалім бейнесі қазір талап етіліп отырған жаңа формацияның акмеолог-мұғалімі.[2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет