233
ОҚЫТУ
4.1 Бокс техникасы туралы шабуылдау мен қорғанудан
тұратын тәсілдер жиынтығы
ретінде жалпы түсінік. Бокс техникасының анықтамасы. Техника – боксшының қозғалыс
жүйесі ретінде. Бокс техникасын топтастыру: негізгі тұрыс, соққылар, қорғаныстар,
қозғалыстар
және ұрыстың арақашықтығы, ұтымдылықтың көрсеткіштері, техниканың
тұрақтылығы, оның өзіндік ерекшеліктері. Әртүрлі арақашықтықта қарсы соққылар беру,
жалған қимылдар жасау. Үйлесімді әрекеттердің техникасы. Солақай боксшы техникасының
ерекшелігі және онымен ұрыс жүргізу.
4.2 Бокс тактикасы туралы жалпы түсініктер. Тактика – рингте ұрыс жүргізу шеберлігі
ретінде. Тактиканың жеңіске жетудегі орны. Ұрысты жоспарлау. Тактика элементтері: барлау,
шешім
қабылдау және оны орындау, қолайсыз жағдайлардан сақтану. Рингтегі татиканың
сипаттамасы. Ұрыс кезіндегі тактикалық жағдайлар. Боксшының тактикалық ойлануы және
оның құрамдас бөлімдері: ақпаратты жылдам қабылдап, сараптап,
қарсыласының әрекетін
алдын-ала сезу, тактикалық шешімдердің тиімді жолдарын қарастыру.
4.3 Бокстағы техника және тактиканы үйретудің әдістемелік негіздері. Жарыс
алдындағы оқу-жаттығу жиындары мен жұмыстарын өткізу. Бокстағы дайындық түрлері,
оларды жоспарлау, іріктеу және қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: