Жоғары оку орны студенттеріне арналған оқу


§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары



бет10/10
Дата28.01.2018
өлшемі3,28 Mb.
#35628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
§ 4. Сезім мен эмоциянын ерекшеліктері және сапалары

Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктсрін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі — мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтажды-ғық қажеттілігін қанағаттандыру не жанағаттандырмау талаптары.мен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапа-сын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды Мәселен, көңілдің күйлері — наразылық пен ризалық, шаттық пен қайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат пен өшпенділік т б — қарама-қарсы сезімдер. Аданның сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлеге ғана емес, кісінің даралық психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.

199

Кейіп — біраз уақыт бойы адамның көнілін билеп,міяез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өміртіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып,оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен,кейіп дегеніміз — адамның белгілі объектіге бағыттал-



май-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл-күйі, Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге,себептерге байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса,оның бойын қуаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттыктың лебі бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі, түксиюі, жек көр-

ген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымыюы сияқты болмашы себептер адамның көңілін жабырқатады, оның

шарпуы, салдары көңілде дақ болып қала береді.

Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты кұбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйкысы канық, көнілі көтеріңкі болса, адам мәз- болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді,



Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапкы сатысы — тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.

Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің ете күшті болуымен байланысты. Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне көтерілген кезде, адам көл жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртқа шығады. Кісі бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі билеп кетудің, оның естүсін білмеуінің салдары деп санау дұрыс емес. Әринс, адам есінен айрылып, не ауыр жарақат-танып қансыра-

200


ған кезде мұндай хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Аффект дегеніміз — кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатьш эмоциялық күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кер-негенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздық-тап, ерік күшінс бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығындағы “Ашу — дұшпан, ақыл -дос, ақылыңа ақыл қос” деген мақалдын, тағылымдық маңызы ерекше,

Адамнық көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психология-да фрустрация деп аталады. “Фрустрация” латыншадан аударғанда — көңілдің бұзылуы, мёжелі істіц жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді, Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойьш ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй өшпенділік, кейіс пен қаһар тудырады,

Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі — эмпатия. Эмпатия — адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жаңашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психология-да ашып көрсеткен — американдык психолог Э. Титченер. Ол философиядағы ұнату сезімінің. теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялык, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) және адам кө-ңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардьщ өмір тәжірибесіне, мінез-қүлкындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.

Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытка созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық — адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары да бар. Мысалы, оқып білім алуға де

201


ген құмардық адам қабілетін тәрбиелейді, моденистік дамытып, өмірдегі мақсат-муддесіне жеткізеді Бұл — ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырьш, бей-берекетіікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салын) т. б. Бұл адамның өзіне де, өзгелерге де зиянды. Құмарлық-тың ұнамсыз түрімен курес жургізіп жексұрын қылықтарға жол бермеу керек.

§ 5. Жоғары деңгейдегі сезімдер

Адамның жан дуннееінің сыры қоршаған ортаға әссрленіп қана қоймай, оның кұпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінід жоғары денгейдеп саналы әрекетін, эстетика-лық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты, Жоғары деңгейдегі сезімдердін ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдык-адамгершілік дейтін түрлері бар.

Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі — балалардъщ оқып білім -алуға, ересектердін, өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындыкты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таддану кісіні әрбір нәрсенің құбы- лыстың оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырым-дар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қо-рытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді.Ақыл-ой сезімі — адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылық манызы зор көңіл-күй.,

Эстетикалық сезім — объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдан, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттаньш, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қальштасатын жағдай. Әсемдікті кабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сүлулығымен,

202


табиғн жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат-мүддесіне, рухани қажетілігіне лайықты түрде дамиды.

Эстетикалық сезім — мазмұны мен мән-мағынасы және тұр-снпаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады, Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірелеп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруга тәрбиелеу эстетика пәні аркылы жузеге асады.

Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамнық қойған талабына адамнық өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. “Мораль” — “морале” деген француз сезі, Мағынасы — адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы — мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.

Адамгершілік сезімінің принцнпі мен жалпы негізі — белгілі бір қоғамдық-экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершлік сезімдер — борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдыңдағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның, даралык-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың әкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас. Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен коғамдың іс-әре-кет түрлеріне байланысты болып келеді.

Адамның жоғары дейгейдегі сезімдерінін қальштасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына де-

203


гең жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екшшіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді

§ 6, Адамның сезім күйлерін меңгеруі.

Стресс пен дистресс

Адаад көңіл-күйнің көріністері — сезім мен әмоцияны

акыл-ой және сана билейді. Сана — психика дамуынын ең жоғары дәрежедегі сатысы Кез келген психккалык процесті (түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау т. б ) адам санасының жемісі дейміз. Солай болгандықтан, сезім мен эмоциялық күйлердің бәрі де сана арқылы реттелш отырады.

Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударганда — зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй — соңғы 30—35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыз-дығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі, дене енбегі мен ақыл-ой арқылы атқарылатын іс әрекеттің шиеленісті әрі қауіпті жағдайында өте шапшаң және жауапты шешім қабылдау. Мұндай жайттар эмоция тудырады. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімде-луі қажет. Бұл күй ғарышкер, ұшқыш, түрлі электр, жылу қуаттарын өндіретін станция операторлары мен автокөлік жүргізушілердің қимыл-әрекеттерінде ғана емес, айыпкердің жазалаушы заң кызме-терлердің, мекеме. ұжым басшыларының, оқушылардан сынақ-емтихан қабылдаушы ұстаздардың да күнделікті қызметінде жиі кездесіп отырады.

Стрестің физиологиялык негізі — американдық физиолог

У. Кенноннын (1871—1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні — ішкі оргаңизм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндсгі зерттеуі.,Мұндай тітіркендіргіштердің органнзмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік — эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-қүлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері —

204

қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады. Мұндай жағымсыз көріністер дистресс деп аталады. Дистрестік күй адамның күш-қуатын, ақыл-ойын қожыратып, оған теріс ықпал етеді Стрестік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шыңдап, табандылық пен ұстамдылығын, өмір тәжірибесін молайтуға машықтануы қажет.



XIX тарау. ЕРІК

§ 1. Ерік туралы түсінік

Ерік — адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе — мақсат қою, соған талпыну.Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс-әрекеті екі түрлі. Оның бірі — еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздің жұмылып-ашылуы, шашалу, түшкіру т, б, Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші — ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу, Бұл — мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алай-ла, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен женуге ұмтылады.

Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда. ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқан-да, бұл — адамның бағдарлы әрекеті, Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлгі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттін, мазмұны да айқында-ла түседі, Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жеременшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының, өзгеруі мен түр-сипатын білдіреді.

Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінің өзіндік. сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстар-

205

ды орындау үшін мәні аз -іс-әрекеттерді соған бағындырьш, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез-құлқы мен әрқылы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің керінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.



Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, киыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз Бұған мысал ретінде “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінін, бір көрінісі.

§ 2. Еріктің физиологиялык негізі

Еріксіз әрекеттердін фязиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі — ннстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи-ғылыми негіздерін қалаған

И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі — мұндағы материалдык процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Се-ченев ерікті әрекеттердің физиологиялық механизмін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоцнациялық процесс деп анықтайды.

Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарьш, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибёсі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналды. Механистік психоло-

206

гия еріктің материалдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі — “ерік бостандығы”, сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындыры — оның шындыққа сай келмейтіндігінен. Оның тағы бір ол-қылығы мен шалағайлығы — Австрия психологі Зигмунд Фрейдтің "жыныстық еліктеу" дейтін көзқарасына негізделгендігі. 3. Фрейд сананың дамуы, әсіресе, балаларда “жыныстық еліктеу” мен әлеуметтік орта арасындағы дау-дамайлардан туындап отыруында дейді. Бұл пікірдің шындықтан әлдеқайда алыс екендігі даусыз.



Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы — себепті байланыстылықка, детерменизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да — ерік бостандығының бір көрінісі.

§ 3. Еріктің амал кезеңдері

Ерікті әрекеттер мен амалдар — мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал, бұл — мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:



Еріктің омая кезеңдері

Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезеңі)




Мақсатқа жетіу мүмкүншіліктерін түсіну( мақсат қою)




Ниет-тілектердің пайда болуы




Ниеттер тартысы және оның бірін қалау




Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау




Тоқтамға келген шешімді орындау

 

 

 



 

 

 



 

207


Ерікті амал кезендері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар, Адам қандай да болмасьш белгілі, бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл — алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс. о ; не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен әдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамаңдықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезенде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді.Бұл — ерікті әрекеттің интеллектуалдық кезеңі.,

'Нағыз ерікті ерекет адамнын алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да — жауапты кезең, Мұның езіндік псахологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеді психологияның ғана емес, экономикалык, әлеуметтік ғылымдардыц да зерттейтін объектісіне айналып отыр,



Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның манызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді, Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердін тетігін табуға, соның ішінде тәуекел проблемасынық дәрежесін зерттеуге де пайдаданылуда. Кейбір зерттеулердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бүл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.

Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жол-дарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсок т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейтесті мәселесі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезенде кездескен қиыншылықтарды жеңу

208

үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық синалы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) мақсатына жете алмағанына қайғырады, уайымдайды, бұл — мінездегі ерікті әрекеттің көрінісі; ә) іштей ойланып,. бойын мақсатына жетуге деген борыштык сезім билейді, ал борыштык, сезімнің күшеюі — азаматтық сапа. Де-генмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.



Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Мысалы, талапкердің күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақ-сатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.

§ 4. Ерік сапаларын қалыптастыру

Адамнын іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі — жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі -- сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.

Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылығы. Дербестік — белгілі істі, мақсатты орындауда бөтен адамдардың жетегінде кетпей, өз білімімен, жігерлігімен, сенім-қабілетімен шешуге тырысу. Бұл — ерікті қасиеттің кемелденген түрі. Бұған қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы. Батылдық—адамның шешімді батыл қабылдап, ауытқу дегенді білмеуі. Істеген жұмысын дәйектеп, оны жүзеге асыруы. Батылдық ерлікпен байланысты, Еріктің бұған керісінше ұнамсыз түрі — тартыншақтық. Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жігерлілік таныту. Бұл сапаға қарама-қарсы ұнамсыз сипат — қасарысушы-лық, қиқарлық, ынжықтық. Адамның өзін-өзі

208


Адамның ерікті амал кезендері мен сапалары

210


билеуі ұстамдылық, сабырлылык арқылы байқалады. Бұл — еріктік қасиетінің жоғары сапасы. Мұндай адам өзін мақсатты ісін орындауға бейімдеп, өзіне талап қояды Кездескен қиыншылық-тарды, жалқаулықты, қорқынышты т. б. жеңе біледі. Көңілі соқпаған қызықсыз істерге де өз бойындағы күш-қуатын жұмылдыра алады Еріктің бұл сапасы адамның өзін-өзі тежеп, ашу-ызаға, күйгелектікке берілмеуіне ықпал етеді.

Адам еркінің ұнамды қасиеті — борыш сезімі. Бұл өмір сүрудегі мақсат айқындығын көрсетеді. Адамның сол мақсатқа жетудегі кұмарлық сияқты даралық ерекшелігін қалыптастыруға көмектеседі, Ерік сапалары мен ерікті амал кезеңдерін төмендегі кестеден көруге болады



§ 5. Ерікті тәрбиелеу

Адамның ерік сапалары мен ерскшеліктері оның маңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, өз алдына мақсат койып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалыптасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы куш-қуатын қиын жұмыстарды орындауға бастаған ісін аяқтап шығуға жұмсап, оларды қалайда жүзеге асыра алады, Сөйтіп, өз еркін шындап, қалыптастырады. Адамның ісі мен мінез-құлқьш меңгеруі және оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыстарынан және істеген жұмыстарынан айқын байқалады.

Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам еміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс-әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады. Мұндай кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-кұлқындағы ұнамды әрі жағынды сапаларды қалыптастырады.

Еркін тәрбиелеу үшін адамға өз алдьша ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның, зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уақытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жұмсайлы. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.

Ерікті дағдыландыру, не жаттықтыру дегеніміз — адамның өзіне қызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді де орындап отыруға өзін-өзі көндіре алуы. Мұндай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлық-

211

ты, бытыраңқылық пен аландаушылықты және ұқыпсыздықты да жеңіп, өзін-өзі мықтап қолға алады Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын, саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі мақсаттарды орындауға бағыттайды. Соның нәтижесінде өзін-өзі билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетсді. Адам өмірінде кездескен істердің қай-қайсысын болса да орындап отыру үшін іштей даярланьш, кездесе-тін қиыншылықтардың бәрін де жеңіп шығуға бейімделуі қажет

Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланың желігін көрсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие арқылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады Бірақ, олар әлі де са-налы бола коймайды, тек эмоциялық сипатты болады, Баланың саналы әрекетке қабілеті жаттығу нәтижесініе біртіндеп дамиды.

Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар көрініс берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру, Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мәнін түсініп, мақсат таңдайды, ниеттілек таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланың адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамыту-мен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.

Ёріктін ұстаздар мен тәлімгерлердің, ата-аналардың, жалпы, ересектердің мінез-құлқындағы жақсы сапалары өскелең ұрпакқа қашан да үлгі-өнеге болмак..

212


ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

А

АКЦЕПТОР ӘРЕКЕТІ“акцтторь-- -қабылдаушы” дегеи латын сөзі. Бұл — зат. Ол атомдарға, электрондарға және өзге де заттарға қосылып орталық жүйке жүйесінің қызметін жандандырады Нейродинамикалық сипаттағы әрекеттер. Акцепторлық әрекеттер жүйке жүйесінің қызметіне реттеледі



АНИМИЗМ — латынның "жан" деген сезі.Алғашқы қоғамда адамның жан-жануардардың есімдіктердің және басқа нәрселердің бәрінде жан болады дейтін қияли түсінік. Алғашқы қоғам мен діни қанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.

АНТРОПОМОРФИЗМ — “антропос— грекше “адам” және морфе —"түр ", “форма” деген екі сезден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер.

АППЕРЦЕІЩИЯ — латынша ап — префикс, сөз алды қосымша, перцепция — қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адам-ның өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-куйіне тәуелді болды

АССОЦИАЦИЯ — 1 Белгілі зандылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс әрекеттері арқылы бір бірімен қарым-қатынас жасайтын

тобы


АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ — психологиянық мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Бұл бағыт XVII — XIX гасырларда пайла болып, негізінен, Англияда өрістеп дамыды. Сөйтіп өз алдына дербес бағыт ретінде қальштасты Бұл бағыттың материалистік те идеалистік те ағымдары болды. Материалистік ағым психологяялық құбылыстарды зерттеуге детерминизм прннципін ендіруд. кездеді Ал XX ғасырда А. п механикалық бағытты ұсталған бихевноризммен ұштасты. Ассоциация — латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді.

АФФЕКТ— “жан толқуы-” деген латын сөзі. Бұл адамның пси-хологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндеп көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы) Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар.

ӘРЕКЕТ — безгіі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-ойы орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін

2ІЗ


Б

БАҒДАРЛАУ РЕАКЦИЯСЫ —жагдайдын өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге әсерленуі. Мұндай жағдайда организмнің бойындағы күш-қуаты мен сезімталдығы күшейіп, жүйке талдағыштарының жұмысы арта түседі. Бағдарлау организмдерде (адам мен жоғары сатыдағы хайуанаттарда) таңданудан басталады.

БИХЕВИОРИЗМ — психология гылылымында XX ғасырдың басында АКШ-та қальштаса бастаған механикалық тсориялық және тжірибелік бағыт. Бұл бағыт психикалық құбылыстардың бәрі ор-ганизмнің сыртқы. және ішкі тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру мен жағдайға байланысты болады деп санайды

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІСгенетика — шығу тегі “төркіні” де -генді білдіреді. Бұл — психикалық кұбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі,

ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ —Германияда XX ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоцианнялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып. сананың алғашқы белшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі“психологиялық құрылымдар” (гештальттар) деп санайды Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Д

ДАҒДЫ — сансыз қайталау нәтнжесінде қальштасатыи іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық не-гізі — динамикалық стереотип

ДЕДУКЦИЯ, ИНДУКЦИЯ, АНАЛОГИЯ. Дедукция — жалпы-

дап текске қарай дамытып ой қортындысы, логикалық ойлау фор-

масы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі не бірнеше пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шы-ғару.

Индукция—1. Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой қорытындысы. 2. Нейрофизиологияда тітіркендіру нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағының маңындағы аймақтарға тарауы

Аналогия — жекеден жекеге қарай дамитын традуктивті ой қо-рытындысы. Аналогия — ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттейді, аналогия арқылы жасалған қорытынды мәліметтер болжамды сипатта болады.

ДЕТЕРМИНИЗМ ПРИНЦИПІ —фнлософиялық және методо-логиялық ұстаным бойнша табиғат пен психологиялық құбылыс-тардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пай-да болады. Детерминизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әр-бір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды.

ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП — шартты рефлекторлык бай-ланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологияпық негізі.

214


Ж

ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИПІ — жүйке

комплекті түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары қызметінің снпаттары меп қасиеттерін білдіреді. Ондай қаситтер адамның әлеуметтік ортада атқаратыи жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтермен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады

И

ИНСТИНКТ (соқыр сезім)—і. Организмде туа берілетін шарт-сьп рефлекстер негізіндс сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ, ЭКСТЕРИОРИЗАЦИЯ — сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалдық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы

ИНТРОВЕРТ ПЕН ЭКСТРАВЕРТ ~ Кейбір адамдардың тұйық -өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерек-шеліктері — ннтроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түр-де өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар — экстраверттер.

Қ

ҚАЖЕТТІЛІК — адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тір-шілі етуі қажеттілік қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс жасауына байланысты. Бұл — организмнің ішікі жағдайы мен күйіп сақтауы.

ҚОЗҒЫШТЫҚ — әсерленгіштік. Сезімнің тез қозып, теа әсер-

ленуі


Қ0ҒАМДЫҚ ТӘЖІРИБЕ — адам баласының тарихи дамуында

материалдық заттар мен мәдени мұраларды жасап шығаруда қа-лыптасқан біліктері мен әдет-дағдылары жайындағы білім жүйесі



Н

НИЕТ — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттену және

оған іштен ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта

болады

П

ПСИХИКА ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ —-психиканың

мән-жайы мен деңгейін, бағытым дамытуға ықпал етш отыратьш сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтыгы. Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағк қайшылықтарды реттеу мәселесі болып табылады. япнайы

ПРОБЛЕМДІ СИТУАЦИЯ -күнделікті өмірді және арнайы тәжірбелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл-ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжіриое арқылы

215


сыналган жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп оның “шешімін” табуға әрекеттенеді. Мыеалы. маймыл ілш қойған алманы “құрал” қолданып алып жейді.

ПЕРЦЕПТИВТІ ӘСЕР— қабылдау процесіне қатысты әсердену түрлері (перцешшя—қабылдау). П, ә. психологиялық тұрғыдан анықтаранда — объективтік шындықтын, сезім мүшелері арқылы ті-келей бейнеленуі.

РЕТИКУЛЯРЛЫҚ ФОРМАЦИЯ — мұнын өрлеуші және төмен -деуші ретикулярлық формация дейтін екі түрі бар. Ми алаптарын- дағы бірінің жұмысын бірі реттеп (қоздырып, тежеп) отыруы нәти-жесінде арқылы психикалық әрекет жүзеге асады Түрлі импульстар жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми бағанасына т б. келіп, олар ды өзіне бағындырады. Мұны төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. АҚШ ғалымы Г. Мэгун, Италпя оқымыстысы Моруци импульстар төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұ-мысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді. Мұны өрлеуші реті,-кулярлық формаиия дейді,

РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ТЕОРИЯ — адамның мінез-құлқы мен пси-хикасы оның белсенді қызметі мен іс-әрекеті нетижесінде реттеліп отыратын матерналистік көзқарас. “Рефлекс” сөзінің мәні — бейнелеу. Рефлекстік теорияның негізін салған орыс ғалымы

И М Сечерев өзінің “Бас миының рефлексі” деген еңбегінде психикалық құбылыстардың шығуы мен дамуын материалистік тұрғыдан түсіндіріп, оның жоғары жүйке (мидың) қызметі екендігін ғылыми-табиғи тұрғыдан дәйектеді



РЕФЛЕКСИЯ—латынша “бейнелеу” деген сөз Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесің психикалық жай-күйік тануға бағытталуы.

РЕФЛЕКСОЛОГИЯ —орыс ғалымы В М. Бехтеров {1857— 1927) негіздеген механикалык бағыт. Рефлексрлогия адам психика-сынаың әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған ті-тіркенуі деп санады да, психика мен сананы зерттеуден бас тартты

С

САНА — психиканың тек адамға ғана тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шын-дықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеуі арқылы бейнелеп, оның мән-жайын танып біледі.



САНА МЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БІРЛІГІ. Сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психо-логияның фнлософиялық және методологиялық іргетасын қалайды

СЕМАНТИКА — сөздер мен сөйлеудегі айтылған атаулардың мағынасын білдіретін термин. Ғылымда бұл атау семантика, семасиологяя деп те атала береді.

СИНТАГМА — лннгвистикалық термин, Ол сөз тіркестері мен олардың бөлшектерін жіктеп қарастырып, анықтаушы және анық талушы бөліктерінің құрамын анықтай отырып белгілі жүйемен із дестіреді.

СӨЗДІК — МАҒЫНАЛЫҚ ОЙЛАУ —ойлау әрекетінің ерекше бір түрі .Сөздік — мағыналық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік таным тәжірибелеріне негізделмейді.

217


Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқылы анықталады.

СТИМУЛ—қозғаушы, жандандырушы әсер. Тітіркендіргіштер-дің тікелей таным мүшелеріне (рецепторларға) әсер етуі нәтижесін-де сыртқы және ішкі органдарда қыздыру тудыратын әсер, Оның қуаты әр алуан тітіркенулер тудырады

Т

ТЕМПЕРАМЕНТ — жоғары жүйке қызметінің типтік ерекше-ліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психология-лық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтай-ды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, теңдігіне (қозу мен тежелу) және ауысу әрекшеліктеріне сәйкес темпераменттік төрт түрі сипатталады. Олар: холернк, флегматик, сангвиник, мелаңхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет-сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшеліктер адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре-тұра қалыптасады. Психологиядағы темперамент жайлы ғылыми көзқарастар әр түрлі. Дегенмен, темпераменттердің табиғи-ғылыми негізі жоғары жүйке қызметінің типтері екеніші ғылыми тұрғыдан ашып көрсеткен физиолог ғалым И. П. Павлов

ТЕСТ — сынақ. Пснхологияда адамның дара басындағы психо-логиялық ерекшеліктері меи қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі пор-малар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі арқылы адам-ның меңгерген білім деңгейі мен ықылас-ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытылады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданылып отыр. “Тест”— ағылшын сөзі. Мағынасы “сыкақ” дегенді білдіреді

ТОП—қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекше-ліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

ТОП ЖЕТЕКШІС1 — жора-жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен, іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыра-

тын адам


ТІТІРКЕНПШТІК —әсерленушілік, қозғыштық. Жүйке жүйе-сінің әр алуан сыртқы және ішкі әсерлерге тітіркенуі. Төменгі саты-дағы микроорганизмдердегі психнканың көрінісі — тітіркенгіштік. Тітіркенудің өте қарапайым түрі — тропизмдер, Тропизм —бұрылу” деген сөз.

Ұ

¥ҒÛМ — заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерек-шеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пән-дердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның маз-мұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғым-дармен түрліше байланыста болады. ¥ғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.



ҰҒЫМТАЛДЫҚ — сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбы-лыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олар-дың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.

ҰЖЫМ — қоғамдық пайдалы іспен щұғылданатын, жоғары дең-

гейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы Ұжымдардың адамдар-

217

дың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық--істері мен мақсат-муддесінің бірыңғай болуында.



Ү

ҮИЛЕСІМ, СЫЙЫМДЫЛЫҚ. Бұл — әлеуметтік психология-сындағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқына саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсету:

Ү

ҮНСІЗ СӨИЛЕУ —сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сейлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сейлем-нің баяндауышы не бастауышы айтылады да, оң жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстан сөйлеу тәсіл: қолданылса, ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.

Ф

ФРЕЙДИЗМ — бұл ұғым Австрия ғалымы 3. Фрейдтін, атымен байланысты. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым Фрейдің зсрттеуі бойынша адам мінез--құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады. Мұндай еліктеу мен сезім әрекеті санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, ал писихиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмейді.

Э

ЭГОЦЕНТРЛІК СӨЙЛЕУ —сөйлеудің бір түрін психологияда баланың автономды (өзіндік) сөйлеуі деп те атайды, Эгоцентрлік сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз (іштей) сөйлеуге ауысу жолындағы өтпелі көпірі (өткел) деп санауға болады

ЭЛЕКТРОЭНЦЕФАЛОГРАММА (ЭЭГ)—мидағы биоэлектрлік белсенділік әрекетін осы аспаппен жазып алады да, оның мәнін аны-қтайды.

ЭМПАТИЯ — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй--жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия-ның айқын көрінісі — идеятификация. Бұл — адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

218


ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

ЖАРЫҚ КӨРГЕН ӘДЕБИЕТТЕР

Ж. Аймауытов. Психологня (оқу құралы). Қызылорда — Ташкент,

1926.

Ж Аймауытов. Жан жүйесі және өнер талдау (араб әрпімен басыл-



ған). Мәскеу, 1926.

Алдамұратов, Қызықты псиология. Алматы, “Қазақ универеите-ті”, 1992.

Ә:'Алдамұратов. Оқушылардың грамматнкалық ұғымдарды меңгеру психологиясы Алматы, Мектеп”, 1983.

Ә. Алдамұратов, Д. Муқанов. Психология пәнінея лабораториялық практикалық сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1978; Екінші бөлім. 1979.



А Эбдірахмснов, Қ. Жарықбаев. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, “Мектеп”, 1976.

Ф Ң. Гоноболин. Психология. Алматы, “Мектеп”, 1976.

Жалпы психология. В. В. Богословский т. б. редакациясымен. Алма-ты. “Мектеп”, 1980.



К Койбағаров, К,. Рақымбеков. Педагогика-пснхология терминдері-нің орыша-қазақша сөздігі. Қазақ ССР-ға Тіл және адебиет инсти-туты. 4-том. Алматы, 1960, 117—186-б.

К Жарықбаев. Пскхология. Алматы, “Мектеп”, 1982.

Қ. Н. Корнилов. Психология (педучилищеге арналған оқулық), КОПБ, Алматы, 1946.

М Мұқанов. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ, Алматы, 1964.

М, Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1956.

М, Муқанов. Ақыл-ой өрісі. Алматы, “Казақстан” баспасы, 1980 М. М.Мукрнов. Бақылау және ойлау. КМБ, Алматы. 1959.



Т. Тэжібаев, Жалпы психологня. Алматы, “Қазақ университеті”,

1993.


Б. М, Теплов, Психология. Орта мектептерге арналған оқулық. ОПБ, Алматы, 1953.

А Темірбеков, С Балаубаев. Психология. Пединституттар мен уни-черситет студенттеріне арналған. Алматы, “Мектеп”, 1966.

219

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет