Еріктік қасиеттері:
- өзін бақылау;
- оқытушының талаптарына сай жұмыс істей алу;
- батыл;
- жылдам шешім шығарушы;
- тұрақтылық
Топтағы студент жағдайы:
- топтағы беделі (топта немесе жеке қатысушыларға беделін пайдаланады);
- топтағы студенттерге қатынасы (симпатия, антипатия).
Психикалық процесстері мен эмоциясының ерекшелігі
Зейін (оқытушының түсіндіргеніне жылдам әрі тез зейінін аудара алады ма, егер оған қызықты болған жағдайда ғана зейін қойып тыңдайды ма немесе зейін аударуы қиынға соғады ма).
Ес (жаттау барысында материалдың құрылымы мен мағынасын түсінеді, жылдам жаттайды немесе материалды жаттау қысқа, механикалық қайталау болады, мағыналық қателер жібереді).
Ойау (материал төркінін жылдам түсінеді, оқытушының түсіндіргенін жақсы түсінеді, тапсырманы орташа екпінде орындайды немесе тапсырманы орындауы баяу, көп ойланады).
Жалпы эмоционалды күй (ылғи тірі, белсенді, оптимист немесе керісінше, шаршаңқы, қабағы салыңқы).
Эмоционалды тепе-теңдік (әдетте сабырлы немесе қатты эмоционалды жарылысқа бейім, кез-келген өмірлік құбылыстарды жылдам қабылдайды).
Достарыңызбен бөлісу: |