Жоспар I кіріспе II негізгі бөлім



бет3/18
Дата19.12.2021
өлшемі0,81 Mb.
#103454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
всс

II Негізгі бөлім

2.1. Сүтті алғашқы немесе механикалық өндеу,тасымалдау жәнеде сақтау.

Шикізатты қабылдау, дайындау,сапасын бағалау. Сүтті қайта өңдеу барындағы өндіріс сүтті қабылдау және сапасын бағалауға бекітілген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бастапқыда салмағын өлшеу немесе литр өлшеу инспекциясын жүргізеді. Пломбылардың таза болуын,бүтін болуын, дұрыс толтырылғандығын, құты қақпағының астындағы резиналы сақинаның болуын қарау керек, температурасын, қышқылдылығын, майдың салмақ үлесін анықтау, тығыздығын, тазалығын, сүттің табиғи болуын, органолептикалық көрсеткіштерін, шикізат салмағын өлшеу. Сүтті қабылдау мақсатында аспалы жүк түсіруге арналған платформаларды орналастырылады. Бұл асфальтталған транспорттың келуіне ыңғайланып жасалуы тиісті. Цистернадан және флягадан қабылдау бөлмесіндегі сүтті сақтайтын резервуарларға сүтті қотару мақсатында платформаны тат баспайтын болаттардан жасап шығарылған шлангамен жабдықталуы керек. Сүт өндірісіндегі технологиялық өңдеуге арналған МЕМСТ 13264 талаптарына сай келетін сүтті қабылдап алады. Осы стандартты бойынша сүт дені сау, инфекциялық ауруы болмаған шаруашылықтардың малдарынан алынады . Малда инфекциялық ауруы бар сүтті ветеринарялық заң талаптары бойынша қолдануға рұхсат етілмейді. Сүт өнімдерін өңдеуге жіберілмейтін сүттің шикізаттары:

МЕМСТ 13264-88 талаптарына сай келмесе;



  • сиыр төлдеп болғаннан соң бірінші 7 күнінде алынған сүт (уыз сүті) және соңғы 7 күнінде сауылған сүт;

  • бейтараптандыратын немесе консервілейтін заттардың қосылғандығы анықталса ;  мұнай өнімі немесе химикаттардың исі болған кезде;

  • өсімдіктермен қатар жануарларды қорғайтын құрамында химиялық заттардың қалып қойған мөлшері, сонымен қатар антибиотик немесе ДДТ болған кезде;

  • таза болмаған кезде ;

  • ашыған, борсыған, шіріген иістері немесе жем шөбіне ұқсаған өткір истері болған кезде (пияз, сарымсақ, жусан, күнжара, сүрлем);

  • сүттердің өздеріне тән қалыпты түсі өзгерген болса, қабыршақ, қойыртпақ, шырышты жабысқақ болған кезде;  бруцеллез, туберкулез, аусыл, сальмонеллез аурулары болған шаруашылықтан алынған сүттер болса;

  • сұрыпталмаған, жұқпалы аурулары болған шаруашылықтардан алынған кезде;

  • құрамында бөгде заттардың, ауыр метал тұздарының ,күшала ( мышьяк), пестицид мөлшер қалдықтарының, афлотоксин м2 болған кезде.

Шикі сүттің сапасын көрсететін талаптарға сәйкес болуы тиіс 2кесте. Сауып болған соң шаруашылықта сүтті 2 сағ артық қалдырмайты механикалық қоспалардан тазартады (фильтрлейдіі) және +6ºC тан жоғары емес температурада салқындату жүргізіледі. Қабылданатын сүттің табиғи, түсі ақ болады, әлсін - крем тәрізді, тұнбасыз жәнеде қабыршақсыз. болуы керек. Сүттің мұздатылуы, ингибирлеуші немесе нейтралдаушы заттардың (сода, аммиак) болуы анықталса жіберілмейді. Сүт тығыздығы 1027 кг/м3 төмендеп кетпеуі керек. Балалар тағамының өндірісінеде немесе стерилденген сүт өңдеуге арналған сүттің жоғары немесе 1 сорттың талаптарына сай, бактериальдің себілуі 300-500 мың/см3 -тан жоғарылап кетпеуі, соматикалық жасушаның құрамы 500 мың/см3 тан жоғары емес жәнеде термотұрақтылығы 2-ші топтан төмендеп кетпеуі керек.

Сүттердегі майдың немесе ақуыздардың салмақ үлесі аймақта бекітілген базисты нормадан төмендеп кетпеуі керек. Сүт тығыздығы 1027 кг/м3 , қышқылдылығы 21°Т - ға дейін бақылау болса, үлгілер негізінде 1 және 2 сұрыппен алуға болады, егерде олар органикалық көрсеткіштерімен, тазалығымен, бактериалдіі себілуімен немесе 13 соматикалық жасушаның құрамымен стандарт талабына сай келген кезде жіберуге болады. Бақылау үлгісі сынағының әсері бір айдан аспауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет