Жоспар кіріспе 1-тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың Ғылыми теориялық негіздері


-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет9/19
Дата16.01.2022
өлшемі248,5 Kb.
#112377
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
2 5226984454886527241

2-ТАРАУ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері

Дарынды балалар – ұлт мақтанышы. Балалардың қабілетін байқау және олармен жұмыс істеу мектептің маңызды міндеті болып табылады.

Жалпы тәжірибе бойынша дарындылықты екі түрге бөледі: жалпы дарынды және ерекше дарынды. Жалпы дарынды түрлі іс-әрекетте табысқа жететін қабілеттердің кең диапозонын қамтиды. Ал жеке дарындылық (математикалық, музыкалық, көркемдік) нақты бір іс-әрекетте адамның табысты болуы.

Көркемдік дарындылықпен байланысты мәселелер өте қызықты болып келеді. Көркемдік қабілеттілікті дамытуға өнер мектептері, бейнелеу студиялары, сурет бойынша үйірмелер жатады.

Шет елде дарынды балалар туралы жинақталған тәжірибе аз емес. Дарынды балаларды диагностикалаудың арнайы жүйесі құрылған. Жоғары ақыл-ой мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы оқу бағдарламалары жасалған. Біздің Республикамызда бұл мәселелеге ееркше көңіл бөледі.

Қабілеттілік мәселесі бойынша Ресей психологтарының ішінен Л.С.Выготскийдың «Таңдаулы психологиялық зерттеулер», Жоғары функциялардың дамуы, «Өнер психологиясы», Б.М:Теплованың «Қабілеттілік пен дарындылық», «Жеке айырмаылық мәселелері», Н.С.Лейтес «Ақыл-ой дарындылығы туралы», «Ақыл-ой қабілеті және жас», «Жастық шақтағы қабілеттілік пен дарындылық», Л.А.Венгер «Қабілеттер педагогикасы», Э.А.Голубеваның «Қабілеттілік пен даралық», А.А.Мелик-Пашаевтың «Өнер педагогикасы мен шығармашылық қабілеттілік» [41] т.б.

Бұл зерттеулердің негізінде дарынды балаларды таңдау және олармен жұмыс істеу үшін арнайы психологиялық-педагогикалық қызмет қажет екені анықталды. Бұл психологиялық-педагогикалық қызмет дарынды балаларды айқындап, оларды диагностикалап, арнайы бағдарламаларды құрады.

Қандай баланы көркемді дарынды деп айтуға болады? 1972 жылы АҚШ-тың білім беру туралы комитеті мынадай анықтама берді: «Дарынды және талантты деп:



  • ақыл-ой;

  • академиялық жетістіктер;

  • шығармашылық және өнімді ойлау;

  • қарым-қатынас және лидер;

  • көркемдік әрекет;

  • қозғалмалы сфера;

түрлі сфераларда жоғары жетістіктерге жетететін, өздерінің ерекше қабілеттілігімен көрінетін бала».

Психологтар әрбір сферадағы дарындықтың қасиеттерін айқындағын.мысалы, көркемдік әрекетте бала визуалды ақпаратқа ерекше қызығушылық танытады. Яғни мұнда бала детальдардан көргендерді жақсы есте сақтайды, ұзақ уақыт сурет салады, көркемдік сабақтарға үлкен жауакершілікпен қарап, одан ләззат алады. Көркемдік дарындылық қашан көріне бастайды? Бұл өте күрделі сұрақ.

Ағылшын зерттеушісі Г.Ревеш [40]пайымдауынша балада алдымен музыкаға одан кейін математикаға қабілеті оянып, дамиды.

Қабілетті балаларды айқынау процесі өте күрделі. Әдеттегідей, бала таланты сирек кездеседі. Қабілетті, дарынды балаларды айқындау үшін үш кезеңді іс-шаралар комплекстен тұратын жұмыс түрлерін жүргізу керек.

Бірінші - анамнестикалық кезеңде ата-аналар мен педагогтардан алынған баланың белгілі бір әрекет бойынша жоғары жетістіктері туралы мәсіметтер ескеріледі. Мұнда топтың тестілеудің нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.

Біз өзіміздің зерттеу тақырыбымыз бойынша дарынды балаларды анықтау мақсатында практика барысында балаларда көркемдік қабілеттілікті анықтау үшін ата-аналармен түрлі сауалнамалар жүргіздік:



  1. Қай жаста Сіздің балаңыз алғаш рет қолына қалам, қарындаш алды?

  2. Баланың сурет салуға деген қызығушылығын байқаған кезде Сіздің әрекетінің қандай болды?

  3. Неше жасында Сіздің баланың анасы мен әкесін байнелей бастады?

  4. Өзіңіздің балаңызға қарындаш, фломастерден басқа тағы қандай көркемдік материалды ұсындыңыз ба?

  5. Сіздің балаңыздың сүйікті әрекеті: сурет салу, қағазды кесу т.б.

  6. Сіздің балаңыз өзінің сүйікті ісімен жиі шұғылданады ма?

  7. Сіздің балаңызға не ұнайды: дайын суреттерді бояу ма әлде өзі қалаған суретті салып бояғысы келеді ме?

  8. Балаңыз дайын суреттерді қайталап салғанды ұнатады ма?

  9. Балаңыз өзінің басынан өткізген сезімдерді салғысы келеді ме?

  10. Сурет салуға арнайы орын белгіленген бе?

  11. Үйіңізде баланың салған суреттерінен көрме ұйымдасытрасыз ба? Қай жерде?

  12. Балаңыздың жұмысы туралы өзіңіздің пікіріңізді айтасыз ба?

  13. Балада көркемік шығармашылыққа деген қызығушылықты қандай әдістермен қолдайсыз?

  14. Сіздің балаңыз сурет бойынша түрлі конкурс, көрмелерге қатысты ма? Қандай жетістіктерге ие болды?

Бұл сауалнамаларды жүргізгеннен кейін біз ата аналарға отбасының баланың шығармашылығын дамытудағы рөлін айтып кеттік. Ата налардың басты міндеті – баланың түрлі идеяларын назардан тыс қалдырмау.

Осы бірінші кезеңнен кейін, қорытынды жасалады. Ата-аналардан қай балада көркемдік қабілеттілік басым екені анықталады.

Екінші кезеңде түрлі психологиялық тест көмегімен баланы диагностикалайды. Сабақта америка психологы П.Торренс [39] тестын ұсынуға болады. бұл тест 6-18 жастағы балардың шығармашылық қабілетін анықтауға көмектеседі.

Италья зерттеушісі Дж.Рензуллидың [20] пайымдауынша «дарындылық – бұл үш сипат қосындысының нәтижесі: ақыл-қой қабілетінің, шығармашылықтың және беріктіліктің».

Дарынды балаларға тән жоғары дәрежедегі шығармашылық және интеллектуалдық қабілет.жалп дарынды балалардың үш категориясын бөліп қарауға болады. Олар:

- жоғары деңгейдегі ақыл-ой дамуы (мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар);

- арнайы ақыл-ой дарындылық қасиеті бар балалар - нақты білім саласындағы дарындылық ;

- оқуда белгілі бір себептермен жетістіктерге жетпеген, бірақ танымдық белсенділікке ие бала (жоғары сынып оқушысы)

Дарынды немесе қабілетті балаларды айқындау үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Солардың бірі ғылыми-зерттеу әдістері.

Объективтік шындыққа жетудің жолдарын ғылыми зерттеу әдістері деп атаймыз. Әрбір ғылым белгілі бір зерттеу әдістеріне сүйенеді. Сол зерттеу әдістері арқылы өзіне білім жинайды. Сондай-ақ, әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Ғылыми зерттеу әдістері жіктеледі: дәстүрлі – зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушы шығармашылығын зерттеу, озат тәжірибені зерттеу; тестілеу; педагогикалық эксперимент; социометриялық әдістер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет