Жоспар : Ценуроз қоздырғышы Клиниклық белгілері Диагноз қою Емдеу



бет8/17
Дата28.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#133638
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
3ші сабақ
7186b04f-1b2a-4865-a692-dd5886f81212, 96320
Аллергиялық реакция. Осы әдіс арқылы ценурозды алғашқы сатысында мал зақымданғаннан 14-16 күн өткеннен кейін-ақ анықтауға болады. Бұл аллергиялық әдісті Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институтының қызметкері Р.Г.Исмагилова ұсынған. Аллерген миқұртының басы (сколекстерден), сұйығынан, қабығынан жасалады. Лиофилдық кептіру әдісін пайдаланып ақ ұнтақ жасайды да, ампулаларға жауып қояды. Құрғақ аллерген ампулада көп жылдар сақталады. Бұл құрғақ аллергенді физиологиялық ерітіндімен араластырып 1:750 немесе 1:1000 қатынасындай етіп, қосындыны 0,2 мл көлемінде көздің жоғарғы қабығының терісіне (интрапальпебрально) немесе мал құйрығының жүні жоқ жеріне тері қабатына егеді. 2-3 сағаттан кейін реакцияның нәтижесін бақылауға болады. Егер мал ауру болса аллерген егілген жер ісініп, қызарады, кутиметр немесе штанген-циркуль арқылы ісікті өлшейді. Ісіктің үлкендігі 2,5 сантиметрден асып тұрса, онда оң немесе айқын реакция (+) деуге болады, яғни қозының ауруға ұшырағаны. Ветеринарлық заңына сәйкес бұл ауруға шалдыққан малдарды, арықтамай тұрғанда, өздерінің қоңдылығын жоғалтпай тұрғанда, етке өткізіп жіберу керек. Сол себептен барлық малды күзде аллергиялық әдіспен зерттеген жөн. Ценурозды клиникалық белгілері ұқсас аурулардан – эстроз (пысқырық), ми сетариозы, ми эхинококкозы, мониезиоздың уытты түрінен, листериоздан, құтыру, Әуескі ауруы, уланулардан, авитаминоздардан ажыратады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет