Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. БОКСТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет225/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

2 МОДУЛЬ. БОКСТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
2.1 Бокстың спорт түрі ретінде қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі, Ресейдегі және 
Қазақстандағы бокстың дамуы. Қазақстан боксшыларының Азия, Әлем біріншіліктеріндегі, 
Олимпиадалық ойындарындағы жетістіктері. Қазақстан боксшыларының спорттық 
көрсеткіштерінің бүгінгі күндегі деңгейі. Әйелдер боксының дамуы. 
2.2 Бокс дамуының қазіргі кезеңдегі көкейкескі мәселелері. ҚР бокс дамуы жайлы 
мағлұматтар. Боксты дамыту мәселесі бойынша қазіргі кезеңдегі және алдыңғы жылдардағы 
ғылыми зерттеулердің салыстырмалы сараптамасы. Боксты дамыту мәселесі бойынша 
ғылыми зерттеулеріне шолу жүргізу. Бокстың техникасы мен тактикасындағы, жаттықтыру 
әдістері мен құрал-жабдықтарындағы жаңашылдықтар. Қазақстан боксшыларының 
халықаралық деңгейдегі жарыстардағы жетістіктерінің сараптамасы. ҚР боксты ары қарай 
дамыту бойынша алға қойылған кезекті міндеттер. 
3 МОДУЛЬ. БОКСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ 
3.1 «Жіктеме», «жүйеге келтіру», «терминология» деген ұғымдардың анықтамасы. 
Қазіргі кездегі бокста қолданылатын негізгі терминдер.
3.2 Боксшыларды жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және спорттық 
біліктіліктеріне қарай топтастыру. Бокс техникасы негіздерінің жіктемесі: соққылар, 
қорғаныстар, қарсы соққылар. 
4 МОДУЛЬ. БОКС ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН 


233 
ОҚЫТУ 
4.1 Бокс техникасы туралы шабуылдау мен қорғанудан тұратын тәсілдер жиынтығы 
ретінде жалпы түсінік. Бокс техникасының анықтамасы. Техника – боксшының қозғалыс 
жүйесі ретінде. Бокс техникасын топтастыру: негізгі тұрыс, соққылар, қорғаныстар, 
қозғалыстар және ұрыстың арақашықтығы, ұтымдылықтың көрсеткіштері, техниканың 
тұрақтылығы, оның өзіндік ерекшеліктері. Әртүрлі арақашықтықта қарсы соққылар беру, 
жалған қимылдар жасау. Үйлесімді әрекеттердің техникасы. Солақай боксшы техникасының 
ерекшелігі және онымен ұрыс жүргізу. 
4.2 Бокс тактикасы туралы жалпы түсініктер. Тактика – рингте ұрыс жүргізу шеберлігі 
ретінде. Тактиканың жеңіске жетудегі орны. Ұрысты жоспарлау. Тактика элементтері: барлау,
шешім қабылдау және оны орындау, қолайсыз жағдайлардан сақтану. Рингтегі татиканың 
сипаттамасы. Ұрыс кезіндегі тактикалық жағдайлар. Боксшының тактикалық ойлануы және 
оның құрамдас бөлімдері: ақпаратты жылдам қабылдап, сараптап, қарсыласының әрекетін 
алдын-ала сезу, тактикалық шешімдердің тиімді жолдарын қарастыру. 
4.3 Бокстағы техника және тактиканы үйретудің әдістемелік негіздері. Жарыс 
алдындағы оқу-жаттығу жиындары мен жұмыстарын өткізу. Бокстағы дайындық түрлері, 
оларды жоспарлау, іріктеу және қадағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет