Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі
Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.
Пациентті асқазан тесігі (гастростома) арқылы тамақтандыру
Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).
Іс- әрекеттер:
Қолыңызды тазалап жуыңыз.
Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.
Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.
Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.
Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.
Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.
Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.
Егер науқастың өңешінен ас өтпей қалса, өңешке немесе өңештің асқазанға құяр жеріне операция жасалса, қоректік заттарды клизма арқылы тік ішекке жібереді. Тік ішек арқылы қоректік заттар жіберу үшін бір сағат бұрын тазалау клизмасын жасау қажет.