Жинақтау нәтижелері екі түрлі вариациялық қатарлар ретінде анықталуы мүмкін.
Вариациялық қатарлардың екі түрлерін ажыратады – дискретті және интервалдық.
Вариациялық қатарларды талдау көрсеткіштері 4 топқа бөлінеді: 1) Орташа шамалар – арифметикалық орташа, квадраттық орташа 2) Құрылымдық орташа шамалар – мода, медиана 3) Вариация көрсеткіштері – дисперсия, орташа квадраттық ауытқу, вариация коэффициенті, вариация өлшемі. 4) Асимметрия және эксцесс.