Жоспар кіріспе 1-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет2/19
Дата16.01.2022
өлшемі248,5 Kb.
#112377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
2 5226984454886527241

1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтрының еңбектерінде кездеседі.

Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.

Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.

Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.

Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.

Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.

Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.

Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т.б.) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фарби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.

Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген.

ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.

Ағартушы Ы.Алтынсарин [12] «Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - дейді.

Ш.Уәлиханов [12] шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.

Абай Құнанбаев [12] адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы – туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады», - дейді.[71-75]

Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов [12], А.Байтұрсынов [12], М.Дулатов [12], М.Жұмабаевтардың [12] педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж.Аймауытов [52] «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен айналысқаны тиімді болады дейді.

М.Жұмабаев [12] өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.

Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.

Белгілі философ Ә.Нысанбаев [46] адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. [51-59]

Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып табылады. Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы алады. Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады. Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен, сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.

Шығармашылы тұлғаның көп таралған сипаттамасы мына түсініктермен беріледі: “қабілетті”, “талантты”,данышпан”. Аталған белгілер табиғи талаптарда болады, олардың даму ережесі (бұл тек белсенді әрекет арқасында болмақ) шығармашылық нәтиженің маңыздылығын түсіндіреді. Басқаларға қарағанда қабілеттілік тапсырма түрлерін нәтижелі орындауға көмектеседі. Талант жаңа, өзіндік нәтижеге жетуді көздейді, ал данышпандық тұлғаның ұзаққа созылатын аса күрделі де жағымды ықпалында және де оның мәдениет дамуындағы шығармашылық жетістіктерінде көрінеді. Бердяевтің пікірі бойынша, данышпандық және адамның біртұтас қасиеті, ол арнайы сый емес, данышпандық-адамның алғашқы бастамаға ұмтылысының дәлелі, ондағы шығармашылық үрдіс алғаш рет туындайды және арнайы қатпарлармен анықталмаған. Бірақта данышпандық сый ретінде шеберлікпен, материалда өз-ой-пікірін іске асыру қабілеттілігімен толықтырылуы керек. Дана тұлға бастапқы бастамаларға ұмтылыс жасап алғаш рет туындаған шығармашылық үрдісті және де өте үлкен талап пен талант арқылы шығармашылықты іске асыруды біріктіру-кемеңгер адамды тудырады.

Адамның танымдық қабілеттілігі негізінде оның шығармашылық әрекеті өрістеп, жасампаздық мәні ашылады.

Шығармашылық түсінігі жаңаның пайда болуымен ассоциацияланады. Өйткені ол жаңа әрекеттің барлық саласында болады, осы негізде кейбір зерттеушілер шығармашылықты табиғатпен қатар қояды. Мына бір көзқарас бойынша: “шығармашылық өлі табиғатқа да, ал тірі табиғатқа-адам пайда болғанға дейін және де адамға да, қоғамға да тән. Шығармашылық-материяның дамуының қажетті шарты, оның жаңа түрлерінің құрылуы, оның жаңа түрлерінің пайда болуы шығармашылық түрлерін де өзгертеді. Адам шығармашылығы осындай түрлердің біреуі ғана.

Шығармашылық табиғаты” деген түсінікте терең мағына жатыр. Шығармашылықты өнімділік дамуының механизмі ретінде жалпылай түрде қарастыру,” деп жазады Я.А.Пономарев [14], білімнің зерттелген саласына-диалектика дамуына шығармашылық мәселесін кіргізуге ықпал етеді. Шығармашылықтың негізгі анықтамасына оның ең кең түрдегі түсінігін енгізу керек. Ал пайыз, бір жақтылық мағынада шығармашылық-тек адами (Я.А.Понамарев өзінің психологиялық еңбектерінде “шығармашылық” терминінің екінші мағынасына сүйенеді) оның болжамы бойынша: “шығармашылық кең мағынада дамуға әкелетін даму механизмі ретінде, өзара әрекеттесу ретінде көрінеді”. [72-74]

Екінші жағынан оның адам әрекеті ерекшелігіне, әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік нәтижелеріне назар аудару шығармашылықты тек әлеуметтік және праксеологиялық түрде түсінуге себеп болады. Мысалы, Г.А.Давыдова: “Шығармашылық қатынас үшін негізгі, анықтайтын жайт-адамның дүниеге әсер етуі-материалдық шындықты жалпы адамзат дамуының тарихи қалыптасу қажеттілігіне сай өзгерту қажет”,- деп санайды.

Владимир Дальдың “Орыс тілінің нақтылы түсіндірме сөздігінде”: шығармашылық “жасау, жасап, жарыққа шығару сияқты әрекетті қажет, жасаушы мен шығармашылыққа қатысты шығармашылық” деп түсіндіріледі.

Шығармашылық әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері, шығармашылық термин “эврика” - қандай да бір мәселені шешуде табысты ой, идея мен “пікір” тындағанда қуанышты білдіретін сөз процестердің құрылымы, сатылары шығармашылық әрекеттер типтері, ғылыми және көркемөнер шығармашылығы сәйкестігі, болжам мен оқиғалар рөлдері, шығармашылық процестерді ынталандырушы және жоятын факторлар талант пен дарындылық туралы, шығармашылық қабілеттілік пен шығармашылық прогреске әлеуметтік жағдайлардың ықпал етуі, шығармашылық өнімділік пен шығармашылық жас шамасы туралы, ғылыми шығармашылықтың тәсілдері мен түрлері ретіндегі өнімді ойлау, ғылым мен шығармашылықтағы диалог пен пікір таластағы ойлау үлгілері т.б. мәселелерді қамтиды.

Шығармашылық бірегей емес: шығармашылық көрінудің көп түрлілігі әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады. Шығармашылықтың әр түрі барын атап өткен жөн: өндірістік – техникалық, бейнелеу, ғылыми, саяси, ұйымдастырушылық, философиялық көркем сурет, мифологиялық, діни күнделікті-тұрмыстық т.с.с.; басқа сөзбен айтқанда, шығармашылықтың түрлерін атап көрсету мұнымен шектелмейді. Шығармашылық процесс құрылымы да ары қарай зерттеуді және соның негізінде жалпыға бірдей маңызды түсінікті қалыптастыруды талап етеді. Мәселенің шешімін табумен ғылыми шығармашылықты шектеу түсінігі әлі күнге дейін бар, бірақ бұл көзқараста шығармашылық процестің басталуымен оның қанат жаюының басталуы есептелмеген. Проблеманың қажеттілігін түсіну, оны қою мен тұжырымдау – бұл проблеманы шешуді іздеу процесінің басталуы болып табылады. Нақтылы проблемалы жағдайды және оны зерттеудің мақсатын белгілеп алып, проблема барлық шығармашылық процесті нәтижеге жетудің күрделі қозғалысына бағыттайды. Шығармашылық процестің орталық бөлімі ретіндегі идеалды проблеманың тікелей әсер етуімен, субъектінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін туындайды.

Сонымен, ғылыми шығармашылықты қарастыру оның терең өзіндік табиғатын көрсетеді, онда зерттеушінің кәсіпкерлігі мен таланты, адамгершілік қасиеттері, ішкі түйсігі мен кездейсоқтық үлкен рөл атқарады; сонымен қатар шығармашылық құпия құбылыс емес ішкі түйсік механизмі мен кездейсоқ факторлар рөлін шешу жақындап келеді.

Шығармашылықтың құндылық сипаты оны ойынмен жақындастырады. Ойынға деген ынта тұлғаның ішкі емес, сыртқы риясыз себептерін, ойын әрекетінен ләззат алумен байланысқан сырластық талапты анықтайды. Шығармашылық пен ойын әрекеттерінің механизмдері ортақ.

Немістің классикалық философиясының басты еңбегі-жаңа білімнің пайда болуын адам әрекетін талқылау барысында түсіндіруі. Шығармашылық мағынасы рухани-практикалық өзіндік әрекет ретінде анықталады. Шығармашылық механизмі рухани-практикалық қарама-қайшылығы шығармашылықты өздігінен іштей дамыту бастамасы ретінде түсіндіріп беріледі. Әрекет принципі адамның әрекетті-шығармашылық мәнін зерттеу мәселесін қоюға ықпал етті. Неміс классикасы жүйесінде өз нәтижесі мен жемісі ретінде шығармашылық субъекті туралы ереже қалыптасты (философиялық өзіндік сана-сезім түсінігінде).

Жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің арнайы бір уақытта жүзеге асып жатқанын сезіну рефлексті белсенділіксіз де болуы мүмкін. Бірақ субъектінің санасында ешқандай да жарық беріп көрінбейтін зияттың шығармашылық әрекеті болмайды.

Талант – қабілеттің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түп нұсқалығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады. Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Әрине, бұл ұғымдар жеке адамдық қасиеттер өзара бір –бірімен тығыз байланыста пайдаланылады. Соңғы уақытта өмірдің жылдам өзгеруіне байланысты маманға деген жоғарғы талаптардың қойылуы бұл ұғымдарға жиі жүгінуді қажет етуде.

Осыған орай, жоғарыда аталған ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оларды қалыптастыру мәселесіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер туындауда. Солардың бірі – Н.Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалар мен ересек балалардың психологиясы» кітабы. Осы еңбегінде Н.Лейтес дарындылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Дарындылық – баланың өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді иегеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы. [99 -101]

Бұл ой тұжырымдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: дарындылық тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар құбылыс деуге болады. Осы бағыттағы зерттелген ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, дарындылық ұғымына төмендегіше анықтама береміз: дарындылық – адамның бір не бірнеше іс-әрекет саласында жоғары, қатардағылардан ерекше нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын көп өлшемді, ықпалдастырылған құрылым.

Сонымен психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде дарынды балаларды зерттеудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді:

- ақыл-ой дарындылығы бойынша: Г.Айзенк, Р.Амтхауэр, С.Барт, Д.Векслер, Ф.Вернон, Р.кеттел, Ч.Спирмен, Л.Термен, Л.Тертоун, В.Н.Дружинин [14], В.Д.Шадриков [19], М.А.Холодная, М.Жумабаев [12], С.Балаубаев, т.б.

- шығармашылық дарындылық бойынша: Дж.Гилфорд, П.Торренс [43], А.М.Матюшкин [13], В.В.Панов [25], Ш.Альжанов, Д.В.Ярцев, Д.Г.Ганелин, А.Куатова [14] т.б.

- жан-жақты дарындылық бойынша: К.Тейлор, Б.М.Теплов, И.Л.Стычинский [14] т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет