Сүт сапасының баллдық жүйе бойынша бағала.Сүттердің сапасын бағалау органолептикалық немесе физикалық - химиялық әдіспен жүзеге асырылады. Тағамдық мақсаттарда қабылданатын сүттердің органолептикалық көрсеткіштерін 5 баллдық жүйемен бағалайжы (кесте - 3). Кестеде көрсетілгендей 5 немесе 4 баллмен бағаланған сүттер МЕМСТ 13264 - 88 бекітілген стандарт немесе өзге көрсеткіштерінің жоғары, бірінші және екінші сұрыптарға жатқызуға болады. Үштік бағамен бағаланған сүтті қыс және көктем мезгілдерінде екінші сұрыпқа жатқызуға болады, жылдың өзге мезгілдерінде – сұрыпталмаған болады. Сыртқы келбеті, дәмі, иісі, температурасы, тығыздыығы, қышқылдылығы, массалық бөлігіне, жылумен өңдеу әсерлігі сүттің әр партиясынан анықтау керек. Белоктардың салмақтық үлесі, соматикалық клеткалардың мөлшерінен, бактериалдық тұқымдануынан, ингибиторлық заттардың болуынмен он күн ішінде бір рет анықтау қажет. Стерилденген немесе балаларға арнадлған сүт өнімдерін шығаратын өндірісте белгіленген сүттің әр партиясының термотұрақтылығы немесе нейтральданған заттардың болынан күманданса, олар анықталу керек. Сүттің сыртқы түрлерін анықтау барысында консистенциясының біртектілігіне жәнеде тұнба болуынада көңіл аударады. Консистенцияның біртектілігін араластырудың барысында, тұнба болуының ыдыс түбін қарап біледі. Түсін, дәмін сонымен қатар иісінде сүтті стаканға 16мл құйып күн жарығымен, қарау керек. Егерде сүттерден бөгде түстер анықталмаса дәмін ішіп қарау қажетті. Ауру мал сүтінің дәмі бірден байқалмайды сонымен басқада зерттеулерге жіберіледі..