Жоспар: 1. Бруцеллез ауруы 2. Ауру қоздырғышы 3. Ауру көзі 4. Клиникалық белгілері 5. Емдеу
Бруцеллез – Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфкеция ретінде, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жүйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдайды.
Этиология – қоздырғышы Бруцеллалардың бүгінгі таңда 6 түрі бар. Соның ішінде 3 түрі адамға қауіпті болып келеді. 1. Brucella melitensis – қой, ешкі бруцелласы, адамға ең вируленттіс және күші жоғары. 2. Br. Abortus bovis – ірі қара малдың бруцелласы. 3. Br. Abortus suis – шошқа малының бруцелласы. Бруцеллалар өте майда, спорасы жоқ, грамтеріс, эндоктоксин бөледі, сыртқы ортада, әсіресе төменгі температурада өте төзімді. Сүт, ет тағамдарында 10-45 күнге дейін, суда 70 күнге дейін, топырақта, малдың қиында 6 айға дейін, қарда және мұзда 4-5 ай сақталады. Тік түскен күн сәулесінің әсерінен 1-2 сағатта, қайнатқанда 3-4 минутта, 70 С суда, сүтте, сорпада 20-40 минутта өледі.
Ауру адамға қой, ешкі, сиыр, шошқа малы арқылы жұғады. Сонымен қатар кейбір жан-жануарлар да ауруды таратудың басты көзі болып келеді, оларға: жылқы, бұғы, түйе, ит, мысық т.б. Науқас адам басқаларға қауіп тудырмайды. Бруцеллалар сыртқы ортаға тағамдар арқылы (сүт, ет, қаймақ, сыр, лас су арқылы да т.б.), қарым қатынас арқылы, ауру малды күткенде малдың зәрімен, сойғанда, жүнін қырыққанда, төлдегенде және лас ауа шаң – тзаң арқылы да жұғады. Бұл ауруға шалдыққан мал түсік тастайды.
Жасырын кезеңінде 1-4 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың жедел түрінде ауру тез басталып, науқас қызуы көтеріліп, қатты терлейді, әлзіздік пайда болады. Науқасты қарағанда лимфа бездері шошынып, бауыры, көк бауыры үлкейгендігін байқауға болады. Науқастың қызыуының көтерілуі 1-3 аптаға созылады, осы ауруға тән белгісі – науқас қызыуы 38-39 С көтерілгенде де науқас қиналмай көтереді. Жүйке жүйелерінің зақымдалу салдарынан аурудың көңіл күйі өзгеріп, басы ауырады, ұйқысы бұзылады.