Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
Ауыр металдар.
Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және 
микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. 
кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл 
байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада 
жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық 
қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б. 
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен 
қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, 
никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады. 
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның 
көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде 
мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. 
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның 
басталуымен тығыз байланысты. XX ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы 
қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 
есе артық. 
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке 
көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан 
бұрын босану, түсік тастау. 
Кадмий. Ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу 
себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары 
мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке 
жеңіл өтеді (70%-ға дейін) де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі (бүйректе 
жиналады), жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. 
“Ита-ита” ауруын туғызады. 
Сынап. Қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүние жүзіндегі сынаптың өндірісі 
жылына 10 мың т. астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия
өнеркәсібінде қолданылады. 
Металдық (элементарлық) сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі 
сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының 
қауіптілігі жоғары. 
Сынаптың металлорганикалық қосылыстары (әсіресе метил сынап) ағза үшін өте
улы және қауіпті. 
Асбест. Соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы 
— асбестоз ауруын туғызады. Өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қоршаған ортаның денсаулыққа қандай әсерлері бар? 
2. Канцерегендер деген не? 
3. Эмбриогенезбен Мутагенезге не жатады? 
4. Аурулар туғызатын заттар мен факторлар 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика, 2002. 
2. Экология, охрана природы, экологичекая безопастность. Под.ред. проф. Никитина А.Т. 
М.,2000 
3. Протасов В.Ф. Экология, здоровье и охрана окружающей среды в России: Учебное и 
спровочное пособие. М.,2001 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет