Жоғары педагогикалық білім


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет406/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый
03422017
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Практика мақсаты:
жалпы білім беретін мектептердің айрықша қызметі жүйесінде 
оқу және тәрбие үдерісін іске асыру бойынша студенттердің білімін, іскерліктерін және 
практикалық дағдыларын қалыптастыру.
 
Практика міндеттері:
1. «Дене шынықтыру» пәні мұғалімінің қызметін атқаратын практикалық жұмыс 
жағдайында ЖОО да алған білімі, білігі және практикалық дағдыларын тереңдету мен 
пысықтау. 
2. Оқу және тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратын және оқыту мен тәрбиелеудің
қазіргі педагогикалық технологияларын енгізу үшін қажетті кәсіптік-педагогикалық 
дағдыларды қалыптастыру. 
3. Дене шынықтыру білімі мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары, әдістері 
мен тәсілдерінің мазмұнын жетілдіруге арналған озық педагогикалық тәжірибе жұмысын 


424 
үйрену. 
4. Студенттер бойында мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылықты 
тәрбиелеу, өзіндік білім алуға деген дағдыларын қалыптастыру.
5. Спорттық-сауықтыру және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында 
мектепке практикалық көмек көрсету. 
Педагогикалық практика ЖОО-ның оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жасалынған 
мерзімде өткізіледі. 
Практика оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарынан босату арқылы келесі тараулар 
бойынша өткізіледі. 
Педагогикалық практиканың қысқаша бағдарламасы: 
1.
 
Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны және
жүйесімен жалпы таныстыру: 
-
дене шынықтыру пәні мұғалімінің дене тәрбиесі жұмысының қойылымы, құжатнама 
жүргізу тәртібі, оқушылар контингенті мен олардың қозғалыс дайындығының деңгейі, дене 
шынықтыру пәні мұғалімінің құқықтары мен міндеттері туралы хабарламасын тыңдау; 
-
түрлі мектептерде дене тәрбиесі жұмыстарының қойылуы туралы тәжірибелер алмасу 
(практика өтілген кезеңде алынған мәліметтер негізінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет