Емдік тағам - науқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады. Гастрит, ішкі жара аурулары,тоқ ішектің қабынуы, бауыр аурулары үшін емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Станционарлық немесе емхана жағдайында қолданылады. Емдік тамақтануды дәрігер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі, өз бетімен белгіленген тұрақты диета денсаулық үшін қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін.

Тағамдық рационның патологиялық процесс сипатына және сырқаттың жағдайы мен оның организімінің ерекшелігіне сандық (рационды азайту және көбейту) және сапалық (организмнің жекелеген азық-түлік пен тағамдық заттарды қабылдауын тоқтату немесе шектету) жағынан сәйкес келуін қадағалау.