№11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде, ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда белгіленеді:
белоктардың,май, көміртегі, кальций және фосфор тұздарының құрамы арттырылады;
көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін арттыру;
С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын, қайнатылған су);
В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар);
күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін, көмірсу - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
№12 диета - жүйке жүйелері ауруларына шалдыққанда белгіленеді.
№13 диета - асқынған жұқпалы аурулармен ауырған науқастарға белгіленеді.
№14 диета - бүйрекке тас байланған кезде (фосфатурия) белгіленетін диета.
№15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін басқа ауру түрлеріне қолданылады.
Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды /ауыз қуысы аурулары, асқазан-ішек құрылысы, ес-түссіз жағдайларда т.б.. Мұндай жағдайларда жасанды жолмен тамақтандырады. Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентералды /веналық немесе тері асты/ жолымен қоректік заттар енгізу болып табылады. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады.

Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады:
Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.