Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.
морфология, 1619867412, анемия беременных, инфекция мочевых путей, СРСП-22, Тема 21.
Табиғи төтенше жағдай 
- табиғаттың құбылыстарының әсерiнен пайда болады.
Табиғи төтенше жағдайларға: 
- геофизикалық қауiптi құбылыстар (жер сiлкiнiсi, вулкандардың атқылауы); 
- геологиялық қауiптi құбылыстар (көшкiндер, сел, сырғыма, тастың құлауы); 
- Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауiптi құбылыстар (дауыл, құйын, аяз 
ж.т.б.); 
- Теңiздiк гидрологиялық құбылыстар (теңiз деңгейiнiң қатты ауытқуы, мұздардың еруi 
ж.т.б.); 
- Гидрологиялық қауiптi құбылыстар (су басу, су тасқыны, грунттi сулардың көтерiлуi); 
- Табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектiк); 
- Адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар); 
- Ауыл-шаруашылық малдарының жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар); 
- Ауыл-шаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянкестерi мен ауруларының көбеюi 
(эпифитотиялар) жатады. 
Техногендi сипатты төтенше жағдай -
адамның iс-әрекетi нәтижесiнде болатын 
техникалық апаттар, кейде зiлзаланың әсерiнен де болады.
Техногендi сипатты төтенше жағдайларға: 
- өндiрiстiк (завод, фабрика, кәсiпорындардағы) авариялар; 
- транспорттық (автомобильдердiң, поездардың, кемелердiң, ұшақтардың әсерiнен 
болатын) авариялар; 
- өрттер (жарылыстар); 
- қатты әсер ететiн улы заттар тасталу нәтижесiнде болатын авариялар; 
- радиациялық заттардың тасталуы әсерiнен болатын авариялар; 
- электр-энергетика жүйесiндегi болатын авариялар; 
- коммуналдық тiршiлiктi қамтамасыз ету желiлерiндегi авариялар және т. б. жатады. 
Жанжалды сипатты төтенше жағдайлар-
адамдардың қақтығысуы, жанжалдасуы, 
өзара келiспеушiлiгi нәтижесiнде пайда болады. Оған: 
- қарулы шабуыл; 
- террорлық актiлер; 
- кейбiр аймақтардағы толқулар; 
- соғыс уақыттағы әскери әрекеттер (қазiргi заманғы зақымдау құралдарын қолдану) 
жатады. 
Ведмстволы қатыстығы бойынша
төтенше жағдайлар мыналарға бөлiнедi. 
- құрлыста; 
- өндiрiсте; 
- халыққа үй-жайлық және коммуналды қызмет көрсету саласында; 
- көлiкте; 
- ауыл-шаруашылығында; 
Аумақтық таралуы бойынша 
төтенше жағдайлар мынадай топтарға бөлiнедi: 
- объектiлiк; 
- жергiлiктi; 
- аймақты; 
- кең ауқымды. 
Жер сiлкiнiсi-
бұл жер қыртысында немесе мантияның үстiнгi қабатында кенеттен 
болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде 
үлкен қашықтыққа таралатын жер астының дүмпуi мен жер астының қозғалысы. 
Жер сiлкiнiсiнiң 4 түрi бар. 


41 
1.Тектоникалық жер сiлiкiнiсi, ол жер бедерлерiнiң қақтығысуы, қозғалысы әсерiнен 
болады. 
2. Вулкандық жер сiлкiнiсi, ол вулкандардың атқылауы нәтижесiнен пайда болады. 
3. Обвалдi жер сiлкiнiсi, ол таудың қозғалуы, құлауы, жердiң опырылу нәтижесiнде 
болады. 
4. Техногендi жер сiлкiнiсi, ол адамдардың iс-әрекетi нәтижесiнде, мысалы мұнай, 
газ шығару, жер асты су қоймаларын жасау, жер асты жарылысын жасау нәтижесiнде 
пайда болады. 
Қазақстан Республикасында тектоникалық және техногендiк жер сiлкiнiсi кездеседi. 
Жер сiлкiнiсiнiң тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сiлкiнiсi өте жойқын болып 
келедi. 
Қазақстанда жер сiлкiнiсiнiң магнитудасын П.Рихтер бағамы бойынша, ал жиелiгiн 
анықтау үшiн MSK-64 12-баллды халықаралық шкала пайдаланылады. Ол төмендегi 
көрсеткiштермен сипатталады; 
Жер шарында жылына 100 000 астам жер тербелiсi тiркеледi, оның 400- дейi 
Қазақстанда болады. 
Жер сiлкiнiсiнiң 90%-ы Тынық мұхит белдеуiнде, 5- 6%-ы Жерорта теңiзi, Азиялық 
белдеуде, яғни Түкия, Иран, Индияда, 4-5 % қалған жерлерде кездеседi. 
Қазақстан Республикасында 450 мың шаршы км аймақта жер сiлкiнiсiнiң қаупi бар. 
Онда өнеркәсәптiң 40% шоғырланған, 27 қала, 400 астам елдi мекен орналасқан, 
республикамздың халқының 40 % тұрады. 
Шығыс Қазақстан, Алматы, Тараз, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау 
облстары Қазақстанда сейсмоқауiптi аймақта орналасқан. 
Халықтың жер сiлкiнiсi кезiндегi iс-әрекеттерi. 
Жер сiлкiнiсi кезiнде ғимарат iшiндегi кез келген адам тiрi қалу мүмкiндiгiн арттыру, 
жарақаттан сақтану үшiн дүмпудi күте тұруға болатын, салыстырмалы қауiпсiз орынды 
бiлуге тиiс, ал дүмпу аяқталғаннан кейiн ғимараттан тез шығып кету керек. Қауiпсiз 
аймақтар тұтас iшкi қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есiктiң 
жақтауының ортасы, мықты үстел, бел ағаш өтетiн жер болып табылады (1-сурет).
Спитактағы жер сiлкiнiсi кезiнде (07.12.88ж.) ванна iшiнде 6 адам тiрi қалған. 
Жер сiлкiнiсi кезiндегi қауiптi орындардың қатарына iшкi және сыртқы 
қабырғалардың шыныланған ойықтары, терезенiң алды, соңғы қабаттағы шеткi бөлмелер, 
лифтiлер, баспалдақ және балкон жатады. 
Жер сiлкiнiсiнiң ұзақтығы орташа болса 2-5 секунд, ал қатты тербелiсте 25-90 
секундқа созылады.
Егер сiз ғимараттың 1 қабатында болсаңыз, одан шыққыңыз келсе, дабырасыз 
жылдам қимылдап, терезенi, балконды пайдалануға болады. 
Ғимараттың жоғары қабатындағы адамдар дүмпу кезiнде бастарын қолға түскен 
затпен, түк болмаса қолымен жауып салыстырмалы қауiпсiз жерде дүмпу бiткенше тоса 
тұру керек, содан кейiн ғимараттан шығу үшiн арқаны негiзгi қабырғаға тiрей отырып 
шығу керек. 
Егер жер сiлкiнiс кезiнде көшеде болсаңыз ашық алаңқай жерге барған дұрыс, ал 
қоғамдық көлiкте болсаңыз жүргiзушi көлiктi дүмпу аяқталғанша тоқтату керек, содан соң 
көлiктен сабыр сақтап, үрей туғызбай, аурулар мен мүгедектерге, қарт адамдарға, 
балаларға көмектесiп далаға шығу керек.
Сел-
тау өзендерiнiң арналарында секундына 3-5 метр жылдамдықпен биiктiгi 10-20 
метрге дейiн жекелеген толқындармен қозғалатын, су мен үгiлген заттар қоспасы, ол 
салмағы 300 тонна тастың өзiн оңай жылжытып әкетедi. 
Селдiң өзен арналарындағы үлкен еңiстiң болуынан, борпылдақ топырақ 
бөлшектерiнiң көптiгiнен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздықтардың тез еруiнен, ауа- 
райынан, биiк таудағы өзендердiң бұзылуынан пайда болады. 


42 
Республикамызда 300 астам белсендi сел бассейiндерi бар.
Iле, 
Жоңғар, 
Талас 
Алатауының 
жоталарында, 
сондай-ақ 
Қаратай, 
Кетмен,Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстанда сел қауiптi аудандар болып 
табылады. 
Сел қауіпiнiң белгiлерi: 
- сел қаупi күштi аудандарда қатты нөсердiң ұзақ жаууы; 
- биiктегi сел қаупi бар арнадан гуiлдiң естiлуi; 
- сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дiрiлдеуi; 
- сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы; 
- судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы. 
Сел қауіпi бар ауданда болған кезiндегi қауiпсiздiк шаралары. 
1. Сел қаупi бар биiк тауда қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетiңiз; 
2. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз; 
3. Сел арналарымен жүрген кезде адамдардың ара қашықтықтары кем дегенде 20-30 м 
болуы тиiс; 
4. Сел қаупi бар арналардың, өзен бөгеттерiнiң жанына дем алуға тоқтамаңыз, шатырлы 
лагерь құрмаңыз; 
5. Селдiң жүретiнiн сезгеннен кейiн арнадан қашығырақ кетiп, тау беткейi бойынша 
мүмкiндiгiнше жоғары көтерiлiңiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет