ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ А.Е. Дүйсебекова
ф.ғ.к., АрқМПИ профессоры
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
Арқалық, Қазақстан
aisaule_duisebekova@mail.ru
Аннотация. Нововведения в современной системе образования доказывают эффективность использования интерактивных методов обучения.
Задавать вопросы при использовании интерактивных методов – один из важных навыков. Это способствует студентам формировать навыки свободно передавать свои мнения, собирать необходимый багаж знании.
В данной статье рассматриваются методические особенности образования студентов в вузах через интерактивные методы обучения.
Ключевые слова. интерактивный, методика, детская литература, медитация, проблемный вопрос. Abstract.Innovations in modern education system prove the efficiency of the use of interactive teaching methods.
Ask questions if you are using online methods is one of the important skills. This helps students to develop the skills to transmit their views, gather the necessary Luggage of knowledge.
This article describes the methodological features of education of students through interactive teaching methods.
Key words. interactive methods, children's literature, meditation, problem question.
Бүгінде дайын білімге негізделген оқыту басымдылыққа ие болған білім беру жүйесі Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын мазмұнындағы жеті модуль ұстанымында шешімін тапқан. Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына негізделіп, ол оқушылардың ойлауын дамыту – тұлғаның алдыңғы білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен (мұғалімнен, оқулықтан, достарынан) алған білімдерімен өзара алмасу арқылы жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін алға тартуда. Бұл әдістемені пайдалану барысында топтық жұмыстар мен диалогтық оқыту үрдісі жүзеге асады. «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосады» - деп атап көрсетеді Мерсер мен Литлтон (2007).
Мен бұрындары топтық жұмыстардан гөрі дәстүрлі сабақ үлгілерін жиі пайдаланатынмын. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын оқу курсынан соң, «Дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдыларды игеруіне толыққанды ықпал етпейтінін түсіндім. Сондықтан да өз сабақтарымның құрылымына түбегейлі өзгеріс жасадым. Интербелсенді әдістерді қолдануда сұрақ қою – маңызды дағдылардың бірі. Студенттерге сабақты меңгерту барысында ашық сұрақтарды кеңінен пайдаланып, олардың қажетті білім қорын жинауына, еркін сөйлеуіне, өз тұрғыластарына құрметпен қарап, ұсынған пікірлерін соңына дейін тыңдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мүмкіндігі пайда болды. Осыған орай интербелсенді әдістер негізінде «Балалар әдебиеті» пәнінен өткізілген дәрістік сабақ үлгісін ұсынып отырмын.
Дәріс тақырыбы:Қазіргі балалар поэзиясы
Топ:5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2,3 курс студенттері
Дәріс түрі:Проблемалық дәріс
Дәріс жоспары:
1. Қазіргі балалар поэзиясының көрнекті өкілдері жайлы мәлімет
2. Балалар поэзиясының мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі маңызы
Сабақ мақсаты:Студенттер оқытушының қойған проблемалық сұрақтарына жауап іздестіру мақсатында, қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілдері жайлы біліммен танысады, балалар поэзиясының мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі орнын айқындайды, талдайды, өзіндік түсінік қалыптастырады, практикада қолдану мәселелерін қарастырады.
Алғышарттар:Осы сабақтағы білімді терең игеру үшін студенттерде қазақ балалар поэзиясы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі туралы түсініктері болып, олар оқытудың интербелсенді әдістерін («Атаулар туралы үш сұрақ», «Бірін-бірі оқыту», «Кластер», «Позиция таңдау», «Қос жазба күнделігі», «Бестармақ», «Шығу парағы») қолдана алып, өздігімен және бірлесе жұмыс жасай алуы қажет.
Қажетті материалдар:Сабақта дәріс мәтіні, А-4 форматындағы қағаз, маркер, плакаттар, дыбыстық құрылғылар, видео жазбалар қолданылады.
Уақытты меңгеру: «Проблеманы айқындау» кезеңі – 10 минут.; «Проблема шешу» кезеңі- 25 минут.;«Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 15 минут.
Cлайд №1. Сабақ тақырыбы «Қазіргі балалар поэзиясы»
І. «Проблеманы айқындау» кезеңі. Топқа бөлу. Студенттерді 9-дан тұратын шағын топтарға арнайы тапсырма негізінде бөлу.
Медитация. Білім
Cлайд №2.«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін пайдалана отырып, жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, студенттерге осы атауларға қатысты келесідей сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады (балалар поэзиясы, көрнекті өкіл, тәрбие)
1-cұрақ: Бұл терминдерді Сіз бұрынырақта естідіңіз бе және мәнін түсіндіре аласыз ба? (Cлайд №3).
Қазіргі балалар поэзиясының көрнекті өкілдері жайлы мәліметтер келтіру (Cлайд №4).
М.Әлімбаев видеоролигі көрсетіледі(Cлайд №5).
Қ.Мырзалиев видеоролигі көрсетіледі(Cлайд №6).
2-cұрақ: Осы ақындардың өлеңдерін жатқа білесіз бе? Дәлелдеңіз (Cлайд №7)
3-сұрақ: Балалар ақындары өлеңдерінің мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ықпалы бар ма? (Cлайд №8).
Түсіну
Студенттерге лекция мәтіні таратылып, оны топ ішінде оқу және талқылау тапсырылады. «Бірін-бірі оқыту» әдісі көмегімен – «Үйрете отырып, үйренемін»қағидасы жүзеге асырылады (Cлайд №9).
Лекцияның әр бөлігінен кейін студенттер алдын-ала белгіленген кезекпен оқытушы рөлінде келесідей амалдарды орындайды: Оқытушы рөліндегі студент лекция бөлігі аяқталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қорытындылап шығады;
Одан кейін оқытушы рөліндегі студент қасындағы студенттерге лекция мазмұны бойынша екі-үш сұрақ қояды, оның бұл жерде студенттер арасында кішігірім пікірталас тудыруы да ықтимал;
Оқытушы рөліндегі студент өз тобындағы студенттердің туындаған сұрақтарына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді.
ІІ. «Проблема шешу» кезеңі.Қолдану.«Кластер» әдісі арқылы идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындау мақсатында топтарға жазба кестелер құрастыру тапсырылады. Тапсырманы орындап болған соң студенттер орындаған тапсырманы демонстрациялап көрсетеді (Cлайд №10).
Талдау.
Студентерге «Қазақ балалар поэзиясы мектеп жасына дейінгі балаларға неше жастан бастап нәтижелі тәрбие бере алады? Не себепті?» және «Қазақ балалар поэзиясының мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері қандай?», «Қазақ балалар поэзиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жолдары бүгінгі күні өзекті мәселе ме? Неліктен?» деген проблемалық сұрақ қойылады(Cлайд №11). .
«Позиция таңдау» әдісі арқылы осы сұрақ төңірегінде әр топ проблеманы шешудің жолдарын ұсынады. Осы проблемалық сұрақтың шешімі табылғаннан соң, «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы әр топ лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді «Үзінді» бөліміне, қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») бөліміне студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазып алды, оның себебі қандай? (Cлайд №12.Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керектігі студенттерге хабарланады.
Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде студенттер жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды, пікірлеседі.
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі.Синтез.«Бестармақ» әдісі арқылы берілген 11 сөздің көмегімен студенттер топпен өз ойын қорытындылау үшін бес тармақ өлең жолдарын құрастырады (Слайд №13).
Бағалау.«Венн диаграммасы»әдісі арқылы ақындардың ұқсастығын, ерекшелігін айқындау мақсатындағы тапсырма орындалады.
«Шығу парағы» әдісі арқылысабақ аяғында студенттер бірнеше сұраққа (2-3 сұрақ) жазбаша немесе ауызша жауап береді(Слайд №14).
Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, сабақтың қалай өткендігін бағалайды:
- Бүгін не үйрендіңіздер?
- Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
- Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?
- Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
- Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
- Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
- Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?
Оқытушының қорытынды сөзі. Тапсырма беру.
Саралай келгенде жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқытушылар жұмысына өте оңтайлы. Себебі, бұрындары дәрістерді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп өзімізді физикалық тұрғыда шаршатсақ, тәжірибелік сабақтарда арнайы тақырып бойынша студенттер оқып келгендерін бірсарынды баяндап шығатын. Естігеніміз бен көргенімізді ғана бағалап қоятынбыз. Ал, топтық жұмыстарда «студенттердің белсенділігі мен өз бетінше ізденуге, білмегенін іздеп табуға деген құлшынысы оянады ма?» деген ойға келдім. Себебі, әр топ мүшесі өз ортасындағы жауапкершілікті ұғынған сайын олардың ізденушілік танымдары жетіле бастайды. Бәсекеге қабілеттіліктің барысында білімдерін толықтырып, ғылыми бағытта өсу қажеттігін түсінеді әрі пайдалы білім қорын іздеп тауып, реті келгенде кәдеге жаратады.Сондықтан да болашақ педагог мамандарды кәсіби тұрғыда даярлауда аталмыш үрдісті жетік меңгеріп, тәжірибеде нәтижеге жету – аса маңызды іс. Данышпан Абайдың: «…Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» - дегеніндей, студенттерге болашақ маман ретінде: кәсіби деңгейі жоғары, зияткерлік, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуды түсіндірумен қатар, жаңа бағдарламаларды, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгерту қажет. Әдебиеттер: Қабатай Б. Балалар әдебиеті. Оқу- әдістемелік құрал – ҚазҰПУ, 2010.