«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»



бет3/9
Дата13.02.2017
өлшемі2,66 Mb.
#9301
1   2   3   4   5   6   7   8   9

30-сурет. Кемпбелла магнолиясы (Magnolia):А-гүл;

Б - гүл (тігінен жасалған кесіндісі); В-аталық; Г- гүлдің

диаграммасы; Д- жемісі бар өркен біріккен таптама;

Е- тұқым (тікесінен жасалған кесіндісі).


Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда

сібір магнолиясы (магнолия сибирская - M.obovata) деп аталатын бір ғана

түрі өседі (курил аралдарында). Мәдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны ( магнолия крупноцветковая - M.grandiflora)

жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мәңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз тәрізді ақ және жұпар иісі болады, парфюмерияда қолданылады. Магнолияның кесілген бөренелері әртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады. Американдық тюльпан ағашының қабығынан, жапырағынан және гүл бүршіктерінен дәрі жасап медицинада пайдаланады.

2. Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) формалары жағынан алуан түрлі болып келетін Сарғалдақгүлділер қатарына жатады.

Тұқымдастың тіршілік ету формалары: көпжылдық , кейде біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, ағаштектес лиана. Шамамен 50 туысы мен 2000-нан аса түрлері бар. Бұл тұқымдастың өкілдері негізінен жер шарының қоңыржай бойлықтарында, сонымен қатар Қазақстанда да кездеседі.

Өкілдерінің негізгі бөлігін мезофиттер құрайды, олардың бірқатары ылғалдылығы жоғары жерлерде өседі (батбақ қалтагүлі, күйдіргі сарғалдақ), сирек гидрофиттер кездеседі (сусарғалдақ).

Вегетативтік мүшелерінің ерекшеліктері. Тамыр жүйесі тамыр сабақты, шашақ және кіндік, сондай-ақ тамыры түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады (таушымылдық, көктем ақбүйрегі). Жапырақтары бөбе жапырақсыз кезектесе келген, жапырақ тақтасы көбінесе тілімделген.

Генеративтік мүшелерінің ерекшеліктері. Гүлдері шашақгүл және сыпыртқыгүл гүлшоғырына жиналған, сирек дарагүлді болып келеді. Гүлдері актиноморфты (сарғалдақ, қалтагүл, жібілген) және жел арқылы тозаңданады. Зигоморфты гүлдері (уқорғасын, шөмішгүл, тегеурінгүл), гүл тепкісі бар бойлап өскен күлтежапырақтарының ойыс өскіндерінің төмен жағы қусырыла біткен түтікше түрінде, онда шірнеліктер жиналады. Гүлдері қосжынысты бөліктерінің саны белгілі және белгісіз болып келеді. Тостағаншасы 5, сирек 6 тостағанжапырақшалардан тұрады, сонымен бірге 4 (жібілген), 3 (ақбүйрек), сирек 2 (кандалашөп) тостағанжапырақшалы да болып кездеседі. Гүлсерігі жай немесе қосарланған. Андроцейі кезектесе келген көптеген аталықтан құралған, гинецейі апокарпты, бір не бірнеше жапырақшадан тұрады, жоғарғы түйін. Гүлдерінің реңі саналуан. Жемісі кезектесе келген таптамалардың жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан немесе қарапайым жидектәрізді болып келеді.

Тұқымдасқа жататын өсімдіктердің барлығы алколоидтардың болуымен ерекшеленеді, сондықтан оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда және жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сәндік және дәрілік өсімдіктер болып саналады.

Уқорғасын туысы ( борец –Aconitum). Туыстың құрамында 60 - тай түр бар. Олар солтүстік ендікте, әсіресе таудың күн түсетін беткейлеріндегі шалғындарда, бұталардың араларында жиі кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың аймағында 50 – дей, ал Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Бұлар көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлі зигоморфты, шашақ гүл шоғырына жиналған. Тостағаншасы 5, олар ашық көк түске боялған, күлтежапырақшалар тәрізді болады, оның үстіңгісі ұлғайып өсіп бүркіттің томағасы тәрізді , ал астыңғы екеуі көп жағдайда тең болмайды. Күлте жапырағының саны 5-8 (көбіне 8), бірақ оның тек жоғарғы екеуі ғана жетіледі және олар үлкен тәтті шырындыққа айналады. Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны 3 - 7- ге дейін болады. Жемістері таптама. Өсім -

діктің бойында өте улы аканитин алкалоиды болады. Оларды сәндік және дәрілік өсімдіктер ретінде отырғызады. Бақтарда көп жағдайда дәрілік у қорғасыны (A.napellus) өсіріледі ( 31 - сурет). Қазақстанда кең таралған өкіл -деріне ақ ауыз уқорғасын мен (A.leucostomum ) жоңғар у қорғасыны (A.soongarica) жатады.

Сарғалдақ туысы (лютик - Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың аймағында 180 - дей, ал Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Олардың ішіндегі ең көп таралған өкілінің бірі күйдіргі сарғалдақ

(лютик едкий - R. acris). Бұл – арамшөп ретінде орман және сужайылым шалғындарында, егістікте, өзен жағасында, бұлақтарды бойлай өсетін өсімдік (32 - сурет). Улы, дәрі ретінде пайдаланылады. Жатықтүкті, өте қысқа тамырсабақты, көпжылдық өсімдік, тамырсабақтан таралған тамырлардан тығыз топтасқан, қатаң шашақ тамыр түзіледі. Дара өсетін көп гүлді, тік сабағының биіктігі 30-80 см.

Гүл құрылысы. Гүлі өте ұзын гүлсабақта орналасады, қос гүлсерікті, дұрыс гүлді болады. Тостағаншасы жұмыртқа тәрізді 5 тостағанжапырақша -

лардан құралады, жылтыр, алтын сары түсті 5 күлтежапырақшасы бар. Гүлтабаны - тақыр, аталықтар мен аналықтар көп болады. Тостағанжапырақ -



шалар мен күлтежапырақшалар шеңберлене орналасады. Шар тәрізді жемісі өте көп жемісшелерден тұрады; жемісшелері – жаңғақша тәрізді. Гүлінің формуласы *Са5 Со5 А G.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет