Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу


§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның



бет4/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 1. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның

қоғамдық мэні

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологляңың алатын орны айрықша және ол — адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетек-ші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі — адамның өзіндік сипат-белгілері — оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіріпілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу кесіне (субъектіге) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиетгер оның өзгелерге карым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қальштасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті онын мінез-кұлқынан, ниеттілегі мен бағыт-бағдарынан айқып байқалады, Ниеттілектердің, мәні адамның тіршілігшен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қыз-

66

ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.



Сыртқы нэрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіңшілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялык дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер — тем-перамеиті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі. сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қальштасып, жеке адамның кісілік қасиеттерінің құрайды. Әрбір адамның мінез-құлык ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымын-дағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындагы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгсріп те, жаңа сапаларға ие больш та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшслік бар. Оның бірі —әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар Бұл — адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі — сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметіік факторларға негізделе отырьш қарастырылады. Биологиялық фактор — адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялык қасиеттер, ал әлеуметтік фактор — адамның дамьш жетілуіне тіршілік ортасы-ның, қоғамның тәлім-тәрбие істерінін әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады,

Адамның өзіндік психологиялык сипатын зерттеуде орын алатын іс-әрскет түрі — оның белсенділігі. іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тығыз байланысты. Іс-әрекеттід белсенді бо-

67

луы жайында психологияда әр алуан көзқарастар пікірлер бар, Соның бірі —Австрня ғалымы 3 Фрейтің пікірілері бар. Ол адамның белсенділігі инстпнктті әрекеттеріне; соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуат сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын сана, түрде басқарады. Алайда, 3. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық ет теудің шеңберінен шыға алмайды деп, “Эдип комплексіз дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушы Софоклдың “Эдип патша” атты шығармасының сарының уагыздайды.



Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен 3. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі — айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, онын белсенділік әрекеттін, қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетел психологтар орынсыз деп санады Атап айтатын болса; А. Қординер, Е. Фромы, К. Хорни т. б. Фрейд көзқарасның кемшілігі ашып көрсете алмаса да, өздерінше жаңа фрейдизм” деген ағымды тудырды

“Жана фрейдизм” ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады, “Жаңа фрейдшілдердің” ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ис болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К. Хорни адам қоғамнан аулақ больш, ға шығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дей. Сөйтіп, “жаңа фрейдшілдер” адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағат-тандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады

“Қажеттілік” дегенді калай түсінеміз? Кажеттілік адам -белсенділігінің негізгі себебі және іс-әрекстке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәнім-тәрбие ыкпалымен қальштасып, адам-ның материалдық, руханн. қоғамдық мұктаждықтарын қанағат-тандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәде-

68

ни ұстап-тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Мақажеттіліктерге тамақ киім-кешек, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа амдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімнің көтеріп,кітап, газет-журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б.мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылыжүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарихи дамуына орай және оларды тұтыну объектісзне сәйкес түрлі-түрлі болып бөлінеді,



2. Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығы және іс-әрекет

түрлері

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағат-тандырады. Еңбек — адам тіршілігіндегі біріңші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбиеніңөзекті мәселесі — адамды еңбек ету қажеттілігіне баулау Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау-жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсату. Ен-ек -адамның іс-әрекетінің негізгі түрі және барлык материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс-әреттің екінші түрі-— оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын менгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады Ойын — адамнын негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесің шынықтырып әралуан қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс-әрекеті — ойьн. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл-ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың мән-жайын түсіндіреді Бір сөзбен айтқанда еңбек оқу,ойын — адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекет түрлері.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс-қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті — дағдылварды,іс-әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі,тіршіліке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық,физиологиялық және психикалық жағынан дамып-жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады

Дағды мен ептілік. Дагды — адамнын белгілі іс-әрекеттті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып,автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, кызметкердін мін-

69

детті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында максат кою негізгі рөл атқарады. Дағдының кальштасуы қимыл-қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.



Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) — белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзнің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның, өз білімін қажет болған кез-келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.

Әдет — адамның іс-әрекетіндегі мінез-құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс-әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптаскан дағдылары мен біліміне сүйене отырьш жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктіқ игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Әдет — адамның қажет-тілігін етеуге сәйкес қайталанъш отыратын әрекет. Ол адамның кез-келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбексүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып-шайыну -әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. :

Ниет (мотив) — адамның белгілі қажеттіліктерді қанааттандыру-дағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік — адамның белсенді әректін тудыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет — сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекет терге ұмтылдырады. Олар мазмұнына, нақіы мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір-бірімен алмасуы адамның қоғамдық-тарнхи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас-ынта, Мүдде-- адамның мақсатты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім: алумен шұғылданады, спортпен айналысьш, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.

Қызығу — адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің сілкінісі. Қызыгу барысында адам өзініц әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр



70

қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді Адамның танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде кызығу мазмұнына, мақсатына, кеңдігі мен тұрақтылык қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.



Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Ұмтылу — адамның іс-әрекетті атқаруға талаптанып, белсен-ділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдап, көз алдына елестете алмаса да, көздеген мақсатына жету үшін күш-қуатын жұмсап, талаптанады. Талап-танудың (ұмтылудың) нақты түрі — арман. Бұл — қалаған нәрсенін бейнесін қиял арқылы жасау әрекеті. Ұмтылуға құмарлық та жа-тады. Құмарлық — адамның өте зор күшін талап ететін қажет-тілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол — ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандыкты игеруге деген кұмарлық —- пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық — ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті — оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Оидай ерекшеліктер мән-мазмұны мен мақсат-мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам — табиғаттағы ен жоғары сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүннесінің құрылымы мен психнкасы аса күрделі субъект.



§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен

психологиялық құрылымы

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамлык жағдайда, бір-бірімен қарым-қатынаста қарастырылады. Жеке адам — дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзім-ділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.

Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерек-

71

шелктер төрт түрлі жағынан қарастырылады,



1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекщліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасы мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл — жеке адамның адамгершілік қасиетгерін білдіретін сипаттар.

2) Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірвбесін керсетеді. 3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылыгы мен өзіндік ерекшеліктері. дай қасиеттерге дейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезі күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. 4) Жеке адамньщ биологиялық тума қасиеттері — нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшелік теріне. жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұидай қасиеттер машықтану мен жаттығу аркылы қалытасып, жетіледі.

Ұстаздар мен тәлімгерлер, жетекшілер мен тәрбиешлер балалар мен жастардың жоғарыда топтастырылып көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктермен жете танысып ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс-тәсілдерін үнемі іздестіруді көздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындығын да ескерген жөн Мәселен, адал әрі шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез-келген оқушыда кездесе береді. Оқушыладың іс-әрекетіндегі әрқилы кемшіліктер осы төрт түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмікін. Айталық оқушының зейінсіздігі: а) білімі мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындауда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан; ә) зейінінің тұрақсыздығы тек оның өзінің кінәсінен; б) зейінін аударуға қиналуы жүйке кызметінің қозғалғыштық әсерінен; в) тәртіпсіздігі мен ұкыпсыз-дығынан болуы ықтимал. Бұлар —3 баланың адамгершілік тәрбие-сіне қатысты сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік ерекшеліктерін де аңғара білу керек.

§ 4. Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен

психологиялық ерекшеліктері

Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретіндеі қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы'



72

болу,оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік коғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде “ол нені қалайды?” деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады.

Жалпы, адамнын азаматтық бағыт-бағдарының сапаласы мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қаситтер баланы тоғышарлықтан сақтан-дырады. Бағыттың шашыранқы болуы — ұнамсыз қасиет. Осы орайда, “Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді” деген мақалдын тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты өзгеруі — саналы азамат болудын шарты. 4) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек-ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. 5) Бағыт-бағдар тұрақты-лығының ұзак, мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл — бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқьш, белгілі математик не филолог маман болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы,қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатка жеткізеді. 6) Оқушыиын әрекетшілігі — оның барыт-бағдарындағы шешуші кезен. Жас кыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандықтық несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты. Кәсіптік-техникалык училищеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер. шаруашылық орындарында маман, кеңшарда малшы, сауыншы болып істеу — мұның бәрі іс-әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.

Жеке адамнық бағыт-бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер —

73

адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығыя қанағаттандыру деңгейі. Сондай қажеттілштердің бастылары -биологиялық {тамақты, ауа мен суды, жылылықты) қажетсіну; тарихи дамуда қальштасатын заттық (киім кешек, тұрғын үй т, б.) қажеттіліктері; рухани {ақыл ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыитастыру эстетикалық-көркемдік пен әдептілік) қажеттердін бәр де еңбек процесімен, әр алуан іс-әрекет түрлермен етесіп отыратыны мәлім.



Қажеттіліктерді қанағаттандыруда адамның көңіл күйінің ерекшеліктері айқын байқалады. Мәселен, адамның құштарлығынан оның іс-әрекетінің әлсіздігі ме; дәрменсіздігі байқалса, ал ықылас-ынта қоюдан белгіл іске қол жеткізу керектігін түсінгендігі аңғарылады, Көңіл-күйдің шарықтап өсуі адамның белгілі бір бей- неге еліктеп, сондай болсам екен деген ниеттілектерлін білдіреді. Бұл — адамның іс-әрекет балтындағы мұрат деп аталатын қасиет. Сондай-ақ, адамның іс-әрекет бағдарында оның дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік қасиеттерінің де қалыптасьш отыратыны айқьш нәрсе. Жеке адамның адамгершілік қасиеттері қоғам өмірінің талаптарымен ұштасып, оның бойында ар-ұят, ұждан сияқты қасиеттердің дамьш, қалыптасуына ықпал етеді. Ұждан — адамның өз басындағы ар-ұяты мен намысын қастерлей білуі. Ар-ұяттың бір көрінісі—ұялу —адамның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты көңіл-күйін, білдіруі, Ар-ұятқа қатысты түсініктер — мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұйдай қасиет-ерекшеліктер оның әрқилы іс-әрекеттері мен өзге адамдармен қарым-қатынасынан айқын керініп тұрады,

Жеке адамның катынастары ен, алдымен оның қоғамдық өмірі мен өндірістік қатынасының негізінде дамиды.Осы бағыта адамдар арасындағы қатынастарды олардың психикасы мен саиасының қасиеттері ретінде есептей отырып, мынадай топтарға бөліп қарастырамыз,1, Адамның өзге адамдарға қатынасы; 2. өзіне деген

қатынасы; 3. еңбекке қатынасы. 1-топқа тән ерекшеліктср — мәселен, оқушының өз құрбыларымен ортақ тіл тауып, тез араласьш кетуі не керісінше, яғни тұйықтығына байланысты қарым-қатынас жасайтын достарының некен-саяқ болуы. Мұндай қатынаста мінездің ашық-жарқындығы не тұйықтығы байқалып, өзгелергс

салқын қарауы, ұялшақтығы мен тартыншақтығы сияқты.

74

сипаттары көзге түседі. 2-топтың ерекшеліктері — күмәнданьш, кейде арсыздыққа салыну, мақтаншақтық пен даңққұмарлық, өкпелегіштік пен ұялшақтық — адам бойындағы ұнамсыз мінездін белгілері, Соған орай мұндай көрініс психологияда эгоцентризм (өзін-өзі көтермелеу) деп аталады.



3-топка тән ерекшеліктер өзгелермен қарым-қатынас жасағанда адамның бастамашыл болып, табандылық таныту, енбексүйгіштік, қиыншылықты жеңуге даяр тұру сияқты қасиеттері арқылы сипатталады. Ал мұндай қасиеттерге керісінше ұнамсыз сипаттар — жалқаулық жігерсіздік пен енжарлық. Адам бойындағы ұнамды қа-сиеттер тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасады. Соньшен, 1-топтағы ерекшелік — белсенділік пен мақсатқа ұмтылу 2-топтағы сипат жігерсіздікпен және сезіп қана коюмен шектеледі. Мұндай адамның әрекетсіздігі кейде оның ішкі жан дүниесінің қайшылықтарына, әсіресе өмірдегі өз орнын таба алмай ауытқу себебіне байланысты.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниеттілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

УІІ тарау. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ- ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

§ 1, Жүйке жүйесінің құрылымы

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-катынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындары қажетті мәліметтерді білу керск. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі және оиың заңдылықтары — психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қай-тарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелернің клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан

75

айналысын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардық ұзын тарамақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тарма. бар, Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық шеткі (перифериялық) және ішкі (вегетатнвтік) жүйке жүйелерінін өн-бойына орналасқан (6, 7-суреттер)



Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферилық жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады, Орталық жүйке жүйесінің бөліктері көп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысының кызметі төменгілеріне қа- рағанда барынша күрделі болып келеді.

6-сурет. Адамның орталық және шеткі (пернфериялық) жүйке жүйесі. 1.Бас миы, 2. Жұлын, 3.Шеткі (перифериялық ) жүйке жүйелері.

Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 3 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға тебетін. екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жанау, керіп-созу сияқты басқ да қарапайым қозғалыстарымыздың орталығы болып саналады.

Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлігі -ми Оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын кұрайды. (8-сурет). Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерекше. Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұры-



76



7-суре- Вегетативтік жүйке жүйесі.

Оң жағында көрсетілген — параснмпатикалык жүйке жүйесі, сол жағында—симпатикалық жүйке жүйесі. 1-ми сыңары, 2-көздің нұрлы қабықшасы, 3-көз жасының безі, 4-сілекей без, 5-жүрек, 6-өкпе, 7-қарын, 8-он екі елі ішек, 9-қарын асты безі, 10-бүйрек үсті безі, 11-тоқ ішек, 12-қуык, 13-жыныс безі, және оның қосымша органдары, 14-кірпікше түйін, І5--таңдай сына түйші, 16-көру түйіні, 17-жұлынның көкрек бөлігі, 18-жұлынның бел бөлігі, 19-жамбас жүйкесі, 20 ортаңғы ми, 21-сопақша ми, 22-көздің нұрлы қабықшасы, 23-көз жағының белі, 24-сілекей безі, 25-жүрек, 26-өкпе, 27-үлесін құрсақ жүйесі. 28-құрсақ түйіні, 29-қарын, 31-қарын асты безі, 33-бүйрек үсті безі, 34-жоғарғы шажырқай түйіні, 35-тоқ ішек, 36-төменгі ша-жырқай түйіні, 37-қуық, 38-жыныс безі және оның қосымша органдары, 39-жұлынның сегізкөз бөлігі, 40-соңғы жіпше.

сын баскарьш отырады. Бұлардан жоғарырақ орналасқан мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, қанқа еттерінің қалпын реттеп отыратын жүйке орталықтары бар. Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағьшан тұрады, Мидың осы бөлігі тор тәріздес құрылым деп аталады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі — афференттік (сырттан жеткізуші талшықтардың жиынтығы болып табылады.

77

Мига сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол әссрлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім — шеткіі (перифернялық) жүйке жүйесі. Бұл жүйенің түрлі кызмет атқаратьш екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар. Оның бірі — сыртқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жүйке жүйесі-нің бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары, Екіншісі — ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші зфференттік (әкетуші) жүйке талшықтары.



Ішгкі {вегстативтік) жүйке жүйесінің атқаратын қызметі — адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқару (7-сурет). Мұндай мүшелерге жүрек, өкпе, ішек, қарын, ішкі секреция бездері т. б. жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалык бөлімдерінің арасында өте күрделі қатынас болып отырады. Егер мұның бірі организмдегі белгілі бір мүшенің жұмысын қоздыратын болса, ал екіншісі сол жұмысты бәсеңдетуге, сөндіруге тырысады. Мысалы, симпатикалық жүйке талшықтары-ның қозуы жүрек жұмысын күшейтетін болса, ал парасимпатикалық талшықтар оны әлсірете бастайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адамның ішкі мүшелерінің қызметін басқаруда аңтаго- нистік қайшылық тудырып отырады. Мұңдай әрекет; адамның сезім мүшелеріне де үнемі әсер етеді.

Адам жүйке жүйесінің құрылымы өте күрделі әрі нәзік. Ми қабығының қалындығы —2-5 миллиметрдей Ми қабағында екі жүздей орталықтар орналасқан және оның атқаратын қызметі де әралуан. (8,.,9-суреттерде мидың құрылымы, орталықтары, олардың, орналасу жағдайы, эволюциялық дамуы, ерекшеліктері мен сипаттары көрсетілген).

Ми біздің сезім мүшелерімізге келетін сан қилы сигналдарды талдап, оларға қайтарылатын жауаптарды біріктіріп отырады, Ми қабығының рефлекторлық механизмдерінің әрекетін іске асырып, тежеп, төменгі қабаттағы бөлімдердің әрекетімен ұштастырады. Сондай-ақ, сыртқы, ішкі әсерлерге организм қайтаратын реакция-ларды даярлайды. Яғни мидың шартты рефлекс жасайтын қабілеті болғандықтан, ол өмір тәжірибесін меңгереді, оларды жинақтап, реттеп отыратын мүшеретінде танылады. Адам миының күрделілігі оның көлемінен, ішкі құрылысынан айқын көрінеді. Мәселен, ересек адам миның қабығын сылып алып, тегістеп жайып көретін болсақ, оның ауқымы екі шаршы метрге (2 м2) тең бо-

78

8-сурет Ми қабығының құрлысы.



1-қабық, 2-жоғары мидың сайы, 3— жоғарғы маңдай қатпары,4-төменгі орталық алдындағы сай, 5-орталық маңдай қатпары, 6-төменгі маңдай сайы, 7-төменгі мандай қатпарының үш бұрышты участок.



8-Сильвиев сайының алдыңғы жоғарылаушы тармағы, 9-Сильвиев сайының алдығы көлденең тармағы,10-Орбиталық қатпарлар, 11— Снльвиев сайы, 12-Жоғарғы самай қатпары, 13 —жоғарғы самай сайы, 14—ортадағы самай қатпары,15- төменгі самай сайы, 16—жоғарғы орталық алдындағы сай, 17— орталық алдындағы сай, 18— орталық, не роланда сайы ,19-посторталық қатпары, 20— посторталық сайы, 21— үстінгі шеткі қатпар,22-төмпешік аралығы-ның сайы, 23—Сильвиев сайының артқы тармағы, 24—бұрышты қатпар, 25—төбенің жоғарғы бөліктері, 26-төбенің төменгі бөлікшесі, 27— желке-төбе сайьі, 29-желке бүйіріндегі қатпарлар, 30—желкедегі көлденең сай, 31 — желке бүйіріндегі сай, 32— төменгі самай қатпары.

9-сурет. Мидың кесінді жартысы.

1 — мишық (карақұс), 2 — жұлын, 3 — сірі дене, 4 — тапамус (көру төмпешігі). 5 — гипоталамус (төмпешікасты)-6— гипофизаның алдыңғы алабы, 7 — типофизаның артқы алабы



лар еді. Адам миының салмағы мен құрылысынын аса күрделі және кемелденіп жетілген материя екендігін мынадай салыстырмалы мысалдан да айқын ацғаруға болады.



79

10-сурет Мидың функциясы жөніндегі У Пеяфилд картасына түснік



1 — бас бармақ 2— жіліншік, 3 — тізе, 4 — сан, 5 кеуде,| 6 — иық, 7 — шынтак, 8—білек, 9 — білезік (қолдың қолпасы), 10 — шынашақ, 11 аты жоқ саусақ, 12 — ортаңғы саусах, 13 — сұқ саусак, 14- бас бармақ, 15 — мойын, 16-| мандай, 17 — қабақ және көз алмасы, 18 — бет, 19 — ерін, 20—жақ, 21— тіл, 22- жұту; 23—шайнау, 24—сілекей бөлінуі, 25—дауысты мекгеру

Салыстырмалы түрдегі бұл кестеде әрбір жануардың өзіндік салмағымен салыстырғанда кит миының салмағы бүкіл дене салмағының жиырма мыңнан бір бөлігіндей маймыл салмағы денесінің жүзден бір бөлігіндей ғана екен. Ал адам миының салмағы оның жалпы денесінің салмағының қырық алтыдан бір бөлігіндей Бұл көрсеткіш адамның ми салмағының дүние жүзінде тіршілік ете-тін жан-жануарлардың бәрінікінен де артык екендігін көрсетеді.

 

 



 

 



11-сурет Мидың алаптарға функцияларға бөлінуі.



12 сурет Омыртқалы жануарлар миының дамуы.

1— балық миы 2 -кесіртке миы, 3 — қоян миы, 4 — адамның миы. I Иісксу аймағы, 11.Ми сыңарларының қабығы. III. Аралық ми. IV. Ортаңғы ми. V.Мишық.ҮІ. Сопақша мн



80

13-сурет.Нейронның (жүйке клеткасының) құрлысы.





14-суреі Ми қабығының микроскоптық көрінісі. I. Қыртыс — молекулярлық. ІІ. Сырты түйіршік, III Кіші және орта пирамида-лық қыртыс, IV Ішкі түйршік, V. Үлкен пирамидалық кыртыс. Үіа, ҮІә. Полиморфтық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет