Жоспар кіріспе 1-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері



бет12/19
Дата16.01.2022
өлшемі248,5 Kb.
#112377
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
2 5226984454886527241

Оқушы шығармашылығын зерттеу. Оқушылардың салған суреттері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары, шығарған өлеңдері, жазған шығармалары, еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ішкі дүниесін, дүниетанымын, оқуға және еңбекке деген ықыласын зерттеуге болады.

Зерттеуші оқушылардың жұмыстарына жан-жақты талдау жасайды, белгілі бір ой қорытындысына келеді.



Озат тәжірибені зерттеу. Тек қана атақты белгілі ғалым-педагогтардың тәжірибесін зерттеу ғана емес сонымен қоса бүгінгі күндегі жаңашыл педагогтардың, әріптестердің тәжірибелерімен танысып, зерттеу жатады.

Тестілеу. Кең тараған зерттеу әдістің бірі. Оқушының білім деңгейін анықтау үшін тест зерттеу әдісін пайдаланамыз.

Тест сөзінің этимологиясы ағылшын тілінен test – сынау, зерттеу дегенді білдіреді. Тест – бұл зерттеушінің кейбір психофизиологиялық сипаттамасын сондай-ақ, білім, білік, дағдыларды өлшеуге мүмкіндік беретін орындалатын тапсырмалардың нәтижесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет