«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»


- сурет. Көктемгі жанаргүл – Горицвет весенний (Adonis vernalis L.) Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет6/9
Дата13.02.2017
өлшемі2,66 Mb.
#9301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
33 - сурет. Көктемгі жанаргүл – Горицвет весенний (Adonis vernalis L.)

Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Магнолия тұқымдастарына жататын өсімдіктердің тіршілік ету формалары қандай ?

  2. Магнолия гүлінің құрылысының ерекшеліктері қандай ?

  3. Магнолия тұқымдастарының жемістерінің құрылысы қандай ?

  4. Магнолия тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады ?

  5. Сарғалдақ тұқымдастарының жемістерінің құрылысы ?

  6. Сарғалдақ тұқымдастарына жататын өкілдерінің қандай маңызы бар?

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 12. Раушангүлділер тұқымдасы Қалақайгүлділер тұқымдасы Қалампырлар тұқымдасы
Блок 3 Даражарнақтылар тұқымдастары

13 тақырып. Даражарнақтылар класы.

Дәріс жоспары:

1. Даражарнақтылар класына жалпы сипаттама.

2. Систематикасы.

3.Астық тұқымдастары.



Даражарнақтылар класы. Дара жарнақтылар класы 4 класс тармағынан , 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000- дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. (бір, екі, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтаылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы флоэмасында тін паренхимасы болмайды., сондықтан да ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік жасушалардан тұрады. Өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Артық қор заттары және метаболизм өнімдері ( эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысцы біршама қарапайым болып келеді. Дара жарнақтылардың ішінде жоғары деңгейлі маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ , бадана, түйнектер, пиязшықтар түрінде өткізеді. Галофиттері батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. Астық немесе қоңырбастылар тұқымдасы.

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5-10 мың және 700 дей туыс жатады . Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады .Тамаққа пайданылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде оларды халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер . Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді.Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындақтарына қарай өсімдіктерді түптенген ,сирек түптенген және тамыр сабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақ тамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық түқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма меристемелар арқылы өсу деп атайды.

Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың ,сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары улпалармен толтырылған болып келеді. Мұндай сабақты сабан деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының буын аралықтары да улпалармен толтырылған болып келеді.

Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді .Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады,одан жапырақ кетеді.Астық тұқымдасында қынапша буынаралығында туп жағында орналасқан,және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады .Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдасы басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тәрізді өскіні немесе тілшесі болады.Ол сабақпен қынапшаның арасынан судың өтуіне мүмкіндік бермейді.Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын-масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын-күрделі масақ, сыпырғы түзеді.Астық тұқымдасының барлығы дерлік әрбір масағынаң түп жағында екі масақтың қауызы болады. Масақтарындағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес ,біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы ,3 аталығы және1 аналығы болады .Соңғысының, яғни екінші бетіне аналығының сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы ауызы болады. Гүл түйіні жоғарғы , барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Масақшасының және гүлінің құрылыстары сызба-нұсқа және диаграмма түрінде берілген.

Гүлінің формуласы:↑Р(2)+2А3G(2).

Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір тұқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды, ол оған бүйір жағынан жанасып ,қалқанша деп аталатын жалғыз тұқымжарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды. Ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды. Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі :бамбук тәрізділер, қаңырбас тәрізділер,тары тәрәздәлер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі.Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды:бидай,қарабидай,жүгері, арпа.Шырмауықтар тұқымдасы. 1500дей түрлері бар. Дүние жүзінің тропиктері мен субтропиктерінде,аздап екі ендіктің де қоңыржай климат облыстарында өседі .Негізінен шөптесін өсімдіктер, сиректеу буталар немесе ағаштар . Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас , қалақты немесе қауырсынды тілімделген ,қосалқы жапырақшалар болмайды.Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гинецейі 2жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы жемістері қауашақ тәрізді, жаңғақша тәрізді. Тропикалық және субтропикалық елдерде, сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін 200 дей түрі бар.Түрлерінің көп кездесетін орталығы Жер орта теңізі жағалауы. Өмірлік формалары бұталар ,жартылайбұталар, көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Жемістері қауашақ тәрәзді. Қоңыржай климатты зонада далалық шырмауық атпа тамырлы көпжылдық шөптесін өсімдік .Сабағы шырмалып өсетін және 100-120 см ге дейін ұзындыққа жетеді. Гүлдері ақ немесе ақшылдау ,ашық қызғылт түсті болып келеді және аздап жағымды иіс шығарады.Егістіктің аса қауіпті күресуге қиын арамшөбі, кейде егілген астықтың сабағының жатып қалуына әкеліп соқтырады,сүтті шырындарының көп болуына қарамастан оның ірі қара мал жақсы жейді.Шырмауық гүл туысының 300 дей түрі бар. Бір жылдық жіне көп жылдық шөптесін өсімдіктер, негізінен тропикалық елдерде өседі.Батат шырмауық гүлін крахмал беретін түйнектер үшін себеді. Түйнектері жанама тамырларында пайда болады. Оның шыққан жері орталық Америка, егілген жерлері Орта Азия мен Кавказ.

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 14. Лалагүлділер тұқымдасы. Астықтұқымдастар тұқымдасы.Қияқөлеңдер тұқымдасы
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 15. Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары.
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Тәжірибелік сабақтардың қысқаша мазмұны .
Тақырып 12. Мүктәрізділер және плаунтәрізділер бөлімі.

Сабақтың мақсаты: Көкек зығырының құрылысын зерттеу. Түйреуіш тәрізді және селагинелл плаундарының құрылыстарындағы даму кезеңдеріндегі ерекшеліктері ажырату.

Кәдімгі көкек зығырының, түйреуіш тәрізді және селагинелл плаундарының гербарийге салынған үлгісі. Морфологиялық сипаттама жазу. Сипаттаманы мына үлгі бойынша жүргізеді.

1. Гаметофит

а) өркеннің өсуінің формасы: тік, көтеріңкі, төселіп;

б) сырт кескіні: ағаш тәрізді, бұта тәрізді, тармақталған;

в)жапырақ: жалпақ, толқындалған,

2. Спорогон

а) орналасқан жері: гаметофиттің жоғарғы жағында, бүйірінде;,



б)қақпашасы: суреті


Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

В.Г.Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. 1989г.
Тақырып 13. Қырыбуынтәрізділер және папортниктәрізділер бөлімі Сабақтың мақсаты: Егістік қырықбуынның құрлысы ерекшеліктерімен, даму кезеңдерімен танысу. Папоротник тәрізділер өкілі-еркек папоротник қурылысындағы және даму кезендерідегі ерекшеліктері мен танысу.

1.Гербарийға споралы масақтары бар өсімдіктерді жинап салады. 2.Морфологиялық сипатамалар жасау үшін мына схеманы пайдаланады.

3.Суреттерін салып белгілерін жасау.

1.Өсімдік.

а) Өркендері бар: бірдей, спора түзетіп өркендерінің спора түзбейтін өркендерінен айрмашылықтары.

б) Өркендерінің пайда болуы, спора түзейтін, спора түзейтін споралар.

2. Өркен.

а) өмірінің ұзақтығы: бір жылдық, көпжылдық,

б) бұтақтану дәрежесі, бұтақтанбайтын, екі рет бұтақтанбайтын,

в) Сабақтағы қырларының саны

3. Жапырақ қынапшасы:

а) формасы: варонка тәрізді, целиндр тәрізді.

б) орналасуы: бір – бірінен қашықтау, бір – біріне жақын

в) жапырақтарының тістерінің формасы.

4. Спора түзетін масағы.

а) төбетей, үшкір, доғал.



Қырықбуынның 2-3 түрін сипаттап жазып анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет