Жоспар: Жоспар: Кіріспе



бет4/9
Дата16.01.2022
өлшемі165,29 Kb.
#112181
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Баймәжі Ерлік

Жиынтықтағы варианталарды зерттеу үшін, оларды вариациялық қатарлар ретінде жазады. Вариациялық қатардағы ең көп кездесетін вариантаны мода деп атайды. Вариациялық қатардың ортасында орналасқан варианта медиана деп аталады. Мода Мо, ал медиана Ме белгілерімен белгіленеді.


Вариациялық қатар — зерттелетін белгінің сандық мелшерлерін  жоғарылату немесе темендету ретімен орналастыру. Вариациялық  қатар статистикалық жиынтықтың белгілерінің сан түріндегі мəнін  көрсетеді жəне орта шаманы есептегенде пайдаланылады.

Вариациялық қатардың құрылымдық сипаттамасына: мода, медиана, децили, квартили, перцентили жатады.

Мода деп – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін вариантаны айтады.

Дискреттік қатарда мода деп – көп рет кездесетін белгіні айтады. Мода мысалы, сатып алушыларда үлкен сұранысқа ие киім мен аяқ киімінің размерін анықтау үшін жиі қолданылады.

Интервалды вариацияның қатарда моданы есептеу үшін алдымен мода орналасқан модальді интервалды анықтау керек, ал одан кейін белгінің модальді шамасының мәнін анықтау керек.

Медиана (Ме) - белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы. Ол мұндай қатарды ортасынан бөледі. Медиананы табу үшін реттелген қатардың ортасында орналасқан белгінің мәнін табу керек. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы деп ортасында тұрған белгінің шамасын айтады. Тақ қатардағы реттелген қатардың медианасы номері келесі формуламен есептеледі:

Жұп сандағы реттелген қатардың медианасы деп қатардың ортасында орналасқан екі варианттың бірінің орташа арифметикалығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет