Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу


§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту



бет9/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жанғыртып, жүзеге асырады.



Тану — естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жанғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрседерді соған ұқсатады.

Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейсі еске түседі, Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады.Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.

Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету — жалқы, ал жалпы елестету — тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нә-

181

тижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады. Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір — елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуан қасиет-белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет-ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.



Ұмыту, Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз — қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жанылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтык күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Қарл Линней әбден қартайғанда өзінің 40—50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырын: “Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам”,— деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт “Айвенго” атты романың науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. Скотт өз романынын қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде жаңғырьш, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.

Осы орайда, уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту — жүйке клеткаларьшдағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысыиа бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын матх-182

риалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі больш келетін пәндерді араластырып отырған жөн.

§ 5. Естің даралық ерекшеліктері

Әр адам есінін өзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық. жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мә-селен: көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Көру есінс бейім адам көргенін ұзақ уақыт бойы есінде сақтай алады. Ұлы ақьш А. С. Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі — қазақ ақындары мен жырауларына да тән қасиет.

Ес процесі есте қалдыру мен ұмыту шапшаңдығына, олардың баяулығына орай мынадай төрт типке бөлінеді:

Есте қалдыру: Ұмыту:

1. Шапшаң Баяу

2. Баяу Баяу

3.Шапшаң Шапшаң

4.Баяу Шапшаң

1-типтегі есі басьш шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да есінде жақсы қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр қилы іс-әрекет-тері, Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс — ес — акыл-ой кені. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.



182

Төртінші бөлім



АДАМНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ МЕН ЭМОЦИЯСЫ ЖӘНЕ

ЕРІКТІ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ СИПАТЫ

ХУІІтарау. ЗЕЙІН

§ 1. Зейшнің анықтамасы

Зейін өздігінен жеке-дара психикалық продесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе дс ол әрқашан адамның өмір тәжірибёсіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріке тікелей катысты болып, оның қызығуынг бағытын көрсетеді. Зейін — кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекеті-нің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз — сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамасыз етуі, Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психика-ның ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қальштасады. Мұндағы қажетті шарт — объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалык, күйлеріне де бағытталуы мүмкін.



§ 2. Зейіннің физиологиялық негізі

Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрдслі. Оның негізі — жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі, Сезгіш дегеніміз — ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикуляр-лық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретнкулярлык формацияның өрлеуші төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшей-тіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі (35, 36-суреттер).

Ми алаптары жұмысының реттеліа (қозып. тежсліп) тұруы нәтажесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.

Әр түрлі импульстар жоғарыдан (ми кабығынан) теменгі ми алаптарына {ми бағанасы т. б.) келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деи аталады 1958 — 1960 жж. АҚШ оқьшыстысы Г. Мэгун, Италия ғалымы Моруций, импульсгардың



184



35-сурет. Өрлеуші ретнкулярлық формация.



іб-сурет Төмендеуші ретикулярлық формация

төменнен жоғары ми алаптарьша жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші ретикулярлық формация дейді.

Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И. П. Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі “Бұл не?” деген тандану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіркендіргішке жауап беруі болып табылады. Адамдағы аңғару рефлексі — туа біт-кен қасиет, одан зейіннің сыртқы тітіркендіргіштерге тікелей байланыстыдығы айқын көрінеді. Зейіннің физиологиялык негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын фнзиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіркендіргіштер бір мезгілде әсср

185


етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларьшын, қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдык, ошағының қаркынды болуы мидағы өзара индукцня заңдарына байланысты.

Қозудың оптнмалдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардын, ми қабының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік нндукция заңына орай бір жерден екінші жерге ауысьш отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді. Мәселен, “Балалар, дұрыстап отырыңдар, кане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!” деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады.

Әйгілі физиолог ғалым Л. А. Ухтомский (1875— 1942 ж.) ми кызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта приципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейш, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп, жаңадан пайда 'болған қозу ошақтарың те-жеп қана коймай, оларды өзіне бағындырьш, жүйке жұмысын күшейте түседі (37-сурет). Доминанта принципі

37-сурет. Орталык жүйке жүйесіндегі доминанта принципі

қызметі.


Д — доминанта орталығы, С — субдоминанттар (бағыныңқы до-минанттар), билеуші доминанттың өзге орталықтарды тежеуге ык,-палы.

 

 

зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, баска тітіркендіргіш-терді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннін шоғырлануын адамнын белгілі бір іске ықылас-ынтасьшен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.

К. Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатьш орньш ерекше атап көрсетіп, “зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін

186

барлык ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады”1 — деген болатын. Онын бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісі мен психологияда, дидактикалық зерттеулерде күні бүгінге дейін өзінің дәлелдеп келеді.



§ 3. Зейіннің құрылымы мен түрдері және қасиеттері

Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншік-ті болып үш түрге бөлінеді.



Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар. Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді. Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялык деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл-күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындаеы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркен-діргіштер ішіңен күші басьш тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі — қызыл түстің көзге әсер ету коэффрциентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз баскалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Қез-келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ, тітіркендіргіш-тердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі кұралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы — ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі,

Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыс-тар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер, Адамды таңдан-



! Ушинский К. Д. Собрание сочинений, М„ т. 10. 1950, с. 22.

187


дырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннін, тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.

Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардын бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен банланысты болып, бір объектіге бағытталуьш ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің псадологиялык мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатьшен, ерік күшімен бай-ланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатың белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінсн нәтиже шығара алнас едІ.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінін, бәрі де балалардыа ррықты зейінін қальштастырьш, дамытыи отыруды қажет етеді, Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұиымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы ба-ланын өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.

Жұмыс орнының қолайлы болуы —• ырықты зейіннің. тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында кісіні көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың белсенді.жұмыс істеп отырған көңілің бөледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты — адамның психикалық күйі. Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т. б. ырықты зейіннін. сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақғандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдетгері де ырықты зейіннін, тұрақты болуьша ықпал етеді.

Адамнын күрделі мәселелерді шешуі, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі — мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.

188

Уйреншікті зейін — зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Сонымен, үйреншікті зейін- дегеніміз — қажетті әрі құнды больш саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүд-делі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе — істің нәтижесі.

Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы — әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді, Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйріншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.

Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты. Адамныңщ іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп, бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.

Сырткы және ішкі зейін түрлері. Объектісінің орналасу-жағдайына орай, зейін сыртқы және-ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды. Ішкі зейін — сананың ішкі іс-әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені,олар өз жан дүннесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін-бірі тежеп отырады.Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау өте қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар. Бұлар адамның шртқы қимыл-

дары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүше-лерінің түрлі қимыл-қозғалыстары арқылы байқалады. Ішкі зейіндер — сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл-қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты. Ішкі зейін қалыптаспайынша, адам-

ның ақыл-ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес.

189


Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау, мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейіи аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.

Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері, Ұжымдық зейін — бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады. Бүкіл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы бірқалыпты ұстау мүмкіи емес. Бірен-саран оқушының зейіні басқа нәрсеге ауын кетуі де мүм-кін. Мақсатты іске ұмтылған ұжьш ішінде зейіні ауытқитындар да кездеседі. Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-тәрбиешілердің-тәжірибелері ерекше рөл атқарады.

Топтық зейін — бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бул — зейінді ұйымдастыру-дың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.

Дарадық зейін өз міндетін орындауға әр адамньщ сана-сын бардарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл — зейіннін кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдаауға тиісті аса қажетті түрі.



38-сурет. _ Зейіянің көлемін елшейтін аспап — тахистоскоп.

Зейіннің қасиеттері. Зейін мынадай ерекшеліктерімен сипат-талады: а) көлемі, ә) бөлінуі, б) шорырлануы, в) тұрақтылығы, г) ауысуы.

а) Зейіннің көлемі — адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады (38-сурет).

Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/ІО секунт ішінде 10—12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі кескіндер

190

жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4—6 нәрсеге тең Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсак, онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сынаушы кісі сөз әріптерінің орны ауысканын, кейбіреуінің түсіп қалғанын, дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.



Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек. Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таньш процестерінін дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқын көрінеді.

э) Зейіннің бөлінуі деп адамньщ кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі, оньщ физиоло-гиялық негізі — ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет. Мысалы, жас ұстаз өз зейінің бірнеше объектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы оқушыларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрьш, қате жіберуі де, оқушылар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Өз алдында отырған кейбір оқушылардың тәртіп бұзып отырғанын да байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейінінің оған бөлінуі де ширап, сыньшты толық меңгеретін болады. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның жеке басының маңызды сапасына айналады.



б) Зейіннің шоғырлануы — адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырла-

191

нуы оның көлемімен, бөлінуімен де тығыз байланысты Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған оқушы зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда ол есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шо-шрлануының физиологиялық негізі — қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатың теріс индукция, Индукция тудыратын-тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда болады.

в) Зейшнің тұрақтылығы .деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уакыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т, б, жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы — тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді. Зейіннің толқуын қосарланған кескін су-реттерден байқауға болады. Егер квадрат салынған суретке бірнеше мннут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді, Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көріне-ді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.



39-сурет. 'Зейіннің ауытқуы.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке клеткаларыньщ ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оньщ күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғары жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.

г) Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуыньщ толқудан айырмашылығы — оның саналы түрде болатындығын. Аландау кезінде адам бір объектіден екінші

192


объектіге көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі максатқа байланысты өзгереді. Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып, зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырынан екінші қырына ауыстырып отырады. Зейіннің бұл қасиетінің физиологияльш, негізі — қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қоз-ғалғыштығына — қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты Жүйке процестерінің баяулығы зейіннін ауысуын қиындатады.

Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылау жұмысын орындаған оқушының келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі де “бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарьш таптым ба” деген ойлар тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.

Зейіннід қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді больш отырады.

§ 4. Зейінділік және адам зейінінің типтері. Зейіннің адам

өмірінде адатын орны

Адамның зейінділік күйіне тән нәрселер: сезімталдық, ойдын айқындығы, сезім кернеуі және ерік күшінің әсерімен істі ойдағыдай орындап шығуы үшін жан дүниесінің әсерлену шапшаңдығы. Мұндай жағдайда ырықты зейін басым болады. Зейінділік күй — адамның мүдделі ісі мен қажетті нәрсеге қызығуының күшейюіне байланысты. Бұл жағдайда ырықсыз зейін басым болады. Зейін күйікің тағы бір қыры—зейінсіздік немесе зейннің шашырап алаңдауынан байқалатын ерекшелік. Ауыр жүмыстан шаршау, терең ойға бату, қызықсыз істі орындау сияқты еебептер кісі зейінін шашыратып, оны алаңдауға ұшыратады. Соның салдарынан зейін-сіздік туады.

Адамды мінез сипатына қарай зейінді, зейінсіз, алаңғасар деп қарастырамыз. Іс-әрекет кезінде зейіннін белгілі бір түрлері қосарланып, зейінділікті тудырады. Еркі күшті, алдына қойған мақсаты айқын, соған жетуге талпынушы кісіге ырықты және үйреншікті зейін тән.

193


бұл жағдайда зейіннің ауысу шабандығы, бөлінуінщ нашарлығы сияқты кемшіліктер байқала қоймайды

Зейінсіздік — бір нәрсеге ден қоя алмай, үстірт пікір айту, өзге адамның жан дүниесін байқай алмау. Жігерсіздік білім саяздығы, мейірімсіздік сияқты ерекшеліктер баска адамдардың тағдырымен санаспайтын немқұрайдылықты туғызады, Адам бір нәрсеге ықыласты, ал өзге нәрсеге ықылассыз болуы мүмкін. Бұл адамдар-дың нәрселерге деген талғампаздығын көрсетеді. Ой талғамының дәлдігі, қолға алған істі аяғына дейін бітіру. адамның жан дүниесінің босандығы, табансыздық көрсету, ұшқалақ мінез — бәрі де адам зейінінің типтік сипаттарьш білдіретін қасиет-ерекшеліктер- Зейіннің саналы әрекетпен, адамның мінез-құлқымен, темперамент ерекшеліктерімен байланысты екендігі адам психикасынын, кез келген ерекшелігінен анық аңғарыльш тұрады,

Осы ерекшеліктері мен сипаттарьша орай зейін адамның психологиялық құрылымында айрықша орьш алып, оның іс-әрекет түрлерінде, бағыт-бағдарында айқын көрініс береді. Бір сөзбен түйіндегенде, зейін — адамның саналы әрекетінің жалпы психикалық дүниесінін есігі деуге болады.

XVIII тарау. СЕЗІМ



§ 1. Сезім мен эмоция туралы түсінік

Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. “Не сезіп тұрсың?” деген сөйлем мағынасы психикалық таным процессі түйсік ретінде қолданылады. Бірақ, сезім мен түйсікті өзара шатастыруға болмайды, Сондай-ақ, қабылдауды да. елесті де өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысын жеке дара танымдык, ерекшеліктері бар процестерге балау — қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты. Өйткені, адамның бойынан, түрі мен келбетінен оның жан дүниесінін, мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелдей көршіс береді-

Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның тибиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір

194


хағынада қолданылып жүр. Егер бұл ұрымдардың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін, арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз. Сонымен, сезім дегеніміз не?

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көніл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді, Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т б көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдык жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қыска мерзімді уақытша көрініс-

“Эмоция” ұғымының төркіні — “емовера> деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен шыққан.Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсер-лер салдарынан ызалану,қаһарлану, корқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция — адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды

іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатьш, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады.Сезім мен эмоциянын, адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады.Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекет-

шілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі — эмоция — жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалык процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз — адамның органикалық мұқтаж-дықтарын

195

қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.



Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанат тар дүниесіне тән — ызалану, корқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық-әлеумегтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінін пайда болуына себепші болды. Ч- Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуьш эволюциялык даму тұрғысынан дәйектей отырьш, сезімнін тек ақыл иесі — адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді.

§ 2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері

Өэге психикалық процестер сияқты сезімдердің дё табиғаты сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлык әрекетпен байланысты Сезімдердің физиояогиялық негізі басқа психнкалық процестермен салыстырғанда әлдеқайда күрделі Сезімнің сыртқа тебуінде мидың жоғарғы қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, еезімдер мен эмоциялар-дың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталық-тарында және вегетатнвтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар ирраднация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады, қанм сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын, бөліп шығарады. Ми қабығының астыңғы қабаты мен вегетативтік жүйке жүйесінде өтіп жататын физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердін жүйкелік механизміне жатады. Организмнің эмоцнялық реакциялары үшін мк кабының астыңғы қабаттары мен көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінін орталықтары ерекше қызмет атқарады.

196

Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығын көру төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқылы мидың проекцияларына жетіп жатады. Ал -организмде жоғары сезімдер болмай, төменгі, қарапайым ,қорқу. долдану, қарын ашу. төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады. Эмоцияның мұндай физиологиялық- негізі жүйке жүйесінін, арнайы қызметі, ең алдымен, ретикулярлық формацияға (оның өрлеуші және төмендеу-ші екі түрі бар) байланысты болып, мидың қызметін жандандыр-ады.” Ал екіншіден, ми төмпегінде (таламуста), әсіресе көру төмпегінің астыңдағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуір-лерде қалыптасқан қабаты мен жарты шарлардың соңғы дәуірлерде қалыптасқан қабаты лимбикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен эмоциянын дамуына елеулі әсер ететін фактор —-екінші сигналдық жүйе. Екінші сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі биологиялык қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам сезімдерінін өрісі кеңіп, онын жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык, сезімдері жетіледі, олар қоғамдык-әлеуметтік сипатка ие болады. Сөйлеудің арқасында эмоциялык, тәжірибені мақсатты түрде басқаларға беруге мүмкіндік туып, сезім мен эмоцияларды тәрбиелеп отыруға кең жол ашылады.



§ 3. Сезім мен эмоцияныч әлпеті

Көрнекті қазақ ақыны С. Торайғыров тіршілік әрекетінің өзгеруіне орай, адам сезімінің әлпеті де түрленіп отыратындығын айтып, оның сыртқа тебуін, яғни эмоция күшін былай бейнелеген болатын: “Сезімнін сыртка шықпас түрі бар ма? Оны жасырар адамның күші бар ма?!”. Ең алдымен, сезім тыныс алу мүшелері мен қан тамырларының жұмысына елеулі өзгерістер енгізеді Мұны сипаттау үшін Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының бірінші кітабында Сүйіндіктің үйіне әкесінің тапсырған шаруасымен келген жас Абайды көрген сұлу Тоғжанды суреттей отырып, автор: “Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, кайта сұрланды. Толқып кайтып түрған ұяндық па, басқа ма? Әйтеуір, өзінше әзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар”, — дейді Ал Тоғжанға ғашық болған Абай әлде-

197

қандай өзгешс “таңды” сезеді. “Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім... не сипатта бұл сезім?. Не боп барам? Такат, сабырым қайда? Бойынша тоңазығандай бір діріл пайда болды Себепсіз дірілдейд. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып шаншып кеткек-дей”'.



Адамның басында жүйкслік әрексттін қозуына байланысты көңіл күйі өзгеріп, тамырының соғуы жиілег. кетеді, адам демігеді. Қорыққан кісі сұп-сұр болып, бозарады. Ұялған адамның беті қызарып кетеді Оның көңіл күйі, сезімі дауыс ырғағынан, сазынан, қарқынынан да аңғарылады, Әсірссе. дауыстың кұбылмалы болуы неше түрлі күрделі эмоциялар — кекету, еркелету, мысқыл, келекелеу, табандылық, тілек, қынжылу мен ренжу, қымсыну мен сенім, масайрау мен қайғыны да өзін адамға ұқтыра алады. Осы орайда, сезімнін күрделі психикалык процесс екендігі, оның үнемі қарама-қарсы жағдайда болып отыратындығы көрінеді. Мәселен, қуану — ренжу, кулу — жылау, шаттану — қайғылану т. б.

40-сурет. Әрқилы сезім күйлерінің цнеймограф аспабы ярқылы зертгслуі және ирск сызықтармен бейнеленуі:

а — адам шаттық күй кешкенде I миитта 17 рет тыныс алады.

б — басынан өткен қайғы-мұңын есіне түсіргенде минутына 9 рет тыныс алады.

в — қайғы-қасірет шеккенде 20 рет тыныс алалды.

г - қорқынышты, үрейлі жағдайда 1.минутта 64 рет тыныс алады.

д — бойын ашу-ыза кернегенде минутына 40 рет тыныс алады.



Сезім мен эмоцияньщ сыртқа тебуінің айқын көрінісі — кулу мен жылау. Әйгілі ғалым Ч. Дарвин (1809—1881) мәнерлі қозғалыс әлпеті адамның арғы тегінің тіршілігі үшін пайдалы болған әрекет-тердің қалдығы екенін дәлелдейді. Қатты ашу кернеген адам жұдырығын түйеді, тістеніп, кейде тісін қайрайды, булығады. Әрине,қазіргі заман адамдарына мұндай кейіптер мен дөрекі

қимылдар көрсетудің кажеті жоқ. Дегенмен, адамдардың мәнерлі қозғалыстары, ым-ишаралары, мимикалық

198




41-сурет. Пнеймограф.

қылықтары, даусының өзгеруі оның көңіл күйінің қандай скенінен хабардар етіп, кісінің ішкі сезімі мен эмоциясы көз нұрынан, бет ажарынан, бет қимыл-қозғалысынан аңғарылып тұрады. Адамның сезім күйлері пнеймограф аспабымсн зерттеледі.

Бұл аспап адамның көңіл күйін зерттеуге арналған. Аспап зерттелуші адамның кеудесіне байланады да, оған "өмірінде басыннан кешірген қайғы-қасіретінді есіңе түсір”, -- дейді. Егер дайындалған адам басынан кешірген қайғысын (мәселен, анасы өлгенде жылағанын т б.) есіне түсіре алса, онда оның жүрегінің соғуы жиіле”, ол пнеймографка беріледі. Пнеймографты кимо-графпен байланыстырса, онда жүректің соғуын, вегетативтік өзгерістерді ирек сызықпен жазып алуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет