Іріктеме өңдеудің белгілі түрінен өткеннен кейін математикалық формулалар арқылы қажет статистикалық коэффициенттерді немесе көрсеткіштерді анықтауға болады. Биометриялық әдістің көмегімен мынадай статистикалық көрсеткіштер анықталады:
Өзгермелі белгінің орта шамалары.
Белгінің өзгергіштігін сипаттайтын коэффициенттер.
Белгініңүлестірім типтері, олардың заңдылығын сипаттайтын коэффициенттер.
Белгілер арасындағы байланыстыанықтайтын коэффициенттер.
Дисперсиялық талдау.
Қорытынды
Іріктеме немесе таңдама (п) деп бас жиын мүшелерінің тобын түсінеді. Іріктемені құрастыру – статистикалық жиынды зерттеудің негізгі әдісі. Бас жиынды зерттеуге қарағанда оның бірқатар артықшылықтары бар: ең бастысы – бас жиынды зерттеу мүмкін емес немесе зерттеу қажетсіз жағдайларда оның бөлігін ғана есепке алып, мәліметтер алуға мүмкіндік береді.Бас жиын (N) объектілердің көп санынан құралған, сондықтан оны зерттеу өте күрделі және көп қаражат қажет етеді, кейде оны зерттеу тиімсіз болады