МХУ-8 фреонды салқындатқыш қондырғысы
1-компрессор; 2-конденсатор; З-ресивер; 4-жылу алмастырғыш; 5-кептіргіш фильтр; 6-көрсету қондырғысы; 7-вентиль; 8-буландырғыш; 9-қысым peлеci
Сүт таратқыш СОМ-3-1000 суттің кілегейін айыруға арналғанн. Кұрамына түп сақина (1), жүргізуші механизм, барабан немесе сүт тұратын ыдыстардан құралады. Табаны шойын құймадан жасалынады. Кеңірдегінің ортасынан барабан уиигізілетін білік (2) орнаталады. Барабанның үстіңгі жағына сүтті құятын ыдыс (3) қойылады. Жүргізуші механизм муфтадан, жадағай (11) немесе тігінен орнатылған біліктен (2) немесе жылдам қозғалатын бұрандалы жұптан құралады. Сүт тартқыш - барабан қабынан (6), табақ жинағыштан (9), жадағайын бөліп тұратын табақтан (8), жоғары белгіш табақтанда (7), реттеуші бұрандадан (5), тығыздағыш резеңке сақинадан (10), қаптап (6) немесе гайкадан (4), құрайды. Табақ жинағышпен белгіш табақшаларда тігінен орналасқан тесіктер болад. Табақшалардың арасында кешістік болуы мақсатында, табақшалардың үстіңгі жағында кішігірім дөңестер орналастырылады. Дөңестердің биіктігі 0,35-0,45 мм. Жоғарғы бетінде орналастырылған сүтке арналған ыдыстар сүтті қабылдаб, кілегей мен көк сүтті шығару мақсатында пайдаланады. Жұмыс жасау реті осылай жүргізіледі: сүтті құбырдан сүтті таратқыштың қалқуық тұрған қуысына құяды. Сүт артық құйылғандай жағдайда, қалқуық көтеріліп тесікті жабады, сүт төменне ағып азая бастағанда сүт қайтадан құйылады. Қалқуык тұрған қуыстағы сүтті шолақ кұбырлар арқылы айналып тұрған барабанның ішіне құйылады табақша арқылы кеңістіктерге тарайды. Ортадан тепкіш күштің әсерінен көк сүт барабанның шетіне таман ығысадыда, кілегей жеңіл зат ретінде ортасына қарай көтеріледі. Барабанға үздіксіз кұйылып тұрған суттің кысымымен көк сүтті сыртқы белгіш табақша мен барабан қақпағының арасымен көтеріліп екі тесік арқылы шығын көк сүт ағатын шүмектен арнайы ыдысқа құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |