38
жарылыс, өрт, апат туа қалса, оның алдын алуға және оның келтiретiн залалын
төмендету үшiн арнайы шаралар кешенiн жүргiзу қажет екенiн анықтайды. Бұл
мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының
Азаматтық қорғаныс ұйымы
тағайындалды.
1997 жылдың 7 мамырында «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы қабылданды. Бұл
заңда Қазақстанның әрбiр азаматтары, аумақтары, шаруашылық жүргiзетiн нысандары
бейбiт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлардан сенiмдi қорғалатындығы
туралы және Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерi, құрылыуы, жұмыс iстеу
принциптерi, орталық және жергiлiктi атқарушы
органдарының мiндеттерi, төтенше
жағдай аймағындағы азаматтардың құқықтары туралы айтылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының ұйымдастырушылық
құрлымына:
-
азаматтық қорғаныстың басқару органдары;
-
азаматтық қорғаныстың күштерi;
-
азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай қызметтерi;
-
азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдары;
-
азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервтерi жатады.
Азаматтық қорғанысқа Қазақстан Республикасының премьер-министiрi жалпы
басшылық жасайды. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының
бастығы болып табылады.
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты Қазақстан
Республикасы төтенше
жағдай жөнiндегi агенттiк жүргiзедi, оның төрағасы Қазақстан Республикасының
Азаматтық қорғанысының бастығының орынбасары болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында Азаматтық қорғанысқа ректор жалпы башылық етедi
және азаматтық қорғаныстың бастығы болып табылады. Ол Азаматтық қорғаныстың
ұйымдастырылуы мен жәй күйiне, оның күштерi мен құралдарының құтқару және өзге
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы
құрамының, студенттер мен қызметкерлердiң тосын
жағдайлардағы iс-әрекетке
икемдiлiгi үшiн жеке жауап бередi. Жоғарғы оқу орныны Азаматтық қорғанысы
бастығының бұйрығымен АҚ штабы және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай
қызметтерi құрылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының және Төтенше
жағдай жөнiндегi орталық атқарушы органдарының шешiмiн барлық орталық және
жергiлiктi
атқарушы органдары, ұйымдар және республиканың халқы орындауға
мiндеттi болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қауіп-қатердің түрлері
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай ұйымының қызметі қандай?
3. ЖОО орындарындағы Азаматтық қорғаныс ұйымы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Закон Республики Казахстан в области чрезвычайных ситуаций. Алматы, 2002 г.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу
жөнiндегi нұсқаулық. Алматы қ, 2012 ж.
3. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға
арналған оқу құралы. Алматы қ,.2002 ж.
4.Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам чрезвычайных
ситуаций и Гражданской обороны. г. Алматы, 2013 г.
Достарыңызбен бөлісу: