Анықтау экспериментінің нәтижесі
N
|
Білімдік тәрбиелік көрсеткіш
|
Эксперменттік топ
|
Бақылау тобы
|
Оқушы са-
ны
|
1
ж/д
|
2
о/д
|
3
т/д
|
Оқушы са-
ны
|
1
ж/д
|
2
о/д
|
3
т/д
|
1
|
Оқу-тәрбие проценсінің мән-мазмұнын түсінуі
|
25
|
4
|
9
|
12
|
25
|
5
|
7
|
13
|
2
|
Шығармашылық жұмыстарға орындауға қабілеттілігі мен
қызығушылығының жоғары деңгейде болуы
|
25
|
4
|
9
|
12
|
25
|
5
|
10
|
10
|
3
|
Алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі
|
25
|
6
|
8
|
11
|
25
|
3
|
10
|
12
|
6
|
Жалпы
|
|
19%
|
35 %
|
46%
|
|
17 %
|
36 %
|
47 %
|
Зерттеу нәтижесінде дарынды оқушылармен дұрыс жұмыс жүргізілмейтіндігі анықталды.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс өз дәрежесінде орындалмайды;
оқушылардың шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларға деген қызығушылықтары нашар;
оқушылардың өз бетімен әңгіме құрап айта білуі, өз ойын жүйелі жеткізуі төмен;
жыл мезгілдері, туған жер туралы берілген түрлі мәтін, өлеңдердің мазмұнын салыстыру жағы нашар;
дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс мәселесі туралы арнайы зерттеу жұмыстары жоқ;
дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі жоқ.
Бұл анықтау экспериментінің нәтижесін 1 – суретте көрсетеміз:
Эксперименттің екінші кезеңінде дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды айқындау мақсатында оларды тиімді өткізудің жолдары қарастырылды. Түрлі сабақ жоспарлары құрылды. Бұл сабақтардың жыл мезгілдерінің ерекшелігі, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейтуге, ұлттық сана-сезім мен идеологияны қалыптастыруға, халықтың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарай білуге тәрбиелеуге ықпалы ерекше. Сондай-ақ, дарынды балалармен түрлі сабақтар, топсаяхаттар мен ойындар өткізілді.
Сабақ жоспары: Дүниетану сабағы.
2 сынып.
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: оқушыларға көктем туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1) жыл мезгілі - көктем туралы білімдерін кеңейту;
2) оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту;
3) табиғатты аялауға, тазалыққа, шапшандыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: көктем суреті, кесте
Оқытудың әдістері: шығармашылық, сөзік, көрнекілік, практикалық.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аударып, терезеге қарауды ұсыну керек.
- Балалар қараңдаршы, далада қандай жыл мезгілі тұр. Көктем несімен ерекшеленеді? – деген сұрақтар арқылы балалардың зейінін сабаққа аудару.
1. Әңгімелесу
Көктем, жаз, қыс, күздің ерекшелігін әңгімелесу арқылы талдайды.
Әрбір жыл мезгілінің позитивті және негативты жақтарын анықтайды. Адамның көктемгі, қысқы, жазғы және күз мезгіліндегі іс-әрекетін, еңбегін анықтайды.
Өлең айту. Күз байлығын – гүлдерді, алма-ағаштарды сипаттап , балларға күз туралы өлең айтып беруді ұсынады.
3. Күй, ән тыңдау.
Балаларға көктем мезгілі туралы күй, ән тыңдатылады.
Сурет салу.
Мұғалім оқушыларға көктемге тән түсті көрсетуді ұсынады.
4. Шығармашылық жұмыс. Қалада көктем. Ән мен күді тыңдай отырып балалар өз суреттерін салады.
Салынған суреттерді тақтаға іліп қойып авторларға сөз беру.
Сабақ жоспары: еңбекке балу сабағы
2 сынып.
Тақырыбы: табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Мақсаты: табиғи материалдардан бұйымдар жасауды үйрету
Міндеттері: 1) табиғи материалдардан бұйымдар туралы білім беру
2) оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту;
3) табиғатты аялауға, тазалыққа, шапшандыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұсақ тастар, теңіз ұлылары, желім, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, қайшы т.б.
Оқытудың әдістері: шығармашылық, сөзік, көрнекілік, практикалық.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгіндеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Әңгімелесу.
Топсаяхаттан алған әсерлерін әңгімелеу.
Картина жасау.
Ұсақ тастар, теңіз ұлылары, түрлі-түсті қағаздардан жеке және топпен бірлесір картина жасауды ұсыну. Алдын-ала картина эскизін талдап алу. Картинаға ат қою.
Мектепте немесе сыныпта көрме ұйымдастыру.
Мұндай әдіс келешекте оқу әрекетінде оқушылардың шығармашылық мотивациясын көтереді.
Кез-келген сабақтың кезеңінде шығармашылық тапсырмалар беруге болады. Мәселен, «Неге ұқсайды?» ойыны.
Баланың жеке тұлғасының дамуында қиял үлкен роль атқарады. Қиял процесін дамытуға бағытталған іс-әрекеттерді көбейту қажет. Бұл іс-шаралар ойын түрінде өтіледі. Ойынға 30 оқушыға дейін қатыса алады. Мұғалім жүргізуші ролін өз мойнына алады. 2-3 баланы топтан оқшаулайды. Қалғандары бір сөзді (немесе затты) айтады. Содан кейін оқшауланған балаларды шақырады. Оларға неге ұқсайды деген сұрақ қойып, жасырылған затты немес сөзді табу ұсынылады. Балалар табуға тырысады.
Эксперименттің үшінші кезеңінде жасалған жұмыстың тиімділігін анықтау үшін сауалнамалар тест жүргізіліп, сұрақ-жауап, әңгімелесулерн жүргіздік. Тексерулер қорытындысы дарынды балалардың қабілеттері одан әрі дамығанын, олардың шығармашылық қабілеттері анағұрлым кеңейгені, пән сабақтары туралы білімдерінің, түсініктерінің әлде қайда дамығандығын байқатты. Бақылау экспериментінің көрсеткішін кестеден көрсетеміз.
2-кесте. Бақылау экспериментінің нәтижесі
N
|
Білімдік тәрбиелік көрсеткіш
|
Эксперменттік топ
|
Бақылау тобы
|
Оқушы са-
ны
|
1
ж/д
|
2
о/д
|
3
т/д
|
Оқушы са-
ны
|
1
ж/д
|
2
о/д
|
3
т/д
|
1
|
Оқу-тәрбие проценсінің мән-мазмұнын түсінуі
|
25
|
9
|
14
|
2
|
25
|
6
|
9
|
10
|
2
|
Шығармашылық жұмыстарға орындауға қабілеттілігі мен
қызығушылығының жоғары деңгейде болуы
|
25
|
7
|
15
|
3
|
25
|
6
|
9
|
10
|
3
|
Алған білімдері мен іскерліктерін қажетіне қарай тәжірибеде пайдалана білуі
|
25
|
7
|
16
|
2
|
25
|
5
|
12
|
8
|
6
|
Жалпы
|
|
31%
|
60%
|
9%
|
|
23 %
|
40%
|
37%
|
Бұл бақылау экспериментінің нәтижесін 2 – суретте көрсетеміз:
Егер тәжірибелік экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары білім деңгейін тек 19 % оқушы көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін аталмыш деңгей көрсеткіші 31%-ға дейін көтерілді. Орта білім деңгейіндегі оқушылар 35% дан 60%-ға дейін жоғарлады. Ал төменгі білім деңгейі 46% -дан 9-%ға дейін төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер байқалмады.
Дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің ішінен шығармашылық тапсырмалардың алатын орын ерекше.
Сонымен педагогикалық эксперимент зерттеу жұмысының болжамының дұрыс екенін дәлелдеді, яғни, егер дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар өз деңгейінде түсіндіріліп, талданса, онда оқушылардің білімі одан әрі жоғарлайды, шығармашылық қабілеті дамиды деген пікірдің дұрыстығын оқушылардан алынған бақылаулар нәтижесінен көрдік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогресстің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Ата заңында жеке тұлғаның білімге деген сұранысын (қайтару үшін) қанағаттандыру үшін өз ұрпақтарына кепілдік береді,- деп көрсетілген. Ата заңда көрсетілген бұл міндетті жүзеге асыру үшін білім беруді тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастыру қажет деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, - деп атап көрсетілген.
Жас жеткіншектерді заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, олардың дарындылығын ескеру маңыздылығы күннен күнге арта түсуде. Бұл мәселеге байланысты жүргізіліп жатқан ғылыми-тәжірибелік жұмыстар өз жалғасын табуда.
Қазіргі уақытта жеке адамның жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектің келешегін оның отбасының материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік-күші айқындауы керек. Баланың бойына өзіне деген сенімділік, жауапкершілік сезімдерін үйде ата-ана, мектепте ұстаз сіңіреді.
Еркіндік дегенді өзгелерге зиян келтірместен нақты шешім қабылдай білу, өз мәселелерін өздері шеше білу, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдау, кез келген қиыншылықтарды шеше білу, өз талап-тілегіне қол жеткізу деп ұғыну керек. Сондықтан бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Жаңашыл педагогтар Ш.Амонашвили мен В.Ильин ізгілендіру мен жариялық технологиясын қалыптастырды. Ал жапондықтардың балаларға дауыс көтермей, болашағына сенім білдіру, олқы істеріне кешіріммен қарап, еркіндік беруді ізгілендірудің үлгісі екендігін білеміз, осының нәтижесінде техниканың озық үлгілерімен бүкіл әлемге әйгілі мемлекет болып отырғаны мәлім.
Дарынды бала - бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл ерікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық. Сонымен бірге бұл нәзік, қоршағандар түсінбейтін, қатыгездік пен қызғанышқа душар болатын «Ақ қарғалар» және бұл осының себебінен немесе биік, еркін жандармен жұмыс жасай алатын жетекшілердің кінәсінен жоғалатын жандар. Жалпы адами мәдениетте дарындылық жеке құндылық ретінде, адам табиғатында өзгеше, таптырмайтын құбылыс болып қарастырылады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
1. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер жан-жақты талданды.
2. Дарынды балалрмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді.
3. Дарынды балалрмен жұмыс жүргізуді мектептен бастаудың маңызы зор.
6. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды.
7 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді.
Зерттеу нәтижесі біздің ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Алматы: 1994.-Б.7
Ел президентінің Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауы. Алматы, 2004 ж. 19 наурыз.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2004
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» бағдарламасы. Алматы, 1996 ж.
5. «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы». Алматы, 2006.
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы: Юрист, 2007.
7. Платон шығармалары. «Мемлекет», Алматы, 1968, 256 б.
8. Аристотель Соч. В 4 т. М., 1975. Т.1. с.156.
9. Фрэнсис Гальтон. Избранные сочинения. М., 1984 г. С.120
10. Э.Мейман. Сочинения. М., 1989. С.156
11. В.Штерн. О человеческой жизни. М., 1978. С.56
12.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы, 2006, 246 б.
13. А.М.Матюшкин, Сиск Д.А. Одаренные и талантливые дети. Вопросы психологии. 1988. №4. с. 88-9
14. Хрестоматия по возрастной психологий. Под. Ред. Д.И. Фельдштейн. М., 1994. 256 с.
15.А.Т.Ковалев. Общая психология. М., 1989. с.125
16.В.Т.Крутецкий Психология математических способностей школьников. – М., Знание, 1968. – 432с.
17. Д.Н.Леонтьев Проблемы развития психологии. –М.,1972.С.58, 108, 304.
18. С.Л.Рубинштейн Бытие и сознание.- М.,1957.
19. В.Д.Шадриков. Общая психология. М., 1996. М., 458
20. Дж.Рензулли. Психология развития. М., 1989. С.45
21. М.Карне. Развитие и воспитание. М., 1986. с.78
22. А.Шведел. Избранные сочинения. М., 1989. с.126
Достарыңызбен бөлісу: |