Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау. Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-ның ұсынған “Жер біреу ғана!” деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру . Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мұғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауға белсенділік көрсете алады.