Жасырын кезеңнің ұзақтығы — 4-15 күн (жиірек 1 аптаға жуық). Ауру жедел басталады. Аурудың 2-4-ші күндері қызба мен ағзаның улануы ең жоғарғы деңгейге жетеді. Алғашқы күндері әлсіздік, бас ауыруы, бұлшықет пен буынның сырқырап ауыруы, ал кейінірек — тамақ пен жұтқыншақтың ауыруы пайда болады. Дене қызуы –38-40°С. Қызбаның ұзақтығы –1-3 апта. Тонзиллит аурудың бірінші күні немесе кештеу, қызба мен аурудың басқа да белгілерімен (5-7-ші күндері) бірге көрінеді. Көмекей безінің зақымдануы 90% науқастардан байқалған. Аурудың алғашқы күндерінде науқаста тамақтың ауыруы мен жыбырлауы білінеді. Алғашқыда катаральды баспа жиі бір жақты болса, ал тым кеш мерзімде фолликулярлы, лакунарлы, сирегірек жаралы және күл ауруындағы фибринозды жабынды сияқты баспа білінуі мүмкін.
кейінгі асқынулар (аурудың 3 аптасынан кейін): гемолитикалық ангина, тромбоцитопениялық пурпура, апластикалық анемия, гепатит, мальабсорбциялар және аутоиммундық үрдістің салдары ретінде басқалары. Типтік нысаны қалтыраумен, ауыз қуысының, лимфалық түйіндердің, бауырдың, көкбауырдың зақымдануымен және қан құрамының өзіндік өзгерулерімен (лейкоцитоз бен атиптік мононуклеардың 10% саны және одан да көп болған жағдайдағы лимфоноцитоз).
Инфекциялық мононуклеоздың атиптік нысандары:
Инфекциялық мононуклеоздың атиптік нысандары:
қажалған түрі: әлсіз айқындалатын және өткінші түрде немесе тыныс жолдарының жіті аурулары симптомдары есебінде өтеді, эпидемиологиялық ошақтарда диагностикалануы басымдырақ;
симптомсыз түрі: клиникалық симптомдардың жоқ болуымен өтеді, гематологиялық зерттеудің, серологиялық және эпидемиологиялық талдау әдістері негізінде диагностикаланады;
висцералды түрі: жүрек-қан тамырларының, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің, бүйректердің, бүйрекүсті бездерінің және басқа да өмір сүруге қажетті ағзалардың араласуымен, полиоорганды зақымданудың ауыр ағымында өтумен ерекшеленеді.