Малдың тірі кезінде ценурозд клиникалық белгілеріне қарап, офтальмоскопия және аллергиялық тәсілдер арқылы анықтауға болады. Ценурозды өлген қойдың бас сүйегін жарып, миын тексеріп дәл ажыратуға болады. Ми ішінен құрт көпіршігі табылады. Клиникалық белгілері бойынша анықтау - Ценурозды анықтау үшін бірнеше тәсілдерді қолданады: 1. Клиникалық тәсілдер. Мал ценурозы аурудың соңғы сатысындағы клиникалық белгілеріне қарап ажыратылады. Малдың жүрісіне, қимылына, бұлшық еттердің өздігінен жиі тартылуына қарап байқайды. Ценур көпіршіктің көлемі ұлғая келе айналасындағы ми ұлпасын қысып қана қоймай, бас сүйегін де жұқартып, кейде тесіп те шығады. Ми қорабын осы тұстан саусақпен сипап басқанда, мал ауырсынады, ми сүйектері жұмсарады, саусақтың астында майысып тұрады, перкуссиялық балғамен сүйектің үстінен тықылдатса, онда балғаның дыбысы күңгірт естіледі, өйткені көпіршіктің ішіндегі сұйық сондай дыбыс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |