Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

№8 Лекция- 2 сағат 
 
Қауіп-қатер, қауіпсіздік түсінігі.
Тiршiлiк қызметiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз 
етудiң ұйымдық негiздерi. 
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті 
шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден 
айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы 
ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің 
ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, 
онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес. 
Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері 
нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға 
ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру 
органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген 
сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны 
қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-
гигиеналық, емдік шаралар. 
Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс 
және уақиға. 
Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда 
пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған 
қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар 
ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру 
ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады. 
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады: 

адамның өзі; 

өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, 
пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік 
әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға; 
адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері. Қауіп-қатерді 
белгілері бойынша топтарға бөледі (Сурет 1). 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет