Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, функциялары



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі25,2 Kb.
#190729
  1   2   3
Байланысты:
10 дәріс. Саяси мәдениет (1)


10 дәріс. САЯСИ МӘДЕНИЕТ
1. Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, функциялары.
2. Саяси мәдениеттің түрлері.
3.Қазақстан Республикасында демократиялық саяси мәдениетті қалыптастырудың негізгі шарттары.
4. Саяси әлеуметтену түсінігі мен мәні.
1. Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде. Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет «саяси мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген CUIII ғасырда өмiр сүрген немiстiң ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк қалыптаспауы тиiс. Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңiл бөлген. Олар тәрбиеленген дәстүрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртүрлі адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты. Бiрақ, саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне «саяси мәдениет» ұғымын американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба CC ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi. Бұл кезеңде саяси мәдениеттi зерттеуге деген қызығушылықтың артуы үшiншi әлем елдерiнде, әсiресе Африкада пайда болған тәуелсiз елдердегi (отарлық езгi құлауынан) саяси тәжiрибе ерекшелiктерiне байланысты болды.
Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық,тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.
Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк саясаттанушысы Ежи Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады: а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы; б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу; в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк; г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.
Ал, ғалым Е.С. Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi: 1 «Психологиялық», саяси мәдениет - саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе; 2 «Жалпыкөлемдiк»бойынша саяси мәдениет - жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы; 3 «Объективтiк» анықтама бойынша саяси мәдениет - жеке адамның тежеуiшi; 4 «Эвристикалық» бағыт саяси мәдениет сараптау мақсатында қолданылады деп санады. С.А. Оболенскийпікірі бойынша саяси мәдениет түсiнiгiне үш негiзде анықтама берiлген. Оның ойынша 1) А.Г. Агаев, А.И. Арнольдов, Ф.М. Бурлацкий, А.А. Галкин, С.К. Рябов бұл саяси категорияны саяси қызмет, құндылық, принцип және тарихи тәжiрибе ретiнде сараптаған.
2) Ю.Ф. Ожигова, Ю.Т. Тихонов, Р.Г. Яновский адамның саяси дамуы мен белсендiлiгi және саяси тәжiрибесiн қолдана бiлу деңгейi деп есептеген. 3) Мына ғалымдар Е.М. Бабасов, Г.О. Белов, М.Т. Иовчук, Н.М. Кейзеров, Я.Н. Коган саяси мәдениет - адам күшiнiң формасы мен әдiстерi негiзiнде түсiндiргiсi келген.
Ағылшын саясаттанушылары Р. Карр мен М. Бернштейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтiк тәжiрибе, адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауы да кiредi дейдi. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтiк топтардың саяси iс-әрекеттерiндегi тәсiлдердi, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерiнiң қазыналары жатады.
Кеңес өкiметi кезiнде бұл пiкiрге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси iс-әрекеттерi саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына зерттеу керек деп есептедi. Бiрақ, бұл көзқараспен келiсу қиын. Себебi, бiрiншiден, саяси мәдениеттен саяси iс-әрекет пайда болады. Екiншiден, егер адамдардың саяси өзiн-өзi ұстауын саяси мәдениеттен бөлiп алсақ, оның iс-әрекеттiк жағы ескерiлмей қалады. Ал, қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерiмен бiрге нақтылы iс-әрекеттiң бiрлiгiн бiлдiредi. Сондықтан бiз саяси мәдениетке саяси санамен қатар iс-әрекеттер де кiредi деп есептеймiз.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгiлi бiр қоғамда немесе әлеуметтiк қауымдастыққа тән саяси сана мен iс-әрекеттердiң ұқсастық жиынтығын айтады. Саяси мәдениеттi әртүрлi бағыттарда қарастырылған:
1 Г. Алмонд, С. Верба, Б. Дивайн, Б. Краснов – саяси құндылықтық бағдар негiзiнде қарастыра отырып, оны рухани құбылыстар жиынтығы дейдi;
2 С . Вайт нормалық талаптардың пайда болуын саяси мәдениет деп түсiндiредi;
3 Л. Диттмер саяси мәдениет саяси рәмiздер жиынтығы деп есептейдi;
4 Дж. Плейно саяси мәдениеттi iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiлерiнiң жиынтығы ретiнде қарастырады;
5 У. Розенбаум саяси мәдениет саяси қызмет тәсiлi дейдi;
6 Барлығынан гөрi саяси мәдениетке дәлме-дәл анықтама берген Роберт Такер «саяси мәдениет - қоғамдағы күнделiктi өмiр салты, өзiне ойлау тәсiлдерiн, сенiмдi және iс-әрекет үлгiлерiн қамтушы». Мұнда индивид санасы мен iс-әрекетi және әртүрлi қауымдастық топтар мен ұлттар да қамтылады.
Қоғамдағы саяси мәдениет адамдар санасы мен iс-әрекетiн ғана емес, саяси институттар әрекетiнiң мазмұнына да тiкелей ықпал етедi. Қоғамда саяси жүйенің бір элементі ретінде саяси мәдениет: қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын; тұрғындардың әртүрлі қабаттарының бірлігін; билеуші элитаның әлеуметтік базасының беріктігін; қабылданған саяси басқарушылық шешімдерге тұрғындар реакциясын байқау мүмкіндігін; сабақтастық негізінде қоғамның саяси өмірін өндіруді қамтамасыз етеді (14-кесте).
Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, құндылық, нұсқауларды қамтиды. Халықтың тарихи санасы ұлттық саяси өмiрде сабақтастықты сақтаушы мемлекеттiк және саяси проблемаларды шешу тәсiлдерi мен дәстүрлерiн нақты кезеңдерде жарыққа шығарып отырады. Саясаттанушылар қоғамның саяси мәдениетiн үш негiзгi бөлiкке бөледi. Бұл бөлiктер адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2) қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлi-гiне қатынасына қарай.
1 Билiк құрылымына қатынас өзiне екi түрдi: саяси тәртiпке қатынасты және билiктiк шығыс пен кiрiске қатынастықамтиды. Тәртiптiк бағдар индивидтiң билiк құрылымының қызметiн бағалауын, қабылдаған шешiмдерге /шығысқа/ олардың қатынасын бiлдiредi.
2Индивидтiң басқаларға қатынасын жағынан саяси жүйеге бағдары үш түрдi қамтиды: саяси етенелесу, саяси сенiм, «ойын ережесi». Саяси етенелесу -индивидтiң саяси жүйенi мойындауы, оған деген жауапкершiлiгi мен мiндеткерлiгi. Саяси сенiм - индивидтiң басқалармен азаматтық өмiрде ашық, бiрге, төзiмдi өзара қатынасын бiлдiредi. «Ойын ережесі» -индивидтiң түсiнiп азаматтық өмiрде бағынуы тиiс ережелерiн қамтиды.
3 Саяси белсендiлiк өзiне екi түрдi қамтиды: саяси кәсiбилiк және саяси мәндiлiк. Саяси кәсiбилiк индивидтiң қоғамның саяси өмiрiне жиi араласуын, саяси ресурстарды пайдалану мүмкiндiгiн бiлдiредi. Ал, саяси мәндiлiк – индивидтiң өзiнiң саяси процеске ықпал ету мүмкiндiгiн сезiну.
Әр елдегi саяси мәдениет туралы бiлу үшiн мiндеттi түрде оның құрылымын ажыратып алуымыз керек.
а) Саяси сана саласында саяси мәдениет мыналарды қамтиды: · субъектiнiң саяси өмiрге қызығушылық денгейi (қызығушылық жоғары, орта, төмен болуы); · субъектiнiң саяси санасының даму денгейi; · жалпы саяси жүйеге, оның жекелеген институттарына, олардың рәмiздерiне қатынас; · саяси процестiң басқа қатысушыларына қатынас (қолдау немесе қарсылық); · саяси акцияларға қатысуға даяр болу денгейi; · «саяси ойын ережесiн» бiлу денгейi (мүмкiн және мүмкiн емес жағдайлар); · саяси және саяси-идеологиялық өзiн-өзi етенелестiру сипаты; · саяси тiлі;
б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды: · қоғамның саяси өмiрiне қатысу формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет); · мемлекеттiк институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес); · азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия, қозғалыстар); · саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi; · электоралды мiнез-құлық түрлерi;
в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды: · саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық); · саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге асыру әдiстерi; · әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi; · электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi); · ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).
Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi жақтарын бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерiжатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртiп, билiк тетiктерi мен басқару, шешiмдердi қабылдау мен iске асыру, билiк өкiлеттiгiнiң иелерi, саяси өмiрдегi өз орны, саяси қызметке қатысудың қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды.
Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.
Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстауда кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға қатынасын бiлдiредi. Ол саяси бiлiмiн көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.
Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық кездессе бiр-бiрiне иiлiп сәлем бередi.
Снда ол елдiң ғұрпын бiлетiн адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi.
Саяси мәдениеттiң ерекше белгiсiне саяси рәмiздер жатады. Әр халық өздерiнiң ғасырлар бойғы дәстүрлерiне сай ұлттық-мемлекеттiк рәмiздерiн жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.
Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн:
1 Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;
2 Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын өндiруi мүмкiн;
3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.
Саяси өмiрде саяси мәдениет белгiлi бiр қызметтер атқарады:
1 Танымдық қызметi- қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптердi танып бiлуге үйретеді және субъектiнi саяси салада табысты жұмыс iстеуіне керектi бiлiммен, қоғамды басқару әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады;
2 Етенелесу қызметi- адамдардың белгiлi бiр әлеуметтiк қауымдастыққа жатуын, әрi сол топпен өзiнiң мүдделерiн жақындастыруын, сол топпен саяси өмiрге белсендi араласуын түсіндіреді;
3 Әлеуметтендiру қызметi- адамның қандай да бiр саяси билiк жүйесiнде өзiндiк саяси құқығы мен саяси қызметiн, мүдделерiн iске асыруға қажеттi дағдылар мен қасиеттердi игеруiн қамтамасыз ету;
4 Реттеушiлiк қызметi - бұл саяси мәдениеттiң адам мiнез-құлқына әсерi, олардың iшкi және халықаралық өмiрдiң саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазiргi саяси жүйенi, саяси қайраткерлердi, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерiн бағамдау, әлеуметтiк-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу;
5 Тәрбиелiк қызметi - бұл саяси бiлiмдердi игеру жеке адамның интеллектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюiне, мүдделердi қорғауға, қоғамдық-саяси әрекетке, қимылға белгiлi тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзiнiң көрiнiсiн әлеуметтiк белсендiлiктен табады; 6 Интегративтiк (бiрiктiрушiлiк) қызметi- саяси мәдениет өмiр сүрiп отырған саяси жүйенiң тiрегi қызметiн атқарады. Саяси мәдениет қоғамның көпшiлiгiнiң өмiр сүрiп отырған саяси жүйенi қолдауын қамтамасыз ету арқылы оларды бiрiктiру мақсатында қызмет етедi;
7 Коммуникативтiк (қарым-қатынас) қызметi - өмiрде үстемдiк алған саяси сана мен мiнез-құлықты жаңа ұрпаққа жеткізу және беру; 8
Қорғау қызметi- қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетiн саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет