Аурудың алғашқы кезеңінде өлген қозының бас сүйегін жарып тексергенде, ми қабығы қызарыңқырап тұрады. Мидың әр тұсынан айналма балаңқұрттарының іздерін көруге болады. Дерттің созылмалы түрінде мида 1 н\е 2-3, көлемі көгершін не тауық жұмыртқасындай көпіршіктер табылады. Бас сүйек жұқарып, саусақпен басқанда былқылдап тұрады.
Диагноз қою.
Диагноз қою.
Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілері және паталогоанатомиялық сойып тексеру нәтижесінде бас миында немесе жұлында ценур көпіршігін табу негізінде қойылады.