Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы


ҚазҰУ­дың бейіндік мектебінде оқудың артықшылығы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата29.05.2023
өлшемі4,13 Mb.
#177903
1   2   3   4
Байланысты:
Буклет довуз kz
8 апта, 3 апта, 5 вариант МОДО Математика каз, 1- дәрисмузыка, 1 сынып 1 токсан музыка (1)
ҚазҰУ­дың бейіндік мектебінде оқудың артықшылығы:
– Оқытушылар құрамымен бірлескен жұмыс, ҚазҰУ ғылыми ин
-
ституттарымен және орталықтарымен серіктестік;
– 
Университеттің 
материалдық-техникалық 
базасы 
мен 
инфрақұры лымын пайдалану;
– ҚазҰУ-дың ғылыми-практикалық конференцияларына қатысу, 
кейіннен университет жинақтарында және басқа ғылыми басылымдар-
да жариялану;
– ҚазҰУ-ға түсу кезінде бейіндік мектеп түлектеріне жеңілдіктер.
Мектепте оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 
Бейіндік мектепке қабылдау тәртібі:
– 8-11 сынып оқушыларын мектепке қабылдау жүріп жатыр. 
– Тестілеу 8-11 сынып оқушылары үшін математика және оқыту тілі 
(қазақ немесе орыс) бойынша тестілік тапсырмалар түрінде өткізіледі.
Біздің бейіндік мектепте кез-келген даралыққа орын бар және біз әр 
оқушыға жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береміз.
Сабақ кестесінде - түрік тілі, шахмат, хореография, домбыра және 
риторика сабақтары бар. 
УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП


8
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Қытай мемлекетінен өзімнің Отаным, 
ата-бабамның кіндік қаны тамған қасиетті 
атамекенім-Қазақ еліне оралдым. Биылғы 2020-
2021 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
нің жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық ка-
федрасына оқуға түстім. Өзім қытайша білім 
алсам да, Қазақстанға келген соң аяулы, қамқор 
ұстаздардың арқасында қазақ тілін тез игеріп, 
ұстаздардың шынайы ниетімен білім беруінің 
арқасында сабақтарды толық ұғынып, білімімді 
шыңдадым. Оқытушыларымыз білімді де білікті 
мамандар болды. Бірінші -Алла, екінші - ата-
анам, үшінші -мұғалімдердің арқасында ҰБТ-дан 123- балл алып тама-
ша нәтижеге жеттім. Сондықтан мен осы жоғарғы оқу орнына дейінгі 
дайындық кафедрасының ұстаздарына шын жүрегімнен көп-көп рах-
мет айтамын. 
Және оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметімен таныстырады. 
Біздің мұғалімдер балаларға өздерінің білімі мен тәжірибесін ғана емес, 
сонымен бірге жаны мен жүрегінің бір бөлігін береді.
Тоқтасын Гүлім
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің тыңдаушысы
Менің атым Джессика. Мен Оңтүстік Афри-
каданмын. Мен ҚазҰУ-да жоғары оқу орнына 
дейінгі білім беру факультетінде бір жыл қазақ 
тілін оқыдым. Басында, қазақша үйрену қиын бол-
ды, себебі қазақша мен ағылшынша ұқсамайды. 
Бірақ қазір мен қазақша сөйлей аламын! Менің 
мұғалімдерім өте жақсы, еңбекқор және шыдам-
ды болды. Сол үшін мен өте ризамын. Қазақтар 
менің қазақша сөйлегенімді көргенде әрқашан 
таңғалды.
Жессика Эстер Ривьера 
Шетелдіктерге арналған тілдік курсының тыңдаушысы
ФАКУЛЬТЕТІМІЗ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕР


9
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Факультетте Студенттік кеңес, Студенттік маслихат сияқты студенттердің 
өзін-өзі басқару ұйымдары қызмет көрсетеді және көптеген клубтар мен 
үйірмелер бар. Басқа қалалардан келген тыңдаушылар жатақханамен қам та-
масыз етіледі.
СТУДЕНТТІК ӨМІР


10
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті білім беру сала-
сында әлемнің 100-ден аса елдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. 
Серіктес университеттер
1) Цинхуа университеті (Қытай) 
2) Бейжиң тіл және мәдениет университеті (Қытай)
3) Ланьчжоу университеті (Қытай)
4) Астана педагогикалық университеті (Қытай)
5) Оңтүстік орталық ұлттар университеті (Қытай)
6) Хэнань университеті (Қытай)
7) Цзянсу университеті (Қытай)
8) Бейжиң шет тілдер университеті (Қытай) 
9) Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей)
10) Ломносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей)
11) Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)
12) Харьков ұлттық көлік және автомобиль жолдары университеті 
(Украина)
13) Ханкук университеті (Корея)
14) Алламех Табатабай университеті (Иран)
15) Томск мемлекеттік университеті (Ресей)
16) Бельгия білім орталығы (Бельгия)
17) Джордтаун университеті (АҚШ)
18) Кабул университеті (Ауғанстан)
19) Цукуба университеті (Жапония)
20) Токио университеті (Жапония)
21) М.Т.Ибрагимова атындағы Кара-Балта техникалық-эконо ми ка-
лық колледжі (Қырғызстан)
22) М.Рысқұлбекова атындағы Қырғыз экономикалық университеті 
(Қырғызстан)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


11
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет