§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
Психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздық
16
іскерлігін өрістетіп отыруға жетелейді. Пспхология ғылымының. рөлі өскелең буынға тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді. Психологиялық таным процестері —түйсік қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары — оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, оқту әдістерін ғылыми негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек.
'Адамның жеке басына тән психологиялық касиеттердің бірі—оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратын айқын ақикат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр-сырын жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбнешілердің таным процестері мен психологиялық зандылық-тарды жетс білуі шәкірттерге тәлім-тәрбне беру жұмысын жеңілдетеді.
Адам өз психологиясының дамуы процесінде ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірді. Дене еңбегін жеңілдетін, оның нәтижелі болуы үшін қажетті құрал-саймандар жасап шығарьш, тиісті амал-тәсілдер-ді менгерді. Қазіргі заманда адам өзінің психикалық әрекетін жеңілдететін және оны нәтижелі ететін тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат қазіргі кезде автоматика, телемеханика, раднотехника, электроника, бионика, ғарышкерлік және баска ғылыми жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр.
Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатьш дүниетанымдык көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетіи, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру — психология ғылымының басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімсн тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын. оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытьш отырура баулиды.
17
ІІ тарау.ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТТЕР
§ I, Пснхологяның философня мен жаратылыстану
ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің манындағы дуниенің сырын танып білу-мен бірге, өз .денесінің, ішкі дүниесінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесін құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған, Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзкарасы қальштасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінін негізі — қан айналысына ерекше пән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік калыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з, д. XIII ғасырда де-нені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде теп бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық кызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятьш, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалык әрекетінің негізгі органы — жүрек, оның аткаратын кызмет біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінін қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дэрігерлері темперамент үш бөлшектеп тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден өттен
18
және кан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, козғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3) шырыннын ба-сьшдылығы — кішыл-козғалыстың баяулығын, сабыр-лылықты білдіреді дсп санайды.
Адам организмі жайындаш мұндай пайьшдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылымн түсініктер-ге жол ашканымен, екінші жағынан, әр түрлі діни на-ным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзкарас-тар^а душар бол,ц,ы. Дегенмен, психологиялык, және фи-зиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзкарас-тар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.
Б. з. д. VI ғасырда Ундістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралык ерекшелік-теріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты таньш білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларыньщ пікірінше, адамның, өз ішкі дүниееінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан іздестірш білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінек таралған философиялық — діни ойпікір әйгілі ғұлама Ковфуцийдің (б. з, д. 551-—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары — туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын — сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сыртган әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дұниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.
19
Крнфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кецінен жайды.
Адамның тәні мен психикалык тіршілігінде қан айналу процесінін. айрықша манызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасынын дамуы туралы жалпы заңдылықтардың, бір арнаға келіп құятынын көрсстеді Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенін, өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мен білімінін. философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды марғлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді. Міне, осы орай- да, пснхология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәнің практикалық маңызы мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан өрбіл шыққандығымен түсіндіреді. Бұл — объективтік шындық және ғылыми тұжырым
§ 2. Ежелгі психология
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан алуан іс-әрекеттершен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дуниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез-кұлық сипаттарының өзара айырмашылнқтарынан тұратындығы белгілі болған Осындай ұгым-түсініктерде адамнық жаны тәнімен бірге болады деп саналған.
Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салт-сананың дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша “анима” — жан деген сөзден шыккан) деп аталады,
Ежелгі грек жұртының ғұламалары — Гераклит {б, з. д. VI ғ,), Демокрит (б. з. д. V Р.) жан-табиғаттын бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жаады) оттын атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен,
20
жан туралы алғашқы ілім-психиканы адам тәнінін. кызметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427— 347 жж.) жан-мәнгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүлдесін қорғап, психи-касы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзкарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көз-қарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д 384—322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, “Жан туралы” деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүннесінің (психиканың) әрекетін шындык әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп кұруды мақсат етті. Пеичология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен біэге өмір сүретінія айта келіп, психикалық эрекеттерлін басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шьшдыкқа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды
Жан жүнесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукрецкй (б з д. I ғ.), Гален (б. з. д. I! р.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи кегіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470— 399 жж.) “өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай-ақ адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның эконо-макалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы танданарлык. жайт емес.
21
§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
Ежелгі дүниеиін, құл иеленушілік коғамның іргесі қаусап, тарнх сахиасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады Бұл дәуірдід тарихи даму сяпаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралык өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жай-ындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. Жан екі турлі сипатта өмір суреді деп уағыздалды. Псикика туралы ертеден қалытасқан тәжірибелік зертіеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.
Алайда, VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылы-ми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайыидағы ілім жанданып, жаңа сипатка ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті VII ғасырда Халифат мемлекетінің құрылып, араб тілінін мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзшк мәдениеттің орталығына ай-налдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендегсн халықтардың төл мәдениетінін, философия мен өзге де шлымдардық қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және баска да ғалымдардын. идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жақа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғүлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980—1037 жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126— 1198 жж } сияқты орта ғасырлық ғұламалардық зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965— 1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865— 925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді
Әбу Насыр әл-Фараби — саи алуан еңбектер жазып,
22
“Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалары бар. Солардың ішінде “Ізгі қала тірғындары”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері” тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияга дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер берелі Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның “Жан туралы” деп аталатын шығармасын жете зертгеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы — шындық фактор
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология гылымы туралы айткан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері мынадай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша — “әл қуат әл-газийа”); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану куаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындагы күш-қуаттьщ әл-Фараби атаған түрлері жеке психикалык процестердін атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің “Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары” дейтін енбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп керсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада карастырады. Әл-Фарабидің пснхология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғаеырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі кернекті ойшылдар шығыста — Ибн Сина, ал батыста — Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеу мен шұғылданып, олардың нәтнжелері еуропалық ел-
23
дерде кеңінеи таралды. Ибн Синаның “Медицина қағидасы” деп аталатын енбегі бес жүз жыл бойы жұмыр дүниенің шартарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден-бір құрал болды. Ал Ибн Рошдтын. ақыл-ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластнканы діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады Сейтіп, Ибн Сина мен Ибн Рощд квзқарастары табиғаттыа мәнгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оның заңдылығын болса, солай өзгерту мумкін емес, әрбір адамның мен даралығын мәңгілік деп санау шындыққа са” кслмейді дейтін мистпкалық ұғымның жалғандығын көрсетті.
Ибн Синанын көзқарастарындағы тағы бір мэселе — оның жан туралы философиялық және медицнналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы шкірі. Оның анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Алайда, ол бүл мәселенің психофизиологиялық мәнін ашып керсету үшін тә-жірибелік зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық нснхология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні — өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасынын табыстарына иек артып, неғұрлым тәжірибеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тұжырымдарын ол өзінің “Медицина қағидаларында” кеңінен баян-дайды. Адам психикасының ми қызметіке тәуелді болып отыратын-дығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдак қарастырылады. Ибн Сина зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық ба-ғыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді
Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның канат жаюына елеулі үлес қосты.
Орта ғасырлардаш еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денедек бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома
24
Акцинский (1225—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалык жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктсрдік шындықка сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—3263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэков ( І214 —1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямсн бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жанғыртты. Психологяяның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас-тартысты оқираларға толы болды.
Психология ғылъшыньщ тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Еуропа халықтары дамуьшда елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жанында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғальшы Френсис Бэкон (1561 —1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оныц нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда, дүнненің сырын тәжірнбелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVIІ ғасырдағы пснхологиялық он-пікірді дамытуда: а) жанды дененің соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашу: ә) әрбір индивидкс (жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бакылау арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін, оның өз мінез-кұлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекшс мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596-— 1650 жж.), Т. Гоббс (1588-1679 жж.), Б. Спиноза (1632 -1677 жж.), Г. Лейбнии (1646—1716 жж.). Дж Лакк (1612—1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар болды.
§ 4, XVIII ғсырдағы психологиядағы эмпиризм мен
ассоциацианизм. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
психология
XVIII ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И. Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің (1708—1777 жж.) зерттеулері оның негізі
25
болып саналды. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дуниесін зерттеу адамның ішкі сырын тусінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы танып білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады.
Сонымен, XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мәнісін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ойысып, түрлі психикалық процестердін, сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары псиликаның пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі кұбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті. Мұның бәрі-психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері
Ассоциативтік психология. Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы XIX ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есім-дерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек ғұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы катсгориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші — ағылшын дәрігері Гартлн (1705—1757 жж.). Ол психикалық процестердін бәрі ассоциацияра сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы (1749 ж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып калъштасуының бастамасы болды. Осы енбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің
26
тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалнстік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.
Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырьш түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. Бір сөзбен айтқанда, Гартлн теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологняның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), Джемс Милль (1778-1830), Дж Ст. Мнлль (1806—1873) сияқты зергтеушілер қол-дады Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден. ассоадация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар — елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топ-тағы психнкалық процестер аркылы құрылады, төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе аркылы санаға жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу барысы бнология мен жүйке физио-логиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады, Г. Гельмгольц (1821—1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді, Орыс физиологы И. М. Сеченев (1829—1905) ассоциацияның фнзио-логңялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-кұлықтың өз-геруіне бейімделеді деді
XIX ғасырдын, 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850—1909), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді басқа да психологтардың еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрлішс түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологняның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуьшда бұл ғылымның дербестік сипаты ай-қындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физлологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек артты.
27
§ 5. Психолегияның дербес және тәжірибелік ғылымға
айналуы
XIX ғасырдың ортасьшдағы психикалық іс- әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зсрттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конт — 1798 — 1857), иррационализм (А, Шопенгауэр — 1788 — 1860), волюнтаризм. вульгарлық волюнтаризм бағыттары тұтынған қағидаладың мақсаты, түптеп келгенде, психикалық құбылыстарды идеалистік және кертартпа жолға салу еді. Мұндай бағыттар В. Вундт, Джемс, Бергсон, 3 Френд сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етт Г. Вульгарлык риализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б.) деректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыны сияқты қатынаста болады деген қате пікірді қолдады. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі кұбылыстарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып, адамның жан дүниесі жайьшдағы түбегейлі мәселелердің шындығын аша алмады.
Адамныц санасы мен жеке басына тән мінез-құлқының тарихи тұрғыда әлсуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын XIX ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белнвсһий (1811 — 1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. А. Добролюбов {1836—1861), Н. Г. Чернышевскнй (1827— 1889) бірыңғай материалистік негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адам психикасының қыр-сырын табиғи тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материалистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірлердегі саяси экономикамек, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты.
Г. Гегель (1770 — 1831) өз еңбектерінде сананың тарихи адамның даралық ерекщеліктерімен байланысты қарастырды.
Психиканың дамуы, адамның табиғн мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі екендігі К. Маркс, Ф Энгельс,
Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін акыл-ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адам-
28
ның жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге не болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айкындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.
Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес гылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі — физика мен хнмия, физиология мен биология, дарвинизм мен рсфлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологисы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері
Психология пәніи өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннін тәжірибелік (эксперименттік) ғылым іксндігіи айқын сезіне аламыз. Бұл аныктаманың мәнісин әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялык сипаттардың сырын, мән-жайын арнайы тәжірнбелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннін, тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырын баяндаймыз. Мәселенг 1) В. Вундт және Ф. Брентано (1838—1917) көзқарастарындағы психикалық кұбылыстардын әуел бастан “өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дәрменсіздігі;
2} И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оныд тіршілік ортасы өзара қатынасы — алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны — нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзкарастардың философиялық және биологиялық негіздері; 4) ар кезевде тарихи жарынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнін биологиялық құрылымы; 5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық жәнс дарвиндік зерттеу нәтижелері.
XIX ғасырдын ортасында психологияның дербес және тәжірибе-лік пән болып тарихи қалыптасуы нәтижесіндс адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттсу қызу жүргізіледі. Өмір тіршілігінің мұндай талаптары психологияның жаңа салалары мен тармақтарынын өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Осы жағдайлар адамтану ғылымдары арасында психолгияның
29
жетекші орын алатындығын айкын аңғартты және сол кезеңде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді: экспери-ментальдік психология, бұл сала қазіргі кезде жалпы психология деп аталады; дифференциалды психология, оның негізгі зерттеу объектісі — адамның даралық ерекшеліктері; балалар мен тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы; жануарлар психолегиясы; әлеуметтік және мәдени-тарихи даму психологиясы; психотехника.
Психологияның дамуындағы осы кезенде әрі түрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар: Э Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі — В. Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті); Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К. Бголер, О Зельц). Бұл мектептің негізі Германняда қаланды.
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі максаты — психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез-кұлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р. Вудвортс (1869—1962) болды.
Бихевиоризм — XX і-асырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торнданк (1874—1949).
Гештальт — психология — Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қаалаған Макс Вертгеймер (1880—1943). “Гештальт” немісше — тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты — жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.
Фрейдизм. Бұл — Австрия ғалымы 3 Фрейд (1856— 1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.
Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсьшыра ғылымдармен байланыста болады.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алып, XX ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы-мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты
30
XX ғасырдын, 30—40 жылдарында капнталистік елдерде бихевиоризмйін психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт-бағдары және ғылыми маңызы бар когнитизтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, таньш білу), гипотезалық-дедукцияльқ бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды.Неофрейдизм - (көрнекті өкілі — X. Кории, 1885—1953} — биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен бай-ланысын нсихологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (І890—1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынасын карастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл-ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т, б мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман-швейцариялық Жан Пиаже (1896—1980).
Бүгінгі таңда психология пәнінің өрістеп, кеңінен дамуы адамды зерттеп, оның жан дүниесіне терең бойлау қажеттігінің артып отырғандығын көрсетеді.
§ 6. Қеңестік псяхологияның дамуы
Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ, бұл пәннің дамып өрістеунің Батыс елдерінен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерден адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, діни көзқарастар мен хұқықтық жағдайлардың шиеленісті болғандығын айқын аңғарамыз. Ресейде психологиялык ой-пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі — бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана-сезімнін дамуы, екіншісі — ресми идеология.
И. М. Сеченевтыц “Бас миынын рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі пснхология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық-ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік. психологиялық ой-пікірдін дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г II. Челпановтың (1862 — 1936), кеңестік кезеедс В Д, Бехтеревтің (1857—1927), И. П. Павловтың зерттеулері, Н. Е. Введенский мен
А. А. Ухтомскийдін, рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты.
1930 жылдары әлеумегғік өмір мен тәлім-тәрбие істе-
З1
рін жандандыруда педологиялық бағыттык адам ақыл-ойын зертгеу негізінде жүргізген тәжірнбелік істері елеулі нәтижелер берді. Алайда, 1936 жылғы БК(б)П мен Кеңес Үкіметінің өктемдік саясатына орай, бұл бағыт Наркомпрос системасындағы педология-лық бұрмалау және идеалистік ілім деген атпен айыпталып, ғылымн тәжірибеден аластатылады. Дегенмен, емір тәжірибесі көрсеткен-дей, кезінде педологияның объективті тустары болды
Кеңестік дәуірде пснхология ғылымыньщ іргесін қалауға
П. П. Блонский, В. Я. Струмлинский, Қ. Н. Қорнилов, Б. М. Теплов т. б. айтарлықтай үлес қосты, Психика дамуьш әлеуметтік тарихи-мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған
Л. С. Выготский (1896--1934), іс-әрекет психологиясының мәселе-лерін зерттеген С. Л Рубинштейн (1887—1960), А, Н Леонтьев т. б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы мен принциптгерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның- тарихи даму мқтаждығы-ның, экономика мен идеологияның мәдениеттік өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде асихологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жетіліп, жеке-жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім-тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан кырлы болғанын ерекше атап көрсеткен жөн.
§ 7. Қазақстанда психология ғылымынын даму жолы
Психология ғылымына тікелей. қатысты болмағаны-мен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда ете ерте кездерден бастау алып, ХУ--ХІХ ғасырлардағы қазақ халқы ғұламаларының, арартушы-демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде акын-жыраулардың өлең-толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдарда ел намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлардын отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпақка тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде әр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
Аса көрнекті ғалым Ш. Уәлиханов шырармаларында халықтың рухы оньщ таным-каным түсініктерімен тығыз ұштастырылады,
Ы. Алтынсарин еңбектері этникадық және балалар психологиясы-
ның қыр-сырына толы
32
деуге болады. Сондай-ақ, Абай туындылары да туған халкының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл-ой шыңына дейінгі мәселелерді егжей-тегжейді қамтиды. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыс-ты болады деген орынды сөз қалдырып, “Дене азыққа тоюдан жан ержетер жан ержетіп, дүниенің сырын табар” дейді. Ол адамның тәиімен бірге оның жаны да, ақыл-ойы мен сана-сезімі де өсіп, жетіліп отырады, олардың негізі — тәнде, адам өлгеннен кейін онда қимыл да, сезім де, жек көру де, махаббат та, өмір де жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда, тәннеи бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деген реалистік қорытынды жасады. Осы бағыттағы психологиялық ой-толғаулар мен пайымдау-түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы-демократтарда, ақын-жырауларда көп кездеседі.
Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, оның аясы халыққа білім беру, тәлім-тәрбие істерінің мақсат-міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың “Пснхология” оқулығы мен “Жан жүйесі және өнер тандау” деген туындысы — психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920—1930 жылдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтардың оқу-ағарту, тәлім-тәрбие істерімен өзара ұштастырылган ұлттык сипаттағы психологиялық ой-пікірге толы терең мәнді ең-бектер жазғаны белгілі, Сояымен қатар,
С. Балаубаев, Т, Тәжібаев, М. Мұқанов, А. Темірбеков, Ә. Ситдықов, Е Суфиев тәрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырьштары сан алуан. Қорыта айтқанда, Қазақстандагы психология ғыльшы сан-салаға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.
ІІІ тарау. ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ САНАНЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ-ТАРИХИ СИПАТЫ
§ 1. Өлі табиғаттың тірі та0иғатқа айналуы
Табиғат заңдылықтарын жете түсініп, олардын мән-жайын бағдарлауда психиканьщ пайда болуын, адам санасының жетілуін байыптап баяндау ең күрделі мәселелердің бірінен саналады. Материалистік ағымды жақтаушы ғалымдар психиканы ұзақ уақыт-тағы материя дамуының эволюциясы деп түсіндіреді. Материя табиға-
33
тын зерттеп, оның түрлері мен формаларын, олардың бес қасиеттерін анықтауда қозғалыс материяның сұру тәсілі екендігін анықтайды. Қозғалмайтын, абсолютті тыныштықта болатын матерня жоқ. Әлемде өлі табиғат та, тірі табиғат та үнемі козғалыста, өзгерісте дамуда болады, Күллі материяның, өлі табиғаттан бастап ең жоғары сатыдағы күрделі материя — адам миының бейнелеу қасиеті мен оның әсерге жауап қайтаруы да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Материяның бейнелу формасы оның өмір сүру тәсіліне байланысты. Бейнелеу сыртқы әсердің снпаты мен формасына карай білінеді. Өлі табиғаттағы денелер мен заттардың қозғалысы михани- калық, физикалық, химиялық әсерлер түрінде байқалады, Мысалы, жердің бетін үнемі судың шаюы, жел мен ауаның әсері арқылы жартастың мүжілуі, теңіздің жағаға соғып тұратын толқыны салдарынан өзге заттарға қысым түсіріп, олардың түр-тұрпатын өзгерті.
Материяның тірі табиғатқа ауысу кезеңінде оның қозғалу формасы да өзгереді, тірі табиғатқа тән бейнелердің жана сапалық түрі — психика пайда болады. Материя козғалысындағы биологиялық форма ~ табиға тіршілігіндегі жаңа сапалық көрініс. Өлі табяғаттан тірі табиғатқа өту жөніндегі түрлі болжамдар бар. Соладың бірі — А. И. Опариннің тірі табиғаттың пайда болуы жайындағы көмірсутек негізінде азот, көміртегі, с) фосфор және күкірт атомдарының түрлі конфигурглық байланысуы нәтижесінде түзілістер пайда болады дейтін теориясы. Қазіргі ғылымда бұл теорияны қолдайтын мағлұматтар мол. А. И. Опариннің болжамы бойынша, бұдан шамамен екі миллиард жыл бұрын атмосферада бос оттегі бөлініп, органикалық заттарда фото- химиялық реакциялар-дың жүруіне жағдай туған. Ол алғашында қоймалжың зат түрінде болған, Органикалық қосылыстар көмірсутектерінің полимерленуі нәтнижесінде алып молекула пайда болған. Молекула өзінің құрам-дас бөліктеріне жеңіл бөлінген. Бұл қосылыстар тіршілігі әрі қарай жалғасып тұруы үшін үнемі ортамен зат алмасуы кажет болды. Молекулалар бойына ортадан жаңа затты сіңіріп ассимиляцияланьш, бөлінген заттарды ыдыратып, өзі өндіретін жүйеге айналды. Орта-мен зат алмасуын автокатализдік ретке келтірді. Белок молекуласы-мен ортаның зат алмасуы әуел бастан белсенді жүрген. Бұл алып молекула коацерват деп аталады. Қоацерват тамшылары, өзара бәеекелесті. Химия
34
лық құрамы жағынан әсерлі кейбір тамшылар өзгелерінен тез өсті. Олар алып дәрежеге тез жетіп, тез ыдырап отырады. Өсу, ыдырау процестері осылай қайталана берді химиялық құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, коацерваттардың қасиеті мол болады. Осы орайда, оны тірі организм кұрылымы деп қарауға болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Коаврваттар ортадағы қоректі заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттарға тітіркеніп, оларға ауап қайтарды. Ал өмір сүруіне қажетсіз заттарға тітркенбеді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Коацерваттар бөлінуге, түрлі химиялық қосылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі нәселердің күші мен сипатына ғана емес, олардың орталық түзілістері мен коацерваттардьщ ішкі жағдайда байланысты болған. Мұндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің геологиялық дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді.
Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғат-герототипі — коацерваттарда, кез-келген тірі организмдерде бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайдалған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес, организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Кез-келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Оргвнизмнің ұзақ мерзімді эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері — түйсіну, қабылдау, ес, оулау формалары пайда болды.
§ 2. Тітіркенгіштік, тропизмдер
Барлық тірі организмдердің эволлюциялық даму сатыларындағы биологиялық ерекше түрі — тітіркенгіштік. Тірі организмнің биологиялық мәнді белгісі — тітіркендіргіштерге әсерленуі. Тітіркенгіштік — төменгі сатыдағы бір клеткалы өте қарапайым организмдерге тән әсерлену. Сыртқы ортаның биотикалык әсерінен тірі организм протоплазмасының формасы өзгереді. Өзін-өзі реттейтін тірі клеткада тітіркену әсерінен ізденіс қозғалысы туады. Ортаның әсері тоқтасымен клеткалардағы химиялық зат пен протоплазма құрылымындағы өзгеріс қайта қалпына түседі. Тірі органнзмнің түрлі қимыл-
35
қозғалыстарын өзгерту аркылы биотикалық факлойларға әсерлену тропизм немесе таксис деп аталады. Оңың төмендегідей түрлері бар, яғни фототропизм — тірі организмнің жарық сәулеге әсерленуі, термотропизм жылу әсерінен организмнің қозғалуы, хемотропизм механикалық әр түрлі қимыл-қозғалыстарға жауап тарып әсерленуі. Өсімдіктер тіршілігіндс өзін-өзі реттеуге ықпал ететін биологиялық бейнелеуге қатысты тропизмдер де бар. А. Н. Леонтьевтіа жорамалы бойынша, генетикалық жағынан қарастырғанда, сезімталдық-ті-тіркендіргіш организмнің басқа әсерлерді ажыратуы, яғни белгілік функцияны айырып, оған бағдарлануы, Бұл организмнің тітіркену-ден сезгіштікке ауысуы оның тіршілігіндегі бейнелеудің күрделі түрін білдіреді. Ал жоғары сатыдағы жануарлардың сезім мүшелері жетіліп сезгіштік қасиеті әлдеқайда дамыған болады. Жануалардың әсер еткен нәрселердің исін, түр-түсін сезін олардьвд тіршілік ету қажеттіліктеріне сай келмейтін са, онда ондай тітіркендіргіштер тек сигналдық-белгі мағынасында больш қала бермек. Тіпті қарапайым жәндіктер де белгілі жағдайда өз тіршілігіне қажетті биотакалық, абиотикалық тітіркендіргіштерге әсерленеді.
Жануарлар организмінің өсімдіктерге қарағанда бейнелеу мүмкіндігі мол. Мысалы, олардың ннфузориялар үшін бейтарап белгі больш саналатын жарық әсеріне тітіркенетіндігі байқалған. Тәжірибе мынадай тәсілмен жүргізілген. Ішінде суы бар түтікке қарапайым организмдер енгізіледі де, түтіктің бір жағы қыздыр-ылады. Бір клеткалылар түтіктің қыздырылған бөлігіне қара қозғалып, жылуға жиналады. Түтіктің жылытылған бөлігіне жарық түсірілген. Қалыпты жағдайда жарыққа тітіркене коймайтын инфузориялар1 жарық пен жылылық бірігіп әсер еткенде, оған тітіркенген. Бұл тәжірибе бірнеше рет қайталанғаннан кейін температура көтерілмей ақ, жәндіктер жарыққа жиналған.Бұдан туатын қорытынды — қарапайым жәндіктер де ортаның өзгермелі әсеріне бейімделіп, оны бағдарлай алады. Әрине, әңгіме тек бейімделу мүмкіндігі жөнінде ғана болып отыр. Сол уақытша орнаған байланыс тәжірибе біткен соң бірден сөніп қалган. Бейнелеудің сөнген формасы қайта қалпна.
з Тропизм — грекше бурылу, бағыт деген сөз. Биология ғылы- мында — төменгі сатыдағы бір клеткалы организмнің сырткы кендіргіштерге әсерленуі. Т а к с и с — грекше ретімен арналасу Биологияда — бір клеткалы өсімдіктер мен жәндіктердің өздігіней қимыл -қозғалысы.
36
келмейді, сыртқы жағдай өзгерсе, жәндіктердін. оған бейімделу жағдайы да басқаша болады.
Бейнелеудің жоғары түрі көп клеткалыларда кездеседі. Олардың қарапайым түрінін бірі — ішеккуыстылар. Олардың құрылысы едәуір күрделі. Күрделі клеткалар саны клетканың әртүрлілігіне де байланысты. Ішек-қуыстылар денесінің сыртқы бөлігінде айқыш клеткалар, ал ішкі бөлігінде ас қорыту клеткалары орналасқан. Көп клеткалар аса сезімтал протоплазмадан тұрады. Организмнің бір бөлігіндегі тітіркенуді екіншісіне өткізетін клеткалар бар. Ерекше сезімтал клеткалар өзара түпісіп, бүкіл организмді қамтитын жүйкелік жүйе түзеді. Ішек қуыстылар өте сезімтал қармағыштары арқылы өзінің жемін ұстайды. Эволюция процесінде ішек-қуыстылардың құлқы таксис түрінде тұкым қуалайтын сыртқы органдардан және олардың даралық тіршілігінде жасалатын уақытша байланыстар — шартсыз рефлекстерден құралды. Мысалы, актинияға қағаз бөлшегін тақаса, ол қағазды ауыз қуысына апарып, бірден жұта салады. Осы тәжірибені бірнеше рет қайталағаннан кейін актиния жұтқан қағаздарды аузынан қайтадан шығарып тастайды. Бірақ, ондай рефлекс 3—4 сағаттан кейін сөнеді де, актиния қағазды қайтадан жұтады. Яғни уақытша жасалған байланыс — қыска мерзімді. Эволюциялық даму сатысына қарай ішек қуыстылардың дене құрылысы күрделеніп, өзіне тән бейнелеу органдары жетіле түседі, олардың иісті, дәмді сезе алатын нышан-дары болатыны айқын аңғарылады. Оның сегменті жүйке клеткаларының жинағы — гангийден тұрады. Бас сегментінің ганглий ішекқуыстылардың өзге буындарындағы бейнелеу әрекетінсн күрделірек. Себебі, әрбір сегмектке жекелеп әсер етсек, олар жиырылады. Көптеген жүйке түйінділерінің пайда болуы қоршаған орта жағдайына икемделуге бірден мүмкіндік тудыра алмайды. Ганглийлер тізбегінде бас ганглий сегментінің басшылық мәні басьш. Дененің түрлі бөліктеріне әсер еткен тітіркендіруді жинап, оларды талдап, импульстерді басқа клеткаларға бағыттайды. Бауырымен жорғалайтындар мен ін қазатын жәндіктердін. бас ганглийінде сезгіштік мұртшалары және көрудін алғашқы нышандары болады.
36
37§ 3. Құлықтың инстннктті түрлері
Жауын кұртының құлқы ішек қуыстылармен салыстырғанда едәуір күрделі. Себебі, оның әрекеті мен тіршілік ету жағдайы да күрделірек. Жауын кұрты жапырақты үшкір жағынан тістеп, ініне тартып алады. Зерттеулерге қарағанда, құрттың бұл әрекеті—жапырақ формасын аңғарғаидықтан емес, оның үшкір жағындағы химиялық заттарды сезінуінен. Құрттарда туа пайда болатын шартсыз рефлекс олардың осы әрекетінен анық байқалады. ІПартсыз рефлекс сыртқы ортанын. тұрақты әсерінен туындайды. Ганглийлік жүйке жүйесі бар жәндіктерде шартсыз рефлекстермен қоса кейде әлсіз түрде болса да шартты рефлекетер жасалады. Мынадай тәжі-рибе жасалған: жауын құрты үшін “Т” тәрізді лабиринт жасалып, ол өз ұясынан шығатын жол табуға тиіс болады. Құрт лабиринттің оң жағынан ініне кедергісіз кіріп, сол жағына бұрылғанда, әлсіз электр тоғына соғылатындай етіп жасалған, Тәжірибе 120—180 рет қайталанғаннан кейін ғана жауын құрты бірден оң жағына бұры-латын болған. Шартты рефлекс жасалғаннан кейін тәжірнбе керісінше қайталаиған. Бұл жағдайда шартты рефлекс алғашқыға қарағанда 2—3 есе тез жасалған. Осы нәтшке ганглийлік жүйке жүйесінің тітіркендіргіштерге әсерленгіш күрделі жүйкелік құрылым екенін байқатады. Осындай зерттеулер эволюциялық дамуда жәндіктердің сезім органдары арнаулы рецепторларының түрлі тітіркендіргіштерге икемделгіш келетінін көрсетеді.
Инстинкт арқылы аралардың құлқын зерттеу олардың күрделі топ болып тіршілік етуге бейімділігін аңғартады, Ара ұясында бір ғана аналық, оңдаған аталық және жыныс жағынан жетілмеген жүздеген трутендер болатыны белгілі. Жұмысшы аралар — трутендерің колоиияда атқаратын қызметі өте күрделі. Олар алдымен личинкаларды қоректендіреді, ұяны тазалайды, күзетеді, азық тауып, оларға қолайлы жағдай жасайды. Сырт карағанда аралардың мұндай инстинкті олардың тіршілік-әрекетін “саналы” сипаттағы етіп көрсетеді. Олар ұясыная ұшып кетер алдында жерді қопсытып, личинкаларды жасырып қояды. Әкелген жемін ұясына кіргізуден бұрьш ініне топырақ түсіріп, ішін тексеріп көретіндей әсер қалдырады. Содан кейін ғана жемін ұясына алып кетеді. Ал буын аяқтылардын мұндай әрекеті “мақсаттылығымен” таңдандырады. Бұл — әрине, ин-
38
тинктті мақсаттылық. Осы әрекетті жәндіктер тобының әрбір дара өкілі бірдей қайталайды. Тітіркендіргіштер жүйесініи бірі бұзылса, әрекет қайталанбайды. Зоопсихолог маман В. А. Вагнер (1849—1934) авалық өрмекшінің инстинктті әрекетіндегі құлкын іздестірген. Көбіне өрмекші қуыршағы ішіндегі жұмыртқаларды паразиттер жепқ қояды. Ал аналық өрмекші соған қарамастан ұрпағын “жетілдіру” үшін әрі карай баса береді. Осы ретте, аралар реакциясының да мақсаттылығы салыстырмалы. Егер балауыздың астын тесіп қойса, аралар оған қарамай-ақ, балын әкеп жинақтай береді, Франауз зерттеушісі К. Фабр сонаның қалыптасқан инстинктті кұлқын байқап көрген. Сона өзі шағып, шалажансар етіп тастаған шегірткені інінін, аузына әкеліп қояды да қайтадан бақылауға кетеді. К, Фабр шегірткені інінен қанша рет алыстатьш қойса, сона оны сонша рет іздеп тауьш алып, інінің ішіне бағыттап отырған. Бұл — барлық сонаға тән сипат. Қорыта айтқанда, ' бұл мысалдардан инстннкттің шектеулі әрекет екеніне көз жеткіземіз.
Инстинктті әрекеттің механизмі мынадай: сырткы әсер рефлектор-лық реакция тудырады, ол аяқталған соң келесі реакцияны тудырып, тұқым қуалап отырған карапайым әрекет қайталанып жүзеге асады. Инстинктті әрекетте тұрақты жағдай негізгі орын алады. Кейбір инстинкттер бір түрдің барлығына бірдей тән болғаны-мен, оның әрқайсысында инстинкттің тармақталуы өзгеше болуы мүмкін. Инстинкттің мұндай ерекшелігі өмір сүру жағдайының өзгеруіне қарай турлердің тіршілік бейнесін сақтап калуды қамтамасыз стеді. Жас жәндіктердің тіршілігін бақылау арқылы инстинктті әрекеттің таптаурын болған ізімен үйренусіз-ақ өтетінін көруге болады. Инстинкттің дамуына жәндіктердің даралық тіршіліктерінде туа берілетін бағдарлы меңгеру тәжірибесі әсер етеді. Табиғат зерттеушілердің бақылаулары жәндіктердін өмір-тіршілігінде көптеген шартты байланыстардың да жасалатынын ашып көрсеткен. Бұл байланыстар әр түрлі рецепторлар кызметі негізінде жасалады Ал бұлар козғалыс белгілерінің негізінде жасалатын әрекет-қимыл есі, түр мен түсті көру есі болуы да мүмкін.
Егер бал арасынын, омартасын шығыстан батысқа қарай екі метр жылжытып орналастырсақ, бал жинап оралған аралар омартаның бұрынғы орнында ауада жиналады. Бірнеше минуттан кейін омартаның жана орнына ұшып барады Аралар кеңстік белгісіне қарай бағ-
39
дарлап қозғалады. Тек ол дұрыс болмаған жағдайда көзі көмек-теседі. Жәндіктер тіршілігінде олардың бағдарлауы ерекше орын алады. Олар өздері қоректенетін гүл формаларының ерекшеліктеріне байланысты спектрдің, түрлі бөлшектерің әсіресе, көк-жасыл, көк және ультра күлгін түстерді жақсы ажырата алады, Бақылау нәти- жесінде жәндіктердің шартты байланыстары инстинкт тудыратын белгілерге қарағанда, ұқсас тітіркендіргіштерде тез жасалатыны анықталды. Мұны дәлелдеу үшін бірнеше банкіге су мен қант ерітіндісі құйылып, үш және төрт бұрышты ыдыстар жасалған, дөңгелек тесігі бар, жәшікке картиналарды гул турінде орналастырып, тәжірибе жүргізілген. Оларға алты жұлдызшасы бар сурет салынған. Осы тәжірибелерде аралардың үш бұрышты, төрт бұрышты геометриялық фигураларды ажыратуына қалыптастыру күрделі фигураларды ажыратуына қарағанда әлдеқайда жеңіл болған. Бір қарағанда таңданарлық жайт болып көрінгенімен, бұл геометриялық фигуралардың аралар өздері шырын алатын гүлдердің құрылысына ұқсас болатын биологиялық мәніне байланысты., Ганглийлік жүйке жүйесі бар жәндіктерде уакытша байланыстың тезірек жасалатынын осыдан көруге болады. Уақытша шартты байланыс инстинкт деңгейінде ғана жасалады.
Инстинкттік құлықты тек буын аяқтылардан ғана емес, омыртқа-лы жануарлар-балық, амфибия, бауыры-мея жорғалайтындардың және құстар мен сүткоректілердің әрекеттерінен де кездестіреміз. Балықтың колюши деген түрінің аталығы ұрпағы” қорғау үшін су қоймасынын түбінен шұңқыр қазып, оған ұсак. балдырларды төсеп, қабырғасын, тебесін ірілеу шөппен бастырьш ұя салады да, оны денесінен белінетін сұйыктықпен желімдейді. Содан соң аналығын уылдырық шашуға сол ұяға кіргізіп, ұрпағы өсіп шыққанша, өзі ұяны күзетеді. Ұрпағын өсіру, жыныс, ас қорыту, қорғау инстинкттерінің осындай күрделі түрлері омыртқалылардың көпшілігінде кездеседі. Ортаның өзгерісіне қарай жәндіктердің құлықтарында да сәл-пәл езгеріетер болады. Құстар балапандарың тастап кетсе, ал сүтқоректілер ұрпағын жеп қояды. Бұл — қорғаныс икстинкті. Америкада барлық аңдардан қорғануға бейімделген, жүні қоңыр арқасындағы ақ жолағымен алыстан танылатын екунс деген кішкене аң бар. Ол өз бойынан улы иіс шығарып, жауынан қорғанады. Ең ірі жыртқыш андар да оның (иісіңен бірнеше сағат бойы есінен танады. Ал өзге аңдар оныа
40
жанына жоламайды, айналып өтеді. Бұл авды біздің елге әкеліп жерсіндірген. Анды тамақтандырғанда уланып қалмас үшін оның улы иіс бөлетін безін сылып тастаған. Оның орман ішіне еркіндікке жібергенде, иттер қуып жетіп, жеп қойған, Бұдан кейін скунсты операцня жасамай-ақ күтудің тәсілін тапқан.
Жануарларда инстинктті реакцня қарапайым стимулдар нәтижесінде пайда болып отырады, Этологтар жануарлардың инстинкттерін зерттеу мақсатымен бақаға тәжірибе жасаған. Бақа көз алдындағы жәндіктер ұшканда ғана аулауға талпынады. Шапшаң қозғалатын жәндіктерді ұстап альш қоректенеді. Бұл жайтты анықтау ниетімен жіңішке жіпке қағаз байлап, бақаның көз алдына апарып қозғасақ ол осы жемді ұстауға секіреді. Сутқоректілер, мысалы, жаңа туған бұзау да, күшік- те анасының емшегін іздейді. Мұндай әрекет бағдарльг белгіден туады. Күшік жылы жүнді сезеді. Егер анасының орнына жылы грелканы берсе, онда оның емшекті іздеу реакциясы болмайды. Ал оған жылы жұнді тақаса, емшек іздей бастайды. Жаңа туған бұзау көзінің алды қа-раңғыланса, жауап қайтарады. Аузына мүйіз салса, бұзау ембейді, ал мүйізді оның аузына төбесін қараяғылап барып салса, ол еме бастайды. Бұл — инстинктті әрекет, ол жәндіктердің, жануарлардың тітіркенгіштерді бейнелеу әсері түрліше болатындығын көрсетеді,
Омырткалы жануарлардың бас миы мен жұлыннан құралатын түтік тәрізді жүйке жүйесі тіршілік ортасындағы заттар мен нәрселерді нақты бейнелей алады. Жоғары сатыдағы жануарлардың әсіресе, сүтқоректілер құлықтарының дамуы мен қалыптасуы, сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, олардың әсеріне икемделуі әлде-қайда күрделі. Осы ерекшеліктеріне орай жоғары сатыдағы жануарларда шартты рефлекстер қарапайым жәндіктерге қарағанда неғұрлым шапшаң жасалады. Уакытша байланыс тудыратын бейнелер: түр, түс, заттын, тұрқы, дыбыс және дәм сапасы. Мұндай байланыстар баяу өзгереді. Алабұғаның шабақтарды аулауы тәжірибе арқылы зерттелгенде, шартты' рефлекстің тез жасалатықы анықталған. Экспериментте шабақтар мен алабұға акваркумға салынып, оның ортасы әйнекпен бөлінген де, бір жағына алабұға, екінші жағына шабақтар жіберілген. Алабұға шабақтарды ұстап жеу үшін ұмтылады да, ортадағы әйнекке келіп соғылып, кедергіге ұшырайды.. Соның салдарынан алабуғада біртіндеп уақытша байла-ныс жасалады. Кейін сол кедергі — әйнек алынып тас-
41
талса да алабұра шабақтарра шабуыл жасамай, аквариумда бірге жүзіп жүре берген.
Жанды материядағы бейнелердің келесі бір күрделірек түрі даралық мінез-құлықты, икемді қимыл-қозғалыстарды өздігінен қалылтастыруға негізделген. Мінез-құлықтың мұндай ерекшеліктері дара жәндіктер психикасындағы талдау мен біріктіру қасиеттерін ортаның жағдайы мен температураны, нәрселердің түсін, исін ажыратьш бейнелеуге негізделген. Егер тауықты торға қамап, оның сыртына жем шашып қойса, ол торды түртіп, шоқи береді. Ал одан жоғарырақ даму сатысында тұрған қарға, сауысқан мұндай жағдайда басқаша әрекет жасайды. Алғашқы сәтсіздіктен соң кедергіні айна-лып барып шашылған жемді жейді. Бірінші жағдайдағы тауықтың торды шоқуы ннстинктті әрекет болса, ал екінші жағдайда сүтқоректілердің құлқынан талдау әрекеті айқын байқалады, Жануарлар да жағдайды тұтас қабылдап, талдап, өзгерген жағдайға бейімделе отырып,! өз құлқын реттейді. Жоғары сатыдағы жануар-ларда инстииктті құлықпен бірге' даралық өзгергіш құлықтың да көрініс беретіндігін аңғарамыз. Бұл жаауарлардын дағдысы мен даралық әрекеттеріндегі уақытша байланыстардың (шартты рефлекстердің) нәтяжесі болып саналады.
Дағды — автоматталған әрекет. Жануарлардың дағдысы туа берілген қимыл-қозғалыстар мен кездейсоқ қозғалыстарды қайталау арқылы қалыптасады. Мысалы, үйретуші адам қоянды барабан соғуға тез жаттықтырады. Бұл -— әр түрлі қимылдар жасауға баулу. Тоғай ішіндегі барлық қояндар шіріп құлаған ағаш түбірлерін олардың бұтақтарымен ұрьш, “барабан соғады”. Ал қозғалыстық екінші түріне шынжырлаулы иттің әрекеті мысал болады. (1-сурет). Тәжірибе былай жүргізіледі: Иттің алдына еркін жете қоймайтындай етіп кесек ет тасталады. Ет жіпке байланған. Бірнеше әрекет жаса-ған соң ит алдыңғы аяғымен жіпті тартып алып, етті жейді. Бұл тәжірибе сан рет қайталанып, уақытша байланмс жасалады. Енді келесі жолы иттің алдыңғы аяғы жетпейтіндей кашықтыққа қойылады да ит оған бірнеше рет ұмтылып, әрекеті нәтижесіз болған соң етті артқы аяғымен тартып алады. Иттің мұндай әрекетінен жануардың қалыптасқан дағдысының өзгеріп отыраты-нын байқаймыз, Соиымен, дағдының кейбір түрлері бір-де автоматталған инстинктті әрекетке, бірде интеллектті әрекетке жақын болып келеді.
42
1-сурет Иттің тамақты алып 2-сурет Маймыл баласының
жеу әрекеті жасанды “анасына” телінуі
§ 4. Жануарлардың интеллектті әрекеті
Жануарлардыа интеллектті әрекеттерінін негізін жеке заттар арасындағы күрделі байланыстарды бейнелеуі мен олардың жасалу тәсілдері арқылы түсіндіруге болады. Оны мынадай тәжірибеден аңғарамыз. Тәжірибе кұралы екі түтіктен тұрады, Қарғаның көзінше бір түтікке жіпке байланған ет салынады. Қарға еттің бірінші түтік-тен екінші түтікке өткенін әйнектен байқап, етті бірден екінші түтік ұшынан тосып алады. Мұндай әрекеттер итте, жыртқыш құстар мен мысықта кездеееді, Тәжірибе жоғары сатыдағы жануарлардың заттар арасындағы қатынасты барлап, олардың қимыл-қозғалысына қарай әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Жоғары сатыдағы жануарлар психикасын қоректік заттармен бірге түрлі нәрселердің түр-түсі мен қимыл-қозғалыстары да қызықтырып, олар бақылау жасайды. Әсіресе, сүтқоректілердің. осындай әрекетін И. П. Павлов жануарлардың риясыз және табанды талпынысы десе, ал Н. Ю. Войтонис жәндіктердің “әуестену импульсі” деп атаған, Мұндай әрекеттер маймылдардың белгілі бір нәрсе бейнесін
43
қабылдау деңгейі мен көзінің көргіштігін арттырады, олардың мінез-құлқы мен дағдысының басқа жануарлармеи салыстырғанда күрделене түсуіне әсер етеді. Мұндай ерекшеліктер маймылдың өз тірішлік ортасына беймделіп, сан алуан жеміс-жидектермен, өзге де нәрселермен қоректенуіндегі бағдарлау рефлексі мен ізденімпаздық әрекетік жетілдіре түсетін биологиялық факторға байланысты.
Маймыл кұлқынадғы үнемі жан-жағын “зерттеу” әрекеті оның инстинктін дамытады. Алдыңғы аяқтарының қысқарып, таньш құралына айналуы қолдың көмегімен маңындағы заттарды ұстап-тұтатьш қимыл-әрекеттерін жетілдіреді. Мұндай әрекеттер май-мылдың орталық жүйке жүйесінде басқа жануарларда жоқ көптеген уакытша байланыстардың жасалуына ықпал етеді. Белсенді бақылау, ажырату рефлекстері нәтижесінде маймылдарда біршама пайымдау тәсілдері пайда болады.Әрине, белгілі жағдайда оларда инстинктті құлық та байқалады. Американдық зерттеушілер Г. Харлоу,, М. Харлоу, С. Суамк жаңа туған маймыл баласын жасанды “анаға” теліген. Тәжірибе былайша жүргізілген:; макака маймылының жаңа туған баласын өз анасының бойындай етіп темірден “маймыл” — тұлып жасап, тордың ішіне бірге қойған. Ал екінші маймыл баласын сондай тәсілмен жұмсақ матамен қапталған “анаға” теліген. Жұмсақ “ананы” еншілеген маймыл баласы көп уақытын оның жанында өткізген (2-сурет). Қауіп-қатер төне қалса, соған барып тығылған. Ал металдан жасалған “маймыл” — тұлъшты еншілегені оны қатты өгейсіп, жетімсіреген. Жұмсақ матадан жасғалған тұлып жаңа туған маймылға сенім ұялатып, ол өзін қауіпсіз сезінген. Ал темір тұлып ондай әсер тудырмаған. Ересек маймылдың инстинктті құлқы тәменгі сатыдағы жануарлардан әлдеқайда ерекше, Мысалы, шимпанзенің туа берілетін инстинктті әрекеті — өзіне уя жасауы. Бақылау барысында маймыл “құрылыс” заттарын таңдауда практнкалык талдау жасай алатынын көрсеткен. Бұл тәжірибеде маймылдың ұя салуы кеміруші жәндіктердің ұя жасауы-мен салыстырылған. Олардың екеуіне де бұтақтар, қағаз берілген. Екеуі де ұяларын бір жүйемен жасайды. Ұясының түбіне қатты бұтақтар-ды төсесе, ал ішіне жұмсақ нәрселер салған. Олардың екеуі бірдей ұяларын алдымен берілген жұмсақ заттардан жасай бастайды да біршама мерзімнен кейін қатты бұтақтар берілсе, жасаған ұяларын ысырып тастап, оны қатты бұтақтардан тұ
44
рақтатып, қайтадан жұмсақ заттарды ішіне төсеп салады Мұндай әрекеттерден біз маймылдың ұя салуы инстинктті әрекет болғанымен, қоршаған ортасына бейімделу екенін анғарамыз. Маймылдың мұндай шартты байланысқа негізделген әрекеті стереотипті (таптаурын болған) әрекет деп саналады.
“Рафаэль” деген маймылмен жүргізілген бірсыпыра тәжірибеден мынадай жайттар байқалған, Жәшік ішіне жеміс қойылып, оның алдында от жанып тұрады. Рафаэльдің жәшіктегі жемісті алып жеуге ұмтылған әрекеті нәтижесіз аяқталады Ақыры байқаусызда бөшке шүмегіне алдыңғы аяғы тиіп кетіп, одан су ағады. Аққан су жанында тұрған отқа тиіп, оны сөндіреді. Рафаэль жемісті алып жейді. Келесі-де тәжірибе осы ретпен қайталанып, сулы бөшке тек алысырақ ит-еріліп қойылады. Бірнеше нәтижесіз әрекеттен кейін Рафаэль бөшкедегі суды ұрттап алып, оны шашып, отты сөндіреді, Одан кейінгі тәжірибеде жеміс судың ортасына қойылады. Ал сулы бөшке судың арғы жағындағы аралға қойылады. Маймыл су іздеп, сол-қылдақ көпірмен аралдағы бөшкеге ұмтылады. Жанып тұрған оттың айналасындағы суды пайдалануға маймылдың пайымдау “ақылы” жетпейді. Ал биологиялық тұрғыдан маймылдың мұндай қылығы өзінің тіршілік әрекетіндегі мақсатына жетуі деп саналады (3-сурет).
3-сурет.
Ал енді маймылдың адам әрекетіне еліктеп, шүберекті сулап, оны сығып, еденді сүрту ісін бақылайық. Ол еденді “сыпырғанда” бір үйіндіні екіншісіне қосып шашады. Жинап қоюды білмейді, Маймылдағы еліктеу процесі — интеллектілік тұрғыдан әлі де толық дәлел-
45
денбеген жайт. Жануарлар дуниесінін тіршілігіндегі қимыл-козғалыетың даму жолы инстинктті әрекеттен дағдыға, одан интеллектті әрекетке ауысады. Сөйтіп, дамудың мұндай жолында олардың кейбір түрінде кейде инстинкт басым болса, ал басқалары-ның жеке тәжірибелерінде ассоциациялар жасалып отырады.
Жануарлардың қарым-қатынас жасау “тілінің” үйілесіп тіршілік ететін аралар қарым-қатынасымен салыстырғанда едәуір күрделі болып отыратындығы байқалады. Ганглийлік жүйке жүйесі бар жән-діктер күрделі инстинктті даралық әрекеттерімен бірге “тіл” арқылы д тіршілік етуге бейімделіп әсерленеді. Омартаға шырынымен оралған ара ауада өзінің ырғақты қимылы (“биі”) арқылы ұялас араларды шырын алуға болатын гүлдер жөнінен хабарлар етеді. Ал құмырсқалардың “тілі” одан да күрделірек деуге болады. Олардың әрбі қозғалысы нақты белгіні білдіріп, жемін әкелуге “шақыруы”, қорек-талап етуді білдіруі мүмкін.
Гангляйлік жүйелі жәндіктерд “тілі” олардың сырткы қалпын өзгертіп, дыбыстық белгі, не нәрсенің иісі, не өзгелерге жанасулары арқылы “хабар” береді.Жәндіктер қауымдастығындағы тиісті ха-барларды өңдеп, өзгелерге жеткізуде ешқандай құпия сыр болмаға-
нымен, олардың қимыл-әрекеті түрлі әсерлер тудырып сол тіршілік жағдайына ыңғайландырады. Мысалы, тырналар өздерінің ұшу сапарында белгілі жерге келіп жайылған кезде қауіпсіздігін қорғау үшін жан-жаққа бақылаушылар қояды, төтенше қауіпті жағдай туса олар жайылып жатқандарына қиқулап хабарлап, бұрынғы бағыты-мен ұшып кете береді. Бұл — жануарлардың эволюциялық дамуын-дағы тіршілік әрекеттерінің қайталануы. Жоғары сатыдағы жануар-лардың үйірінде әсіресе, құстар мен сүтқоректілердің өзара “тіл-десуі” —) қажетті шарт, жануарлардың кез-келген тобындағы дара өкілдердің бір-бірін “түсінуі” үшін әр алуан дыбыстар мен неше түрлі қимыл-қозғалыстар жасау арқылыі жүзеге асып отыр-атын тіршілік бейнесінің белгісі (4-гу-З рет).! Жер бетіндегі әр түрлі табиғат кұбылыстарының өзгеріп отыруы мен ауысуы барлық жан-жануарларға асер етеді. Соның нәтнжесшде тіршілік иелері қарапайым тітіркенуден бастап адамның акыл-ой дәрежесіне дейін көтеріліп, сырткы орта жағдайына ынғайланады. Мысалы, температураның өзгеруіне карай организмдегі химиялық реакция жылдамдайды. Температура төмендесе, бір
46
1
4 56
4-сурет, Тауықтың доминантрық және келісу -дозалары:
1, 2—әтеш пен тауықтын доминанттық позасы, 3—өте агрессивті поза, 4—қарсылықсыз табынға қосылу позасы, 5— келісу позасы, 6— шакыру позасы.
клеткалы қарапайым жәндіктер қырылады. Ал жоғары сатыдағы жануарлардыд әрекеті күрделеніп, тіршілік ортасының кенеттен езгеруіне бейімделеді. Тасбақалар мен ұсақ кемірушілер жаздың ыстығында да, қыстың суығында да жерді қазып, өзінің өмір тіршілігіне қажетті температураға ыңғайланады. Жануарлардың ин-стинктті әрекетгері мен интеллектті тіршілігі — олардың даралық тәжірибесінде қалыптаскан дағдыларының тізбегі.
Достарыңызбен бөлісу: |