39
№9 Лекция- 2 сағат
Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Қазақстан Республикасы мемлекеттiң тұрғындарын, экономиканы, қоршаған орта
мен ұйымдарды төтенше жағдайлардан қорғауға үлкен
көңiл бөлген, өйткенi
Республикамыздың барлық аймақтары төтенше жағдайға бейiм. Сондықтанда 1996
жылдың 5-шiлдесiнде Қазақстан Республикасының “Табиғи және техногендi сипаттағы
төтенше жағдайлар туралы” заңын қабылдады. Бұл заңның мақсаты табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде
қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Заңда
төтенше жағдайға, дүлей зiлзалаға, аварияға, апатқа анықтама берген;
Төтенше жағдай ұйымдарының мiндеттерi, төтенше жағдай аймақтарындағы халықтың
құқықтары
мен мiндеттерi белгiленген; жергiлiктi өзiн-өзi басқару, мемлекеттiк
органдардың өкiлеттiктерi ерекше көрсетiлген; төтенше
жағдай саласында заңдарды
бұзғандар үшiн жауапкершiлiк анықталған. Заңда төтенше жағдайға мынадай анықтама
берген “Төтенше жағдай дегенiмiз - белгiлi бiр аймақта, территорияда орын алған апат,
авария, дүлей зiлзала нәтижесiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған орта
мен шаруашылық жүргiзетiн нысандарға, елiмiздiң экономикасына үлкен зиянын
тигiзу, соның нәтижесiнде тұрғындардың өмiр сүру деңгейiнiң бұзылуы” делiнген.
Авария
-
технологиялық процестердiң бұзылуы, механизмдер
мен жабдықтардың
iстен шығуы, ғимараттардың құлауы.
Дүлей зiлзала
- тұрғындардың қалыпты тiршiлiгiнiң тұтқиыл бұзылуынан,
адамдардың өлуiне, ауыл шаруашылығы малдарының шетiнеуiне, материалдық
құндылықтардың бүлуiне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.
Апат-
бұл
тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың тiршiлiк әрекетiнiң
бұзылуымен, адам өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрумен, едәуiр экономикалық
немесе экологиялық шығынмен сипатталатын жағдай.
Апат көлемi мен түрi бойынша бөлiнедi.
Көлемi бойынша; кiшi, орта, үлкен
болады.
Көлемдi анықтау кезiнде зардап шекендерге немесе
ауруханаға жатқызатын
адамдар санына, апат зардабына ұшыраған аймақ байланысты алынады.
Түрi бойынша; -табиғи (
табиғаттың немесе дүлей
зiлзала әсерiнен
).
-жасанды (
антропогендiк, атап айтқанда адам факторы әсерiнен) болады.
Табиғи апат төмендегіше бөлiнедi.
1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, қуаңшылық, аяз, найзағай, табиғи өрттер).
2. Тектоникалық (жанар таудың атқылауынан болған өрттер, жер сiлкiнiсi).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкiнi, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердiң және басқа космостық денелердiң құлауы, олармен
соқтығыс).
Жасанды апатқа жатады;
1. Көлiктiк (космостық, авиациялық, автомобильдiк, теңiз, өзен, темiр жол).
2. Өндiрiстiк (радиациялық, механикалық, химиялық, термиялық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеуметтiк (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртiпсiздiк,
терроризм,
маскүнемдiк, нашақорлық).
Әрбiр апат зақымдау ерекшелiгiне тән ошақ құруға алып келедi, ал әрбiр ошақ бұл
төтенше жағдай болып табылады.
Төтенше жағдайлар үш негiзгi белгiлерi бойынша жiктеледi;
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомствалық қатыстылығы бойынша.
3. Аймақтық таралуы бойынша.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдай;