Жоспар: Бұлтты технология дегеніміз не?



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі370,92 Kb.
#82587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Бұлтты технология

Артықшылықтары
1.Қолжетімділік. Интернетке қосылған компьютер, планшет, кез-келген мобильді құрылғылардың барлығы бұлттық технологияға қол жеткізе алады.
2. Пайдаланушының бір жұмыс орнында тұрақты тіркесі жоқ. Әлемнің кез-келген жерінен менеджерлер есептерді алады, ал менеджерлер — өндірісті бақылап отырады.
3.Үнемділік. Маңызды артықшылықтардың бірі — шығынның төмендеуі. Пайдаланушыға қымбат компьютерлер мен IT-технологиясының маманы керек жоқ.Тек белгілі бір шығындарды төле жеткілікті.
4.Аренда түрінде. Пайдаланушы қажетті қызметтер пакетін және өзіне керек функцияларын аренда түрінде ала алады. 
5.Икемділік. Бұлтты технологияда барлық қажетті ресурстар автоматты түрде қамтамасыз етіледі.
6.Жоғары өнімділігі. Деректерді сақтау, талдау және өңдеу үшін жақсы есептеу қуаты күші керек. Бұлтты технологияның жұмысы өте жоғары деңгейде және тез жүреді.. 
7.Сенімділік.Кейбір сарапшылар қазіргі заманғы бұлтты есептеуді қамтамасыз ететін сенімділіктің жергілікті ресурстардың сенімділігіне қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін дәлелдейді.Бұл бірнеше кәсіпорындардың толық деректер орталығын сатып алуға және сақтауға мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді.


Бұлттық технологиялар сервистері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында соңғы бірнеше жыл ішінде ақпараттарды ұсыну және қызметтерді көрсету тәсілінде революция тудырған бұлттық сервистер - жаңа бағыттың дамуы өз бастауын алды.


Бүгінгі күні бұлттық жүйеге берілген айтарлықтай толық анықтамалардың ішінен төмендегі екеуін жеке бөліп көрсетуге болады:
- бұлттық сервистер – бұл деректерді өңдеу технологиясы, онда бағдарламалық қамсыздандыру пайдаланушыдан «бұлт» (бұлттық жүйе) инфрақұрылымы жасырын болатын және сол себептен аталған «бұлттық» технологияны басқару және пайдалану үшін онығ арнайы білімі болуы талап етілмейтін ғаламтор сервисі ретінде пайдаланушыға ұсынылады.
- бұлттық есептеулер – бұл Ғаламтор арқылы ұсынылатын сервис түріндегі сыртқы есептеу ресурстарына қарқынды масштабталатын қол жеткізу тәсілін білдіретін есептеу болып табылады.
Осы анықтама бір-бірімен өзара тығыз байланысты, себебі барлық бұлттық сервистерді іске асыру үшін есептеулер қажет, ал бұлттық есептеулер өзінің мәні бойынша бұлттық сервис болып табылады.
Қазіргі әлемде қабылданған жіктеуішке сүйене отырып, бұлттық сервистерді мыналарға бөледі:
- қызмет (Software as a Service, қысқаша SaaS) ретінде бағдарламалық қамсыздандыру - бағдарламалық қамсыздандыруды сатудың бизнес-үлгісі, онда БҚ иесі (жеткізуші) Ғаламтор арқылы пайдаланушыға (тапсырыс берушіге) оған қолжетімді ұсынады;
- қызмет (Hardware as a Service, қысқаша HaaS) ретінде жабдықтар (есептеу қуаты) – виртуалдандыру технологиясын пайдалана отырып, сервис түрінде жабдықтың есептеу ресурстарын ұсыну (оның прцестік уақыты, деректерді сақтау орны үшін орындар және т.б.). Әдетте, сервистер серверлер, супер компьютерлер және т.б. сияқты нақты есептеу жүйелерінің баламасы ретінде ұсынылады.
- сервиc ретінде коммуникация (Communications as a Service, қысқаша CaaS) – Ғаламтор желісі немесе кез келген басқа IP-желісі (VoIP) бойынша сигнал сөздерін беруді, сәттік хабарламалармен (IM) алмасуды, бейнеконференцияны қамтамасыз ететін кәсіпорын үшін бұлтта құрылған коммуникациялық шешім. CaaS үлгісі іскер клиенттерге пайдаланатын сервистер үшін мерзімінде қызметтерді төлеу негізінде коммуникация құралдары және қызметтер ішінара өрістетуге мүмкіндік береді;
- сервис ретінде мониторинг (Monitoring-as-a-Service, қысқаша MaaS) мониторингтеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұлтта бағдарламалық қамсыздандырумен қызмет көрсету болып табылады.
- қызмет ретінде инфрақұрылым (Infrastructure as a Service, қысқаша IaaS) бұл бұлттық есептеулердің тұжырымдамасы негізінде қызмет ретінде компьютерлік инфрақұрылымды ұсыну (әдетте, виртуалдандыру түрінде).
- қызмет ретінде тұғырнама (Platform as a Service, қысқаша PaaS) – әр түрлі қосымшаларды әзірлеу, тестілеу, өрістету, сүйемелдеу үшін қажетті белгілі бір сипаттамалармен бағдарламалық тұғырнама мен құралдарды ұсыну. Осыған, бағдарламалық тұғырнаманы құрайтын пайдалануға дайын бұлттық сервистер кіреді.
- қызмет ретінде компьютер (виртуалды жұмыс үстелі) (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) – әрбір пайдаланушы өз міндеттеріне сәйкес жеке-дербес баптай алатын виртуалды компьютерді ұсыну;
- қызмет ретінде жұмыс ортасы (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) – жұмыс ортасын құру үшін арналған SaaS жиынтығын ұсыну. DaaS-қа қарағанда бұл жағдайда пайдаланушы тек бағдарламалық қамсыздандыруға ғана қолжетімдік алады, ал сол екі арада барлық есептеулер тікелей оның машинасында жүргізіледі. - қызмет ретінде барлығы (Everything as a service, қысқаша EaaS) – барлық атап көрсетілген элементтерден тұратын тұжырымдамалық үлгі. Қазіргі уақытта оны толық іске асыру жоқ – ол мәні бойынша Google және Microsoft сияқты ірі бұлттық компаниялар үшін идеал болып табылады. /1/
Сонымен, кез келген бұлттық сервистің негізгі міндеті әр түрлі деректерді сақтау және өңдеу бойынша клиенттерге қызмет көрсету болып табылады.
Бұлттық сервистердің нарықтық үлесі пайдаланушыларға арналған бірқатар басымдықтардың арқасында тұрақты өседі, олардың ішінде бірінші кезекте жедел жады мен дискілік кеңістіктің шектеусіз көлемі, инфрақұрылымды өрістетуге және қымбат жабдықтарды сатып алуға шығындардың болмауы, бұлттық сервистерге жоғары білікті кәсіпқойлар қызмет көрсету және басқалар сияқты басымдықтарды атап өтуге болады.
Дегенмен, бұлттық жүйелерде кемшіліктер де кездеседі, көп дәрежеде олар қарапайым пайдаланушыларға, ал аз дәрежеде – провайдерлерге қатысты, мысалы, қауіпсіздік мәселелеріне байланысты барлық деректерді, оған қоса сақтау үшін ғана емес, сонымен бірге өңдеу үшін бөгде провайдерлерге сеніп тапсыруға болмайды, бұлттық қызметтердің жеткізушілерінде техникалық істен шығуына байланысты көптеген пайдаланушылармен деректерді жаппай жоғалту тәуекелі, провайдерлерге дербес деректерді ұсына отырып, жосықсыз компаниялар оны пайдаланып кетуі мүмкін екенін естен шығаруға болмайды.
Сонымен, бұлттық қызметтердің нарықта жұмыс істеуі және оның толыққанды дамуы тиісті нормативтік құқықтық актілерді, ақпаратты қорғау стандарттарын қабылдаусыз, деректер мен қосымшалардың тасымалдануынсыз, ұсынылатын сервис деңгейін бағалаусыз және тағы басқаларынсыз мүмкін емес.
Қажетті талаптар мен нормаларды қабылдауда бұлттық сервистерді әлеуетті ең ірі пайдаланушы – үкімет негізгі рөлді атқаруы мүмкін.
Мәселен, бұлт туралы алғашқы заң Оңтүстік Кореяда қабылданды. Оның толық атауы – «Бұлттық есептеулерді дамыту және пайдаланушыларды қорғау туралы заң» («Act on the Development of Cloud Computing and Protection of Users», қысқаша — Korean Cloud Act). Мемлекет саланы қайта реттеуді шешті, себебі Оңтүстік Корея жеке меншік провайдерлерден бұлттық серверлерді жалға алуға тыйым салынған қоғамдық институты бар аз ғана елдердің бірі болатын. Тыйым салудың басты себебі атауынан шығатын заңда ерекше назар аударылатын ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қатеріне қатысты қауіп болды.
Осы құжатты әзірлеуге және қабылдауға бір жарым жылдан астам уақыт кетті (үкіметтің қаулысы 2013 жылғы қыркүйекте мақұлданды, ал заң 2015 жылғы наурызда қабылданды және осы жылдың қыркүйегінде күшіне енді).
Заңды барлық қоғамдық институттар – орталық үкімет, қоғамдық ұйым, денсаулық сақтау және білім мекемелері қолданады, өнімділікті және бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін бұлттық сервистерді бірінші кезекте пайдалануды ынталандыру қажет.
Бұлттық есептеулерді қабылдауға жәрдем көрсету үшін жасалған алғашқы қадам ретінде заңмен орталық және жергілік билік органдары мен мемлекеттік мекемелерге талаптар, бұлттық есептеулерді қабылдау және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құруда және мемлекеттік секторда бұлттық есептеулерді жеделдетілген енгізу үшін бюджетті қалыптастаруда (12-бап) басымдық ретінде бұлттық есептеулерді қабылдау туралы мәселені қарау көзделген, бұл ретте заң мемлекеттік мекемелерге жеке меншік компаниялар ұсынатын бұлттық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді (20-бап).
Заңға өнеркәсіп бұлтында ұлттың бәсеке қабілеттілігін арттыруға, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен дайындамаларды мемлекеттік қолдауға (8-бап), пилоттық жобаларға (9-бап), салықтық қолдауға (10-бап), шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға (11-бап), оқытуға (14-бап) мүмкіндік беретін бірқатар шаралардан тұрады.
Бұдан басқа, заң үкіметке жұмыстың сапасына, сенімділігіне, деректерді қорғау және қауіпсіздігіне (23-бап) қатысты толық өлшемдерді белгілеуге және бұлттық есептеулер қызметіне қатысты үлгілік шарттарды (24-бап) жасауға мүмкіндік береді.
Деректерді қорғау үшін барлық жауапкершілік клиенттен бұлттық сервистердің провайдеріне ауысады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі жоқ компаниялар қауіпсіздікке қосымша шығын жұмсамау үшін жасалған, сонда ғана бұлттық сервистер олар үшін айтарлықтай тартымды болады. Деректердің иелері провайдермен келісімге қол қоюы және бұлтта сақталатын ақпараттың қайсысы ашылуы, ал қайсысы жабық болу қажеттігін көрсетуі тиіс.
Елдердің көпшілігі бұлттық провайдерлердің қызметін мемлекет арнайы ешбір түрде реттелмейді. Бүгінгі күнге дейін әлемнің бірде-бір елінде бұлттарға арналған жеке заңдар болған жоқ, Оңтүстік Корея осы жолдағы алғаш жол салушы болды.
Сонымен бірге, кейбір мемлекеттерде бұлттық нарық жұмыс істеу үшін қажет міндетті стандарттар енгізіледі.
Сонымен, Сингапурда өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бұлттық есептеулерді қабылдауды ынталандыруға бағытталған бұлттық сервистерді көп деңгейлік қорғаудың ерекшелігі (Specification for multi-tiered cloud computing security, MTCC SS) қолданылады, ал Батыста провайдерлер үшін «практикалық міндетті» ақпараттық қауіпсіздіктің менеджмент жүйесінің ISO 27001 бойынша сертификаттау болып табылады ./2/
Бұлттық сервистерді көп деңгейлік қорғаудың ерекшелік бұлттық қызметтердің әр түрлі провайдерлері ұсынатын қауіпсіздік деңгейлері туралы кәсіпорындарды ақпараттандыру мақсатында Сингапурда қабылданған болатын, бұл ретте сертификаттаудан өткен бұлттық қызмет көрсететін провайдерлер қауіпсіздік деңгейін белгілейді, оны олар өздерінің пайдаланушыларына және кәсіпорындарына ұсына алады.
Сондай-ақ, бұлттық сервистерді көп деңгейлік қорғаудың ерекшелігінде бұлттық қызметтерді ұсынатын жеткізушілер жауап беруі тиіс талаптар көзделген, бұл ретте жеке пайдаланушылар оларға ғана тән болып табылатын қосымша талаптардың болуы мүмкін (олар бұлттық қызметтерді ұсынатын жеткізушілермен жасалатын келісімдерде немесе келісімшарттарда қарастырылуы тиіс). /3/
Озық шет елдердің тәжірибелері мемлекеттік органдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды, сондай-ақ «бұлттық» технологияларды қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді пайдалану орынды екенін көрсетеді.
Мыналар байқалады, мысалы, Ресей Федерациясының 2015 жылғы 7 қазандағы № 1995-ө өкімімен бекітілген Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерден тұрмайтын мемлекетік ақпараттық ресурстарды өңдеу мен сақтауды деректерді өңдеудің федералды және өңірлік орталықтар жүйесіне ауыстыру тұжырымдамасы, 2015 жылғы І тоқсанда барлық бюджет деңгейлерінің шығындарын оңтайландыруды бір мезгілде қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру міндеттерін тиімді шешу, мемлекеттік ақпараттық ресурстардың жұмыс істеу тұрақтылығын және қауіпсіздігін арттыру үшін билік органдарының қызметін ақпараттық-телекоммуникациялық қамсыздандыруда «бұлттық» технологияларды пайдалану үлесін ұлғайту қажет.
Қазақстан Республикасына келетін болсақ, билік органдарының қызметін ақпараттық-телекоммуникациялық қамсыздандыруда «бұлттық» технологияларды пайдалану үлесін ұлғайтуға қатысты проблемалардың шешімі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» заңда өз көрінісін тапты, заңмен ақпараттандырудың сервистік үлгілерін іске асыру көзделген, бұл ретте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №129 бұйрығымен Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары бекітілген, оған сәйкес бұлттық қызметтер қызмет көрсетуге байланысты сервистің мына үлгілерінде:
- ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымды жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет - ақпаратты өңдеу, сақтау, берудің есептеу ресурстарын орналастыру үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік инфрақұрылымын жалдаушыға уақытша иелену мен пайдаланғанына төлем үшін беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен сервистік бағдарламалық өнімдерді уақытша иелену және пайдалану үшін ақыға беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет;
-платформаны жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникативтік платформасында орналастырылған технологиялық платформалар мен стандартты шешімдерді уақытша иелік ету және пайдалану үшін ақыға беру түріндегі ақпараттық-коммуникативтік қызмет ұсынылады.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Заңда ақпаратты қорғау, бұлттық сервистер қызметіне бағаларды реттеу тәртібінен тұратын мемлекеттік органдарға бұлттық сервистерді ұсынуды ұйымдастыру ерекшелігін айқындайтын ережелер көзделген.
Бұл ретте, егер ақпараттандырудың сервистік үлгісінің анықтамасын айқындаудан келіп шығатыны бұл «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелерін тарта отырып, мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуіне негізделген, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудағы орталықтанған тәсілді іске асыру, онда іс жүзінде осы анықтамада бұлттық сервистер тек қана мемлекеттік құрылымдарға арналған қызмет ретінде қаралады.
Сонымен, бұлттық сервистер мәселесін қорытындылай келе, бұл шынында да шексіз есептеу ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретін революциялық технология екенін атап өткіміз келеді.
Осы мақалада келтірілген «бұлттар» технологиясын пайдаланудың әлемдік тәжірибесі қазіргі уақытта бұлттық сервистер отандық және шетелдік мемлекеттік органдардың практикалық қызметінде белсенді пайдаланыланатынын, бизнес-қоғамдар (компьютерлік онлайын-ойындар, әлеуметтік желілерді және т.б. пайдаланушылардың деректерін сақтау үшін) және жеке тұлғалардың қолданатынын көрсетеді.
Бұл ретте, қаралып отырған салада практикалық проблемалардың барлығы көрінеді, мысалы, «бұлттардағы» ақпараттардың ақпарат қауіпсіздігіне көп көңіл аударылады.
Бұл жағдайда, пайдаланушыларға болуы мүмкін тәуекелдерді ескере отырып, тиісті деректерді «бұлтқа» беру кезінде орынды сақтық жасау және бұлттық сақтау қоймасына қолжетімдік алу бойынша құқықтық қатынастың мазмұнын анық бағалай білу ұсынылады.
Жалпы, аталған үрдістердің ауқымы бар проблемаларды шешудің жолдарын іздеу мақсатында оларды одан әрі мәнін түсіну қажеттігімен байланысты, ол келешекте заңнамалық реттеудің негізі болуы мүмкін, себебі осындай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану әлеуеті жеткілікті дәрежеде жоғары және қоғамдағы оның рөлін нығайтуды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет