Жоспар және оның түрлері Оқу жоспары – оқу орындарында пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.
Оқу жоспары– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.